Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 4808 |
|
|
|
Еріншек ашық сабақ
Сабақ тақырыбы : Еріншек
Сабақ мақсаты : 1) Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығымен таныстыру.
Еріншек сөзінің мағынасын ашу Адам бойындағы жағымды,
жағымсыз қасиеттерді ажырата білуге үйрету.
2) Оқушылардың дүниетанымын , мәнерлеп оқудағдыларын дамыту,шығармадағы көркем сөздердің , тіркестерінің мағынасын меңгерте отырып , сөздік қорын дамыту.
3)Жаман әдеттерден , жат қылықтардан аулақ бола білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі : Жаңа білімді меңгеру.
Сабақ түрі : Дамытпалы сабақ
Сабақ әдісі :Топпен жұмыс ,сұрақ – жауап ,ой қозғау,топтастыру,талдау жинақтау.
Көрнекілік : Слайдта М.Қ.Шәкәрімнің шығармашылық,еңбектерді ,суреті,сұрақтар.
І Ұйымдастыру :
1 )Психологиялық сәт : Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,сәлембердік сіздерге,
әдеппенен біз.
2 )Оқушыларды топқа бөліп отырғызу .Әр топтың топбасшыларын таныстыру,жақсы тілектер айтқызу.
ІІ Өлең сөздің патшасы сөз сарасы , қиыннан қиыстырар ер данасы, - деп Абай
атамыз айтқандай бірінші сабағымызды өлең тыңдаудан бастаймыз.
Шәкәрім : Адамдық борышың,
Халқына еңбек қыл
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл ,
Талаптан да, білім мен өнер үйрен,
Білімсіз,
Өнерсіз,
Болады ақыл тұл.
- Өлең не туралы (адамдық борыш)
- Бұл кімнің өлеңі?
- Олай болса біз бүгінгі сабағымызда Ш. Құдайбердіұлы «Еріншек» өлеңінен танысамыз
ІІІ Жаңа сабақ
1) Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы туралы мағұлмат .(1-слайд)
Шәкәрім (1858 - 1931) шығыс Қазақстан обылысының Абай ауданы. Ұлы Абайдың
немере інісі. Әкесінен 7жасында жетім қалған. Атасы Құнанбай тәрбиесіне алады.
Абайдың-ақыл кенесімен өлең жаза бастады.
2 ) Ой қозғау «Еріншек» сөзін қалай түсінесіндер. Еріншек – жалқау , тілазар , салақ , надан , жігерсіз , ұйқышыл.
І топ – тілазар сөзінің мағынасын түсіндір
ІІ топ – салақ сөзінің мағынасын түсіндір
ІІІ топ – жігерсіз сөзінің мағынасын түсіндір
Ұлы ақын
Абайдын немере інісі
Шәкәрім
Шығыс .
Қазақстан
Тарихшы
Аудармашы
3. Оқулықпен жұмыс
а) мұғалімнің мәнерлі оқуы.
ә) мәнерлеп оқыту
б) Сөздік жұмысы
-Ақын адам бойындағы адамдық қасиеетер қалай жоғалады ?
І топ.Ақынның айтуынша адам бойындағы адамдық қасиетті қалай жоғалады ?
ІІ топ. Өлендегі қорытынды ой қай шумақта айтылған ? Тауып оқы мәнін түсіндір.
ІІІ топ. Осыөленде кездескен «Еріншектік» қасиетті Абай атамыз қалай түсіндірді?
Жалқау
Ұйқышыл
Еріншек
Жігерсіз
Тілазар
Салақтық
Надан
- Міне балалар , адам бойындағы жаман қасиеттердің бірі – еріншектік деп жалқаулақ,надандық,тілазарлық,салақтық,ұйқышылдық,жігерсіздік пайда болады екен.
«Мағынаны аш»
І топ – Тілазар
ІІ топ – Салақ
ІІІ топ - Жігерсіз
І топ.Тілазар – деп үлкеннің тілін алмайтын,жұмсағанға бармайтын баланы айтады. Бұл адам бойындағы жаман қасиет.
ІІ топ. Салақ – үсті басын , өзінің құралдарын , киімін күтіп ұстай алмайтын адамды айтады. Салақтық еріншектіктен пайда болады.
ІІІ топ. Жігерсіздік – ұятсыз, өтірікші дегенді білдіреді .Жігерсіздік те еріншектіктен пайда болады.
3.Оқулықпен жұмыс.
а) мұғалімнің мәнерлі оқуы.
ә) жеке оқушыларға мәнерлеп оқыту. ( Әр топтан төрт оқушыдан оқиды )
б) сөздік жұмысы .Ғибадат,харекет,кесел, (ауызша)
Ғибадат- үлгі өнеге
Харекет – әрекет
Кесел – дерт,сор.
- Тамаша балалар бәрінде жақсы оқыдыңдар.
- Ендеше сұрақтарға жауап берейік.
І топ. Ақынның айтуынша адам бойындағы адамдық қасиет қалай жоғалады ?
ІІ топ. Өлендегі қорытынды ой қай шумақта айтылған.Тауып оқы мәнін түсіндір.
ІІІ топ. Осы өленде кездескен еріншектік қасиетті Абай атамыз қалай түсіндірді ?
- Абай атамыз еріншектік бес дұшпанның бірі деп түсіндірген. Атамыз «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде.
5 нәрсеге асық бол,
5 нәрседен қашық бол .
Адам болам десеніз – деп түсіндірген.
Адамның 5 асыл ісі мен 5 дұшпанын таныстырған.
Абай атамыз бен Шәкәрім атамыздың өлеңдерінің арасындағы ұқсастық барма екен ?
(Екеуі де жас ұрпақты еңбексүйгіштікке , өнерге , білімге шақырған екен)
Сергіту сәті: Абайдың қара сөзінен . (мәнерлеп оқу)
Дәптермен жұмыс.
Жағымды қасиеттер Жағымсыз қылықтары
Сергектік Ұйқышылдық
Еңбексүйгіштік Еріншектік
Ұқыптылық Салақтық
Білімді Надандық
Тілалғыш Тілазарлық
Өзінің бойында осы қасиеттердің қайсысы бар деп ойлайсын ? (2-3 оқушы)
- Балалар , адам өз бойындағы жаман қылықтарды жоюға өзі күш жұмсап , өзін – өзі тәрбиелей білуі керек .
Сонда ғана , адам , саналы , үлгілі , тәрбиелі азамат бола алады.
5. «Мәнерлеп оқу минуты»
Мәнерлеп оқу әлемі,
Әсерлі де әдемі.
Әр адамның міндеті.
Жүрегі мен оқуы
– деп мәнерлеп оқу минутын өткізбекпіз. Әр топтан бірнеше оқушы шығып Шәкәрімнің өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтады. «Жаз» , «Адамдық борышы» , «Сен ғылымға» , «Бүгінгі жастраға», «Мен кетемін , келеді».
ІV Қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта кім туралы айтылды?
- Шәкәрім кім?
- Шәкәрімнің шығармаларымен таныстық?
- Ендеше , біз Еріншек шығармасы арқылы неге үйрендік? Ойымызға не
-
- түйдік ?ойымызды дәптер бетіне түсірейік.
Еріншек (эссе) (ой толғау)
(3 топтан 3 оқушыға оқытамын)
Мұғалім : Бүгінгі сабақтан біз еріншектік жаман қасиет екенін білдік, мұндай әдеттерден сақ , аулақ болайық.
4.Әрқашан,елгезек,тілалғыш,еңбексүйгіш болайық.
Ән : "Болайықшы осындай»
V Бағалау
(Әр топ өзінің ұпай санын есептеп топ басшылары топтағы оқушыларға баға береді .Әр топтын ұпай санына байланысты « Ақылдылар», «Білімділер», «Ынталылар» деген атақпен марапатталады)
VІ Үйге : Еріншек (мәнерлеп оқу )
Еріншекттікке байланысты мақал – мәтелдер жазу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |