|
|
Сабақтың тақырыбы Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты :
а) Сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
ә) Ана тілін қадірлеуге,білмділікке,сауттылыққа тәрбиелеу ;
б) Фонетика,лексика тараулары бойынша алған білімдеріне сүйене отырып сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру,дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі : Қайталау сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.
1.Кірме сөздер дегеніміз не ? 2.Диалект сөздер дегеніміз не?
3.Кәсібисөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
4.Термин сөздер дегеніміз не ? 5.Эвфемизм дегеніміз не?
6.Табу дегеніміз не? 7.Қандай тұрақтытіркестерді білесіңдер?
8.Көнерген сөздер дегеніміз не ? 9.Көнеоген сөздер нешеге бөлінеді?
10.Жаңа сөздер дегеніміз не ? 11.Историзмге қандай сөздер жатады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Лексика - белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.Сөздер заттар мен құбылстардың атын білдіреді.
Сөздердің мағынасы бірде өзгеріп,бірде жоғалып бірде жаңарып отырады.
Қазақ тілінде малай сөз «біреудің иелігінде жалданып жүрген қызметші,жалшы» дегенді білдірсе,башқұрт пен татар тілдерінде малай сөзі « бала » деген мағынада қолданылады.
Бала – шаға деген қос сөздің құрамындағы «шаға» сөзі қазақ тілінде жеке қолданылмағанымен,түрік,әзербайжан,түркімен тілдерінде «бала» деген мағынада жұмсалады.
Қыз қырқын сөзінің құрамындағы қазір жеке қолданылмайтын қырқын сөзі көне түркі тайпалары тілінде күң қыз яғни күңнен туған қыз мағынасында қолданылған.Кейін ол өзінің дербестігінен айырылып,бұл мағынада қолданылмайтын болған.Қазір қыз сөзімен қосарланып,қыздар, қыз балалар мағынасын білдіреді..
Кітаппен жұмыс : 220 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар
Өлеңнен ұлттық тағам атауларын теріп жазыңдар,олар сөздік қордың қай саласына жататынын дәлелдеңдер.
Кесел сөзінің синонимдерін табыңдар.
Тамақ,той сөздерінің омонимдік мағыналарын ашатындай сөйлем құраңдар.
Бүкіл оқушылармен жұмыс : Мақалдарды бір бөлек,мәтелдерді бір бөлек теріп жазыңдар.
1.Біреу күн нұрына малынса,біреу ай сәулесіне зәру.Жақсы адамға жау жоқ,Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.Кәрі түлкі қақпанға түспес.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Оқушылардың білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 226 – жаттығу. Құрамындағы ауыспалы мағынадағы сөз бар мысалдарды теріп жазыңдар
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |