Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы


Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы

Қазақ тілінің негізгі емле ережелері/ Орфография
Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы

а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, э әріптері жалаң дауыстылардың,ал ё (йо), и, у, ю, я, әріптері йо, ый, ій, ұу, үу, йұу, йүу, йа деген қосынды дауыстыларды да (мысалы: заём, қи, ки, қиын, жиі, су, шумақ, күлу, келу, аю, кею, ядро, саясат), кірме сөздерде жалаң дауыстылардың да таңбасы ретінде (мысалы: слёт, кино, бюджет, отряд) жұмсалады.

а, е, ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады. Мысалы: ал, қала, шағала, ер, ересек, ыс, бақытты, айыр, қатысты, қорыту, құмырсқа, жапырақ, іс, білімді, көкірек,үкімет, әсіресе, мәжіліс.
Ескерту: а) Сөз басындағы ж,ш дыбыстары мен й дыбысының ортасында келген а дыбысы көбінесе жіңішке ә болып айтылады,бірақ а әрпі жазылады. Мысалы:барлық мағынадағы жай сөзі және оның туынды тұлғалары (жай сөйлем, жайыңа жүр, жай түсті, дастархан жайды, жайғызу, жайбарақат, жайдан-жай, жай-жапсар, жай-күй, жайлы орын, жайсыз тию, жайлап айту), шай(шай іш,шайға кел), шайы(шайы орамал);
  ә) Сөздің алғашқы буынындағы не алдыңғы буындарындағы жіңішке дауыстылардың  әуенімен келесі буында жіңішке айтылатын(естілетін)ә дыбысының орнына а әрпі жазылады: ләззат(айтылуы-ләзәт), рәсуа(айтылуы-рәсуә),Жәмила(айтылуы-Жәмилә),Фәрида(айтылуы-Фәридә),  тәкаппар(айтылуы-тәкәппар).
       ә, о, ө, ұ, ү әріптері жалаң сөздердің екінші буындарында жазылады.  Мысалы; ән, әнші, сән, дәлел, дәрігер, орын, жолаушы, өлең, көлем, көбелек, төртеу, ұлы, құлын, үндеу, үтік.  
  Бұл әріптер біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарларының басқы буындарында да жазылады. Мысалы: Есенәлі, дәрі-дәрмек, тәлім-тәрбие; Қызылорда, Талдықорған, жөн-жосық, өте-мөте, басқұр, қаламұш, жазғытұрым, кешқұрым, тарс-тұрс, бүрсігүні, еңбеккүн, сайгүлік. 
Ескерту: ә,ұ,ү әріптері  мына сияқты сөздердің, мысалы, мәжбүр, әңгүдік, дүлдүл сірә, кінә, күнә, күмән, шүбә, зәмзәм, мүсәпір, дүдәмал, Күләш, Күләнда, Мүтән, Күләй; мағлұм, бұлбұл, мақұл, байғұс, екінші буындарында жазылады.
                               и әрпі мынадай орындарда жазылады: 
а) орыс тілінен енген түбір сөзде де, туынды сөзде де жіңішке естілетін жалаң и дыбысының және қазақ тілінде қосарлы ый, ій дыбыстарының таңбасы ретіне и әрпі қолданылады Мысалы: иіс, иін, ине, имек, илеу, тиын, тиін, қиын, киін, сирек, сирақ, ти, тиімді, тиіс, жиналыс, тарихи, саяси, яғни, ылғи, қағида, ақиқат, Иса, Иманбай, Қали,  Әли, Сағира, Қалима, Кәлима, кино, кредит, комиссия, идея, иероглиф. 
Ескерту:  Қосарлы  ый әріптері тек сый, тый сздерінде (оларға қосымша жалғанғанда да ) жазылады. Мысалы: сыйлық, сыйлау, сыйымды, сыю, сыяды, тыйым, тыйылу, тыю, тыяды.
б) йы, йі дыбыстар тіркесі мен ы,і дыбыстарына бітетін етістіктерге көсемшенің –и жұрнағы жалғанғанда соңғы ый,ій әріптерінің орнына бір ғана и әрпі жазылады. Мысалы: байы+й+ды – байиды (байыйды, байыды емес), ірі+й+ді – іриді (ірійді емес), оқы+й+ды – оқиды (оқыйды емес), суы+й+ды – суиды (суыйды емес), шірі+й+ді – шіриді (шірійді емес), құры+й+ды – құриды (құрыйды емес).  
в) и дыбысына бітетін етістіктерге жалғанатын тұйық райдың –у жұрнағы –ю түрінде, көсемшенің –а жұрнағы – я түрінде жазылады. Мысалы: и- ию (иу емес), ки-кию (киу емес) қи- қию (қиу емес), жи – жию (жиу емес); қи – қияды (қиады емес), жи- жияды (жиады емес).
                                        у әрпі  мынадай орындарда жазылады:
а) орыс тілінен енген түбір сөздерде бірде жуан, бірде жіңішке естілетін дауысты у дыбысының, сондай-ақ ұу, үу дыбыс тіркесінің және дауысты дыбыстан бұрын және кейін келетін үнді у дауыссыз дыбысының таңбасы ретінде қолданылады. Мысалы: су, гуіл, у, руль, университет, жуа, қуат, уыз, қалаулы, селеу, тіреу, түйреуіш, уақыт, уәде, дәулет, шу-шуледі, гу-гуледі, тулады. 
ә) ы,і дыбыстарына бітетін етістіктерге тұйық райдың –у жұрнағы жалғанғанда ы,і әріптері түсіріліп жазылады. Мысалы: оқы- оқу, тоқы-тоқу, жібі-жібу, ірі-іру, суы-суу;
б) у дыбысына бітетін етістіктерге тұйық райдың –у жұрнағы жалғанғанда, оның түбірі өзгертілмей жазылады. Мысалы: сау-сауу, бу-буу, ту-туу, қу-қуу, ау-ауу, жу-жуу. 
      э,е (йо) әріптері орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге тілдерден енген сөздерде ғана жазылады. Мысалы: экономика, этика, дуэт, эволюция, этнография, экспорт, электр, пулемет, Петр.
Ескерту. Жазу тәжірибесінде  е (йо) таңбасының орнына көбінесе е әрпі қолданылады, бірақ сөзді е (йо) дыбысымен айту қажет: заем(айтылуы - зайом),Петр (айтылуы - Пиотр), пулемет(айтылуы – пулемьйот)
                               ю әрпі мынадай орындарда жазылады:
а) сөз құрамындағы дауысты дыбыстан кейін қосынды й+ұ+у, й+ү+у дыбыстарының орнына қолданылады. Мысалы: аю, ою, үюлі, кею, көркею; 
ә) орыс тілінен енген сөздерде сөз басында және дауыссыз дыбыстан кейін де жазылады. Мысалы: бюджет, полюс, люкс, адьютант.
Ескерту. Айуан, айуанат, хайуан, хайуанат, кейуана, миуа, диуана, қиуа, қиуаз деген сөздер осында таңбаланғандай жазылады. 
                               я әрпі мынадай сөздерде жазылады: 
а) сөз басында және дауысты дыбыстардан кейін қосынды й+а дыбыстарының орнына қолданылады. Мысалы: яки, яғни, қоян, таяқ, ая, мая, сая, мия, қияқ, тұяқ, саяқ;
ә) орыс тілінен енген кейбір сөздерде дауыссыз дыбыстардан кейін де жазылады. Мысалы: отряд, снаряд, аккумулятор.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақ тілінің фонетикасы
Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі
Фонетикалық талдау
Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы
ТҮБІР СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ
БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР
Қосымшалардың жазылуы
Зат есімдерге қосымшалардың жалғануы
Бас әріптің қолданылуы
Сөздердің тасымалдануы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6128 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык