Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ой екпіні



Сабақтың тақырыбы Ой екпіні

Сабақтың мақсаты :
                                  а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру
                                  ә)  Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу
                                 б)   Сөйлеу  тілін сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі :                                аралас сабақ
Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар,суреттер
Халықтық педагогика                    Еріншек егіншіден
элементтерін қолдану :                   елгезек масақшы озыпты.
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,
Сабақтың барысы :  
                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :
   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                                    ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
   Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Орфоэпия дегеніміз не?                     2.Диалект сөздер дегеніміз не?
3.Екпін дегеніміз не?                         4.Сөз екпіні дегеніміз не?
5.Тіркес екпіні дегеніміз не?
                                   б)  Жаңа сабақты түсіндіру:
      Сөйлем ішінде ерекше көңіл аударуға тиісті болған бір сөзді оқшаулап,бөліп айту ой екпіні деп аталады.Ой екпіні тұрақты болмайды.Өйткені бір сөйлемдегі кез келген сөзге ерекше көңіл аударыла беруі мүмкін.
       Мысалы:  Атасы бүгін ауылға келді.
                         Атасы  ауылға  бүгін келді.
                         Ауылға  бүгін атасы келді.
   Осындағы бірінші сөйлем атасы ауылға келгенін,екінші сөйлемде атасы бүгін келгенін,үшінші сөйлемде ауылға басқа емес,атасы келгенін нақтылап хабарлау мақсаты көзделген.Сондықтан тыңдаушының назарын ой екпіні түскен сөзге аудару үшін ол сөздің қалыпты орны басқа орынға (баяндауыштың алдына ) ауыстырып қолданылған. Назар аударылатын сөз сөйлемнің басында не соңында,көбінесе баяндауыштың алдында тұрады.

Жаттығумен жұмыс : 344-жаттығу. Ой екпінін түсіру мақсатында мына сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып көріңдер. Олар ертең ауылға бармақшы.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға  сұрақ қоямын.
1.Ой екпіні дегеніміз не?
2.Ой екпіні көбінесе қай сөйлем мүшесінің алдында тұрады?

Білімді бағалау :  Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма :  Мына сөйлемдердегі сөздердің орнын ауыстыруға келе ме,жоқ па, байқаңдар. Себебін айтып көріңдер. Компьютер сабағы ұзақ жүріп жатыр.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Екпін
Диалект сөздер
Мәтінмен жұмыс
Синонимнің жасалу жолдары
Кірме сөздер
Кәсіби сөздер
Екпін. Сөз екпіні
Тіркес екпіні
Лепті сөйлем
Сұраулы сөйлем
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 16029 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык