Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 3310 |
|
|
|
Хабарлы сөйлем
Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға өз бетімен жұмыс жасату арқылы «Хабарлы сөйлем» туралы теориялық ұғым қалыптастыру.
Оқушылардың әр түрлі жұмыс түрімен шұғылдану арқылы сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Оқушылардың ойын жүйелі жеткізуге,орнықты сөйлеуге,сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс–тәсілдері:көрнекілік,талдау,ой-қозғау,сұрақ–жауап, дәлелдеу,жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі:сөзжұмбақ, тірек-сызба,карточкалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Психологиялық даярлық
Қазақ тілім өз-тілім, ана тілім
Абай, мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл–қызың мәңгі сені
Балалығым,бақытым,қазақ тілім-дей келе ақын жазушыларымыздың тілі-қазақ тілін бастаймыз.Сабаққа дайын болсаңдар, ойымызды жинақтайық.
3 қатарға тапсырма: 1.Бағдарлау – мотивациялық кезең.
«Ой қозғау» әдісі
«Сөйлем» сөзіне дыбыстық талдау.
С-дауыссыз,қатаң
Ө-дауысты,жіңішке
Й-дауыссыз,үнді
Л-дауыссыз,үнді
Е-дауысты,жіңішке
М-дауыссыз,үнді.
2.Операциялық-орындаушылық кезең.
Сөйлем дегеніміз не?
Сөзбен сөзден тұрамын
Белгілі ойды құрамы
(сөйлем)
Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығару.
1.Теледидардан берілетін бағдарлама (хабар)
2.Ұлттық ойын (асық)
3.Жақсы баға (бес)
4.Қыс айы (ақпан)
5.Анаң сенің базардан алма сатып әкелді,не деп барып жеу керек?(рахмет)
6.Құстың төресі (лашын)
7.Көңілді білдіру (ықылас)
Балалар,міне сөзжұмбақты шешу арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын таптық.
3.Тірек–сызба бойынша жұмыс
-Сонымен,балалар сөйлем түрлері неше түрге бөлінеді?
-3 түрге бөлінеді.
-Бірінші түрі-хабарлы сөйлем.
Олай болса,хабарлы сөйлемге мысал келтірейік.
Сергіту минуты
«Мен қандаймын?» ойыны
Әсет-әдемі,әсем.
Камшат-көңілді,көрікті.
Азамат-ақылды,ажарлы.
Біздің класс ақылына көркі сай екен.
4.Ой тұжырымдамасы.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы балалар қандай екен?
а) оқулықтағы мәтінді оқу
ә) мәтін дегеніміз не?
б) мәтін неше сөйлемнен құралады?
в) өзің үйде не істейсің?
Дәптермен жұмыс.
Тапсырма-1.
182-жаттығу.Мәтінге тиісті тыныс белгісін қойып, көшіру.Мәтінге ат қою.
Тапсырма-2.
184-жаттығу.Заттың атын білдіретін сөздерге қимылды білдіретін сөздерді қосып, хабарлы сөйлем құрастырып жаз.
Құс, бота, жаңбыр, сабақ.
5.Рефлексиялық-бағалау кезең.
Зерделі сұрақ,дәлелді жауап.
Мысал Ереже
Құс
Бота
Жаңбыр Сөйлем
Б-қатаң
1-буын
Анықтамаға сай ма?
6.Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы.
Р/с Тапсырмалар. Жұмыстың түрі. Мұғалімнің беретін ұпайы Оқушылардың жинаған ұпайы Бағалау жүйесі
1 Сұраққа жауап 10
2 Дыбыстық талдау 5
3 Қосымша тапсырмалар 10
4 Сөзжұмбақ шешу 10
5 Ойынға қатысу 5
5-10 ұпай- «3»
15-20 ұпай -«4»
20-25 ұпай -«5»
7.Үйге тапсырма:
1.Берілген сөздерден хабарлы сөйлем құрау.183-жаттығу.
2.Ереже арқылы мысал келтіріп жаттығу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |