Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кірме сөздер


Кірме сөздер

Кірме сөздер

Кірме сөздерге- басқа тілдерден әр түрлі себептермен, әр түрлі жолдармен енген сөздер жатады. Қазақ тілінде монғол, араб және иран, орыс тілінен енген сөздердің саны мол. Монғол тілінен көптеп сөз ену кезеңі XIII ғасырдан басталады деп есептеледі. Мысалы: абдыра, алтын, аймақ, аға, жиен, балта, бұрғы, бура, бұқа, т. б. Араб, иран тілдерінен сөз ену орта ғасырлар деп шамаланады. Қазақ тіліне араб-иран сөздері тәжік, өзбек тілдері арқылы мынадай жолдармен енді: 
1) шаруашылық, сауда қатынастары арқылы енген сездер: айна, таға, базар, таба, орамал, перде, таразы, мақта, т. б.;
2) мәдени және ғылыми қарым-қатынастар арқылы, әсіресе, Фердоуси, Науаи, Омар Хаям, Хафиз шығармаларымен бірге енді. Мәселен: мектеп, мереке, емтихан, ғылым, ғалым, пән, медресе, қағаз, қалам, мағлумат, т. б.; 3) дінмен байланысты енген сөздер: шариғат, ораза, намаз, аруақ, ақырет, т. б.
Орыс тілінен қазақ тіліне сөз енуі сонау XVIII ғасырдан басталады. Кірпіш, саман деген сөздерден бастап, тілімізге енген сөздердің саны бүл күнде өте мол. Создер  айтылуы мен жазылуы жағынан қазақ тілінің айтылу нормасына бағынып, орфографиялық және фонетикалық өзгеріске ұшырған. Мысалы: болыс - волость, жәшік - ящик, сот — суд, божы — вожжи, кереует - кровать, самауыр - самовар, ботелке - бутылка, көшір - кучер, шәйнек - чайник, барқыт - бархат, бәтеңке - ботинки. Ал, Қазан төңкерісінен кейін енген сездер мұндай өзгеріске ұшыраған жоқ. Мысалы: совхоз, колхоз, трактор, автомобиль, комбайн, клуб, институт, т. б.
1. Төмендегі сөйлемдерден орыс тілінен ауысқан сөздерді теріп жазыңдар. 
1. - Марш! - деп жігіттерге «кет» деді. Жігіттер күйіп кетті. Бірнешеуі бір барқыт диванды алуға қол қойды. Угар барып жиылыс басқармасының үстеліндегі жасыл сукноны жұлып кеп алды. Үй іші апыр-топыр. Айқай-ұйқай. Бұлардың жанжалын күтіп түрған клубтағы жүкшілердің барлығы да қаптап кетті (І. Ж.). 2. Ертісте паравоз жүргеннен кейін қала мен даланың бір күшті көлігі табылып, алыс пен алыс жуықтасып, қатынай бастады (І. Ж.). 3.Олбай - Ертіс өзенін өрлеп, құлдап жүретін үш пассажир пароходы, бірнеше баржалардың қожайыны (І. Ж.). 4. Бірі - арбакеш, бірі -жүкші, бірі – көшір, бірі - тағы бірдеме болып қала қыстайды, мүндайлар өздерін «зимовщик» дейді (І. Ж.).


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
КІРМЕ СӨЗДЕР
Кірме сөздер. Көнерген сөздер. Жаңа сөздер
Кірме сөздер
Омонимдер
Лексикология
Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы
Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы
ТҮБІР СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ
Кірме сөздер
Кірме сөздер
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 7252 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык