Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 8966 |
|
|
|
Мырза-Әли, Жеті өлеңі
Сабақтың тақырыбы: Қ. Мырза-Әли. «Жеті» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Қазақ балалар әдебиетінің атасы – Қадыр Мырза Әлидің кім екендігін түсіндіре отырып, оның өмірімен және шығармашылығымен таныстыру арқылы оқушылардың әдебиет пәніне деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың міндеттері:
1.білімділік
а) Қадыр Мырза Әлиге арналған диафильм арқылы ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстыру.
2. дамытушылық
а) Мәнерлеп оқу, талдау, сұрақ-жауап, іздендіру, «Ой шақыру», «Топтастыру» , Блум таксономиясы, «Еркін жауап стратегиясы», «insert стратегиясы» арқылы оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым – қатынастық біліктілігін дамытуға мүмкіндік тудыру;
ә) Сөздікпен жұмыс, сұрақ-жауап, аудару арқылы оқушыларды қазақша сөйлей білуге дағдыландыруға жағдай жасау.
3. тәрбиелік
а) Қаламгердің өмір жолын оқушыларға үлгі ету;
б) «Жеті» өлеңі арқылы ұлтжандылық сезім оятып, туған жерді, елді сүюге, салт-дәстүрді құрметтеуге ой салу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд-презентация, ақынның өімірі мен шығармашылығына арнлаған диафильм.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сөздікпен жұмыс, аудару сұрақ-жауап, іздендіру, түсіндіру, мәнерлеп оқу, талдау.
«Топтастыру» «Еркін жауапстратегиясы», «Ой салу», «Блум таксономиясы», «insert стратегиясы»
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- амандасу;
- кезекшінің жауабын тыңдау;
- оқушыларды түгендеу;
ІІ. Тілдік ортаға бейімдейтін сұрақтарға жауап алу:
- Балалар, қазір қай сабақ?
- Қазір қазақ әдебиеті сабағы.
- Қазақ әдебиеті сабағы сендерге нешінші сабақ?
- Қазақ әдебиеті сабағы ... сабақ.
- Қазақ әдебиеті сабағында біз не істейміз?
- Сабақта оқимыз, аударамыз, мазмұндаймыз... т.с.с.
- Ал енді үй тапсырмасына не берілді?
- ...
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІV. Жаңа сабақ:
а) Мұғалімнің кіріспе сөзі (түсіндіру арқылы):
Балалар, біз бүгінгі сабағымызда барлық баланың сүйікті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, журналист, редактор, сыншы – Қадыр Мырза Әли туралы сөйлеспекпіз.
«Бала тілі бола алмаса ана тіл,
ана тілі бола алмайды ешқашан» - деп жырлаған, қазақ тілінің қадірін, қасиетін айтудан шаршамаған, қазақтың қадірлі ұлы Қадыр атамыздың өмір жолы және шығармашылығымен танысып, қазақ әдебиетіне өзіндік жыр жолдарымен қолтаңбасын қалдырған ақынның «Жеті» өлеңіне тоқталамыз.
ә) Тақырыпқа ену (ақын өміріне арналған диафильм көрсету арқылы):
- өмір жолына тоқталу: Қазақ деп белі қайысқан, қаңтарда туған қыран Қадыр Мырза Әли 1935 жылы Орал облысы Жымпиты ауданында дүниеге келген. Мектеп бітірісімен Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университеттің филология факультетінде оқиды. Оқуын бітіріп, шығармашылықпен айналысқан ақын еңбек жолын «Балдырған» журналынан бастаған.
Қадыр Мырза Әли – балалар ақыны. Ол дүниенің барлық тынысын, жаратылыс әлеміндегі барлық құбылыстарды, құс біткеннің сайрағанын, жан – жануарлардың қарекеттерін бақылып, көкірегіне түйіп, көргендерін балаларға қаз қалпында жеткізу үшін күш – жігерін аямаған.
Қадыр Мырза Әли – халық даналығының білгірі. Оның «Күміс қоңырау», «Ой орманы», «Дала дидары», «Бұлбұл бағы», «Ақ отау», «Домбыра», «Көш», «Жер қыры», «Биік баспалдақтар» деп аталатын кітаптарының барлығы балаларға арналған.
Сондықтан да Қазақстанда ең оқырманы көп, балалардан достары көп ақын Қадыр Мырза Әли деп айта аламыз.Қазақстанға танымал ақын, халық жазушысы. Қадыр Мырза Әлидің өлеңдері мен халыққа тарған әндерін білмейтін адам кемде - кем. Қадыр атамыздың 1959 жылы алғашқы кітабы жарық көрді. Қазіргі таңда 30 шақты өлең жинақтары бар. Өлеңдері орыс, неміс, украин, литва, эстон, грузин, өзбек, тәжік, қырғыз, түрікмен, татар, башқұрт, қарақалпақ, ұйғыр тілдеріне аударылған.
Ақын Қадыр Мырза Әлі 2011 жылдың 22 қаңтарында 77 жасқа қараған шағында өмірден озды.
V. Оқулықпен жұмыс:
1. «Ой шақыру» бағыты.
- Балалар, «Жеті» санына байланысты сендерге қандай ой келеді?
- жеті күн, жеті ата, жеті нан, жеті жарғы, жеті қазына , Жетісу.........
- Дұрыс, балалар!
Ал, енді балалар, олай болса Қадыр атамыздың кітабымызда берілген осы қасиетті санға арналған «Жеті» өлеңімен танысалық.
2. Мәтінді игерту бағыты.
А) өзім мәнерлеп оқимын;
ә) оқушылар әр шумағын жеке-жеке оқиды;
б) әр шумағын оқушыларға оқыта отырып, өлеңнен не түсінгендерін айтқызу; (мәнерлеп оқу)
в) аудару, мағынасын түсіндіруде өзім де қосылып аударысу, түсініктерін толықтыру; (түсіндіру, талдау, аудару )
Ақын өзінің өлеңінде жеті санының неге қымбат екеніне тоқталады. Жеті саны қазақта киелі сан. Оған мынадай өлең сөздерінен де көруге болады. Жетіге келген бала күрт өседі, яғни есейеді. Сарапшылар еш уақытта жаңылмайды, егер жеті рет өлшеп, бір кессе. Аптамыз жеті күннен, қайтыс болған адамның жеті күн садақасын береді. Мұсылмандар балаларына жеті атасын жаттатады. Қазақстан жерінде Жетісу деген әсем жер бар. Аспанымызда жеті жұлдыз қордаланып орналасқан, Жеті қарақшы. Соңында жеті санының 3 түгілі, екіге бөлінбейтіні айтылады.
г) Шумақтардан таныс емес сөздерді, түсінбеген сөз тіркестерін тапқызу, түсінік беру. Мысалы:
ұзақ сан – көп сан - много чисел
лақпайды бетіменен – ретімен тұрады – стоять разом
қымбат – жанға жақын – близкий, дорогой
күрт өседі – тез өседі – быстро расти
санасы – ақыл, ой – ум, разум, интеллект
д) Сөздікті дәптерлеріне жазғызу;
3. Теориялық бағыт. (түсіндіру)
Аллитерация (лат. allittera-дыбыстас) – дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл. Мысалы:
Кеттің бе аялдамай асқақ жолға,
Кеттің бе мені санап әлсіз қорға.
Кеттіңбе Абайды ертіп, ата жау боп,
Кеттім де ал ендеше қалың сорта!
4.Шығармашылық бағыт.
VI. Дәптермен жұмыс
а) (Б.Блум таксономиясын қолдану):
ІІІ деңгей қарапайым білім мен түсінік деңгейінде игеруді білдіреді:
Білу Түсіну
Қай жылы туған? Жеті.....
Қайда туған? Жеті мәрте есептеп , бір рет кескен.
Кім?
ІІ деңгей тапсырмалары алған білімін қолдана білу және талдау деңгейінде игеруді білдіреді:
Қолдану Талдау
Аллитерация Өлеңнің тақырыбы...
Осы құбылысты түсіндіреді... Идеясы....
Өлеңнің ішінен аллитерацияны анықтау. Өлеңнен не білдіңіз...
б) (Еркін жауап стратегиясы)
1.Ізденушілер тобы.
Сұрақ. «Жеткен бала жетіге күрт өседі» - дегенді қалай түсінесіңдер?
Жауап. Жетіге жеткен бала тез өседі. Бала жеті жасқа келгенде ата-анасы оны мектепке оқуға апарады. «Тілашар» тойын өткізеді.
2.Шығармашылар тобы.
Сұрақ. Құрамында жеті саны бар қандай жер аттары бар?
Жауап. Алматы, Талдықорған өңірі Жетісу деп аталады. Жетісудың табиғаты көркем, жері өте бай, әрі құнарлы. Ол – « Жер жаннаты» деп аталған өлке. Жетісудың жеті өзені бар болғандықтан Жетісу деп аталған. Жетісудың жеті өзеңдер: Лепсі, Ақсу, Көксу, Сарқан, Қаратау, Іле, Шу. Жетісуда Алматы, Талдықорған, Текелі, Талғар қалалары орналасқан. Алакөл мен Іле арасындағы тау Жетісу Алатауы деп аталады. Жетісуда Қазақстанның екі үлкен қорығы бар. Олар: Алматы қорығы және Алакөл қорығы.
VIІ.Сергіту сәті.
Оқушылар өздерінің туған күндері, айлары, жылдарындағы әрбір санды алып бір ғана сан қалғанша қосады. Соңында қалған сан әр оқушының қасиетті саны болып саналады. Мысалы: 16.07.1998 1+6+0+7+1+9+9+8=41 4+1=5
VIIІ. Білімді бекіту (Топтастыру. Кластер құру)
«Қадыр Мырза Әли кім?» деген сұраққа жауап беру арқылы, кластер жасау (слайдқа жазу).
Мысалы: Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, журналист, редактор, сыншы т.б.
Сол сияқты «Жеті » санына байлансты ұғымдар атап, кластер құру (слайдқа жазу).
Мысалы: жеті ата, жеті нан, жеті қазына, жеті күн.......
ІХ. Қорытындылау (сұрақ-жауап, insert стратегиясы арқылы):
түсіндім................
көрдім .................
естідім..................
жаздым................
сезіндім...............
а) бағалау: сабақтың әр бағыты жазылған бағалау парағы арқылы сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, тиісті бағаларын қою. Қателесіп, не болмаса тапсырмаларды орындауда қиналған оқушыларды да ынталандыру.
ә) үй тапсырмасы:
1. Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығын оқып, мазмұндау. 2. «Жеті» өлеңінің қалаған шумағын жаттау;
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |