Cабақтың тақырыбы: Қазақтың киелі сандары
(1,2- слайд)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Киелі сандар сырын ашу, сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып оқушылардың білімдерін тиянақтау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым- қатынастық біліктілігін дамыту, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасату.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға өз елін қастерлеуге, Н.Ә. Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы «7» санын қастерлеп көрсеткенін айта отырып, халық дәстүрін , Отанын сүюге , қазақтың киелі, қасиетті сандарын есте сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, кестелер
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, кластер құру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
III.Жаңа сабақ.
1.Ой шақыру.
- Балалар , « Жеті» дегенде сендерге қандай ой келеді?
(3- слайд « Ой шақыру)
Жеті
2. Ал , енді , Қадыр ағамыздың « Жеті» өлеңіне көңіл бөлейік.
1. Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқып шығуы.
( 4- слайд « Жеті» өлеңі)
« Жеті» .
Киелі сан жеті деген,
Байланысты жетіменен.
Көп ұғымы халқымыздың,
Белгісіндей салтымыздың.
Жеті қабат көк жер үсті
Жеті қабат жер асты.
Жеті Жарғы- заң жеті,
Қазынамыз бар жеті.
Жеті атамыз- жеті жұрт,
Ағайынды жеті құт.
2. Өлеңнің түсінігін айту;
Ақын өзінің өлеңінде жеті санының неге қымбат екеніне тоқталады. Жеті саны қазақта киелі сан. Оны мына өлең сөздерінен де көруге болады. Жеті жасқа келген бала күрт өседі, яғни есейеді. Аптамыз жеті күннен, қайтыс болған адамның жеті күн садақасын береді. Мұсылмандар балаларына жеті атасын жаттатады. Аспанымызда жеті жұлдыз қордаланып орналасқан жеті қарақшы бар.
3. Өлеңді оқушылар мәнерлеп оқиды.
3. Сұрақ-жауап.
1) Қадыр Мырза-Әлі қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
2) « Жеті» өлеңінің авторы кім?
3) Неліктен қазақ халқы жеті санын киелі сан деп санаған?
( 5- слайд)
4. Қадыр Мырза-Әлі өмір бойы қолынан жүйрік қаламы түспеген үлкен дарын, үлкен талант иесі.
( 6- слайд)
Ақын өзін « Өмірбаян орнына» өлеңінде:
Бәрін тез-тез болады деп кім күткен!
Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен.
Мырзалының
Үміт артқан өлгенше
Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен.
Жүз демеймін-
Түсінеді жөнді ұққан
Жалғыз едім мен бір ірі сомдықтан.
Жалғыз едім өспей қойған атадан,
Жоғалуға қақым жоқты сондықтан!
Өлең жаздым тоғыз тарау,
Жеті өрім.
Сездім соның жүректерге жетерін,- деген.
5.Сұрақ- жауап.
- Қазақ халқының ұғымында жеті санының қасиетті, киелі сан екендігін білесіңдер ме?
- Қазақ халқында жеті саны киелі деп есептелген. Себебі, орта ғасырларда ғалымдар жеті күнге, жеті жұлдызға ат берген. « Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті байлық сөздері пайда болған. 17- ғасырда Тәуке ханның « Жеті жарғысы» да жеті санының қасиеттігіне байланысты болған. Қайтыс болған адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу жетімен байланысты. Наурызкөжеге де жеті тағам салып пісіреді.
(7.8.9 - слайд)
6.« Жеті жарғы» заңы.
1- Жарғы: Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.
2- Жарғы: Түркі халқының мүддесін сатып, еліне опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.
3- Жарғы: Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.
4- Жарғы: Өзге әйелімен зинақорлық жасаған ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын.
5- Жарғы: Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.
6- Жарғы: Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:
А) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді.
Ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7- Жарғы: Ұрланған жылқы өзгеде құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірсін.
7.Сұрақтарға жауап беру.
1. « Жеті Жарғы» заңын құрастырғандар кімдер?
2. Қай ханның тұсында шыққан заң?
3. «Жеті Жарғы» заңын құрастыруға қатысқан билер туралы айту.
( 10 - слайд)
8. Н.Ә. Назарбаевтың 2030 бағдарламасы:
1. Ұлттық қауіпсіздік.
2. Саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуі.
4. ҚР азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл- ауқаты.
5. Энергетика ресурстары.
6. Инфрақұрылым әсіресе көлік және байланыс.
7. Кәсіби мемлекет.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы «7» санын қастерлеп көрсеткенін оқушыларға айту.
( 11,12 - слайд)
9. Мақалды жалғастырыңдар:
« Жеті атасын білмеген ....»
10.Сұрақ : - «Жеті ата», « Жеті ұрпақ» туралы не білесіңдер?
- « Жеті атаңды» білесің бе?
« Жеті ата» - бір кісіден тараған аталас қауым. Бала жеті атасын білу керек.
( 13- слайд)
Жеті ата Жеті ұрпақ
1. Бала 1. Әке
2. Әке 2. Бала
3. Ата 3. немере
4. Арғы ата 4. Шөбере
5. Тек ата 5. Шөпшек
6. Түп ата 6. Немене
7. Баба 7. Туажат ( дәптерге жазып алу)
Оқушыларға « Жеті атасын» айтқызу.
11. Сұрақ: -Құрамында жеті саны бар қандай жер аты бар?
( 14- слайд)
Жауап: - Алматы, Талдықорған өңірі Жетісу деп аталады. Жетісудың табиғаты көркем, жері өте бай, әрі құнарлы. Ол – «Жер жаннаты» деп аталған өлке. Жетісудың жеті өзені бар болғандықтан Жетісу деп аталған. Жетісудың жеті өзендері: Лепсі, Ақсу, Көксу, Сарқан, Қаратау, Іле, Шу.
Қасиетті «7» санына байланысты « Жеті жоқ», « Жеті жетекші», « Жұрттың жетекшісі туралы мағлұмат беру.
( 15,16,17- слайд)
12.« Әлемнің жеті кереметі»
1. Хеопс пирамидасы
2. Семирамиданың аспалы бағы
3. Зевс мүсіні
4. Артемида ғибадатханасы
5. Родос алыбы
6. Галикарнас кесенесі
7. Александрия шамшырағы
( 18- слайд)
13.Түсінік беру:
Хеопс пирамидасы салынғалы бергі 4 мың жыл бойы осы бір сұрақ кімді де болсын мазалауын қояр емес. Ол туралы аңыз да көп. « Осыншалық алып дүниені адам салуы мүмкін емес» деп күмәнданатындар да кездеседі. Біреулері « жындар салған болуы ықтимал» десе, біреулері « бұл – жер бетінде болған басқа өркениеттің белгісі» дейді, енді бірі « жоқ, мұндай кереметті бөтен ғаламшардан келгендер салған» деген болжамдарын ұсынып бағады. Неге олай? Себебі , бүгінге дейін және технология дамыған қазіргі заманда да дәл осындай теңдессіз құрылысты адамдар әлі өз қолымен сала алған жоқ. Сондықтан да, Хеопс пирамидасы – адамзат тарихындағы 7 кереметтің бірі. Осы 7 кереметтің бүгінге дейін аман жеткені осы хеопс пирамидасы ғана.
( 19- слайд)
Бұл дүниежүзіндегі әлемнің жеті кереметі болса, Қазақстанның да өз жеті кереметі бар.
14.Қазақстанның жеті кереметі:
1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі
2. Тайқазан
3. Айша бибі мазары
4. Тамғалы жартас суреттері
5. Алтын адам
6. Домбыра
7. Күлтегін ескерткіші
( 20,21,22 - слайд)
15.Өзге де Шығыс шайырлары тәрізді қазақ халқының ақындары жеті ғашықтың бәрін де жырға қосып, дастан етіп жырлаған. Олар: 1. Ләйлі- Мәжнүн. 2. Зылиқа –Жүсіп. 3. Фархад- Шырын. 4. Таһир- Зуһра. 5. Арзу- Қамбар. 6. Мәлік- Жамал. 7. Зияда- Бозжігіт.
(23 - слайд)
16.Тапсырмаларды орындау:
1. 7 санынан басқа қандай тағы да қазақтың киелі сандарын білесіңдер?
( 3,9,12,40)
2. «Сатылай талдау технологиясы» бойынша сөзге фонологиялық талдау сызбасын қайталап 3,7,9,12,40 сандарына ауызша фонологиялық талдау жасау.
( 24,25,26- слайд)
3. «Қасиетті» сөзіндегі дыбыстарға сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жасау.
( интерактивті тақтада)
( 27-слайд)
17.Сандар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
1. Жеті рет өлшеп , бір рет кес.
2. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
3. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.
4. Мыңның жүзін білгенше,
Бірдің атын біл.
5.Бір жылға қоян терісі де шыдайды.
6. Бірінші байлық- денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық- он саулық.
7. Елуінде ер- дана,
Елуінде ел- жаңа.
(28,29,30- слайд)
IV.Сабақты қорытындылау. Оқушыларға топтық тапсырма беру.
( сыныпты үш топқа бөлу әр топ өзінің ережесін ұсынады және қорғайды)
Тапсырма: Әр топ мектеп оқушысының 7 тараудан тұратын ережесін құру.
18. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Қадыр Мырза –Әлі – сегіз қырлы, бір сырлы дарын. Табиғат перзенті – ақын, ал сол перзенттің қолдаушысы халық. Халық аман болса, ақын да аман, ақын да бақытты. ( 31- слайд)
Бақыт деген- досыңның табағында,
Бақыт деген- домбыра шанағында,
Бақыт деген- өзіңнің босағаңда,
Бақыт деген- халықтың қабағында.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма: Өз беттерімен қазақтың қасиетті сандары туралы мағлұмат жинау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Материалы / Қазақ тілінен презентациялар |
Көрсетілім: 3184 |
|
|
|
Қазақтың киелі сандары

Автор Медеубекова Айсауле Жарылгасиновна
Қарағанды қаласы , Октябрь ауданы , №50 НОМ
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Авторлық бағдарлама |
Коучинг жоспарлары |
Мектеп әкімшілігі |
Мектептен тыс мекемелер |
Сыныптан тыс жұмыс |
Оқушымен жұмыс |
Тәрбие сағаты |
Ата-аналармен жұмыс |
Қосымша жинақтар |
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар |
Қазақ тілінен ашық сабақтар |
Әдебиеттен ашық сабақтар |
Открытие уроки по русскому языку |
Уроки литературы |
Ағылшын тілінен ашық сабақтар |
Биологиядан ашық сабақтар |
Химиядан ашық сабақтар |
Физикадан ашық сабақтар |
Математикадан ашық сабақтар |
Информатикадан ашық сабақтар |
Тарихтан ашық сабақтар |
Географиядан ашық сабақтар |
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар |
Психологиядан ашық сабақтар |
АӘД пәнінен ашық сабақтар |
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар |
Құқықтан ашық сабақтар |
Экономикадан ашық сабақтар |
Музыкадан ашық сабақтар |
Технологиядан ашық сабақтар |
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар |
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар |