Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Дыбыс – сөздің тірегі» фонетикадан өткенді қайталау


«Дыбыс – сөздің тірегі» фонетикадан өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: «Дыбыс – сөздің тірегі» фонетикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:  
БІЛІМДІЛІК:
- Тіл дыбыстары, фонетика тарауы бойынша білімдерін бекіту, оқушылардың тіл дыбыстары туралы білімдерін тексеру, сын тұрғысынан ойланту арқылы пысықтау.
ТӘРБИЕЛІК:
- Орындаталатын тапсырмалар мен жаттығулар арқылы  жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, тіл құдіретін  сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып, оларды дұрыс  қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу. 
ДАМЫТУШЫЛЫҚ:
- Ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту; Сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу; Түрлі әдістерді  пайдалана отырып оқушылардың  тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыландыру;
Сабақтың  типі:  білімді пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі:  түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тірек сызба, карточкалар, интер белсенді тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру  кезеңі: А)амандасу
Ә)түгендеу
Б)оқу-құралдарын тексеру.
Психологиялық тренинг. Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ екенін өздеріңізде байқап отырған шығарсыздар. Сондықтан келген қонақтарымыздың көңілі көтеріңкі қайтсын десек, барымызды салып, қысылмай белсенді түрде сабаққа қатысып өзімізді тек жақсы жағымдан көрсете білейік келістік пе?
ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру:
Сөздерге талдау жасау, бірнеше сөзді талдату (ауызша)
1. Қызығушылығын ояту. «Сөзжұмбақ»
Оа     о р ф о г р а ф и я
о м О н и м
с и н о Н и м
д и а л Е к т
ә р і п Т е р
И н а
е з у л і К
д а у ы с т ы
 
1. Сөздердің дұрыс жазылу ережесі қалай аталады?
2. Біркелкі айтылады, жазылады бірақ мағыналары басқа –басқа сөздер
3. мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тбын не дейміз?
4.Белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындарының сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер
5. Сөйлеу тіліміздегі дыбыс таңбасы қалай аталады?
6. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалардың бірі
7. ә, і, ы дыбыстары ерін мен езудің қатысына қарай қандай дыбыстар.
8. Өкпеден шыққан ауа кедергісіз емін-еркін шығып, тек үннен ғана тұратын дыбыс, қандай дыбыс?
ІІ. Мағынаны тану
2. Әр топқа бірнеше қиылған сөздер беремін сол сөздер арқылы өздерінің білгендерін айтады. 
1. Әліпби
2. Буындар
3. Дыбыстар
3. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс карточкалар таратымын.  
   «К» әрпінен басталатын    сөздер.
1. Қыздың аты. 
2 Батырдың аты. 
3.Құс аты. 
4. Жыл мезгілі. 
5. Пайдалы кен. 
 «Б» әрпінен басталатын сөздер.
 1. Ақынның фамилясы. 
 2.Қаланың аты. 
 3.Қимыл, іс-әрекет. 
 4.Оқу құралы. 
5. Дыбыстан не құралады? 
   «М» әрпінен басталатын сөздер.
1. Адам аты. 
2.Оқу орны. 
3.Бас киім. 
4.Сан аты. 
 5.Іс тігетін құрал. 
  « Қ» әрпінен басталатын сөздер.
1. Ұлдың аты.
2. Қаланың аты.
3.Құс аты. 
4.Төрт түлік аты. 
5.Оқу құралы. 
4. Фонетикалық талдау. 
1. Добым  - сатылай талдау
2. Жүрегім  - жай талдау
3. Егінші  - математикалық талдау
Үлгерімі төмен оқушылардан үлестірмелі карточканың жауабын сұрау. 
Сергіту сәті. "Мектептегі сыныптан тыс шараға жиналу сәті" жаттығуы: 
Жүргізуші: Әрқайсымыз өз үйімізде мектептегі сыныптан тыс шараға жиналудамыз деп елестетейік. Сонымен, өзімді ыңғайлы әрі ғажап етіп көрсететіндей не кисем екен? Қолыңды созып, шкафтың есігін ашып, ішінде жатқан киімдерді бір қарап шық. Бір көзіңе түскен киімді ал...Айнаға қарап көр. Келе ме? Өте жақсы! Әзірге алып қоя тұр. Сәйкес бас киімді таңдап алсақ жаман болмас еді. Жоғары сөрелерде не жатыр? Мәссаған, керек болса, кигің келген бас киімді таба алмай тұрсың! Мүмкін, ол өткен жолы сен шкафтың үстіне лақтыра  салған шығарсың? Қолдарыңды жоғары көтеріп, шкафтың үстін қарап шығамыз...ал енді екінші қолымызбен... Қалпақ ол жерде жоқ екен. Ол шкафтың артына түсіп кеткен шығар! Оны алу үшін шкафты орнынан сәл де болса жылжыту керек. Қане келіңдер, не де болса, бұл ауыр шкафты орнынан қозғалтып көрейік. Тағы да бар күшімізді салайық-ура!-қалпақ табылды. Оның шаңын қағамыз. Щеткамен тазалаймыз. Міне енді біз ыңғайлы әрі әдемі киімімізді кидік, басымызда -ғажайып қалпақ.  мектептегі сыныптан тыс шараға бара берсек болады!
 
5.Семантикалық карта. Тасымал
Сөздер ов қой хана мен қор
бала
Жем
Сән
Ем
Әуез
 
Сөздер тал пен хана еке гер
қонақ
өсім
аға
дәрі
бал
6.Орфография және орфоэпия дегеніміз не? Ықпалды көрсет.
Жан бағу  -                                     Сөссіз –                           Ала ғап – 
Қақ бөлу –                                      Жассын – 
Көп пала –                                      Жанпейіс – 
Ой толғаныс. Қорытындылау. 
«Диалог – ертегі» құру. Ертегіні мұғалім өзі бастайды. 
Бұл күндері Сөз ақсақалдың өзінен тараған бір ұл және бір қызынан 9 немере, 42 шөбересі бар. Қызы о бастан әнші еді. Ол ән салғанда әлем түрленіп кететін және ол өз балаларын да мейірімді қылып тәрбиеледі. Сондықтан болса керек олар бұл күндері бірінің бірінсіз күні жоқ, (оқушылар әңгімені әрі қарай жалғастырып,не жөнінде екенін айтып кетеді).
Үйге тапсырма. «Мен ХХІ ғасыр перзентімін» тақырыбына шығарма жазу.
Бағалау. Смайликтерді таңдау арқылы өзін-өзі бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ашық және қысаң дауысты дыбыстар
Тіл дыбыстары
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
Фонетикадан өткенді қайталау
Дауысты дыбыстарды қайталау жаттығулары
Фонетика
Тіл дыбыстары
Дауысты дыбыстар
Фонетикадан өткенді қайталау
Фонетикадан өткенді қайталау
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2581 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык