Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер


Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер

Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер

Грамматикалық: Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер.

Лексикалық: «Қазақстан қалалары».

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушылардың қос сөздер туралы алған  білімдерін тереңдету, жаттығу жұмысы, деңгейлік тапсырмалар арқылы қос сөздерді мәтіннен таба білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың көру жадыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ізденушілік, шапшаң ойлаушылық  қабілеттерін арттыру, топпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:  Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Отанды сүю, ұлтжандылық қасиеттерге баулу.

Сабақтың көрнекіліктері: Қазақстан картасы, қалалар суреттері,  бәйтерек, қима қағаздар, бағалау жұлдызшалары, семантикалық карта, бағалау парағы.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ, жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдістері:  Жаттығу жұмыстары, семантикалық картамен жұмыс, оқулықпен жұмыс, шығармашылықпен айналысу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, сабақтың өту барысымен таныстыру. Сынып ережесімен таныстыра отырып, оқушыларды 3 топқа бөліп, топ басшысын тағайындау. Бағалау парағын, инсерт кестесін тарату. Сұрақтарға жауап беріп, сабаққа ынталы қатысып отырған оқушыларға жұлдызшалар берілетіндігін ескерту.

Психологиялық сергіту жаттығуы:

Мақсатымыз-білім алу,

Міндетіміз-еңбектену

5-ке қолды жеткізу.

  1. Қызығушылықты ояту.

-Оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыз-басқа сабақтардан өзгеше өтпек. Себебі бүгінгі сабағымыз-саяхат сабағы болмақ. Біздің Отанымыз-Қазақстан. Ендеше, Қазақстан қалаларына саяхатқа шығатын боламыз. Әр қаладан келесі қалаға жету үшін біздің жолымызда кедергілер кездесетін болады. Кедергі деп отырғанымыз-әр түрлі тапсырмалар. Сол тапсырмаларды орындай отыра келесі қалаға аттанамыз. Біздің соңғы аялдамамыз – Астана қаласы болмақ. Астанадағы  саялы бәйтерек аясында кездесетін боламыз. Сол жерді бізді сиқырлы сандық күтіп тұр. Олай болса, уақыт оздырмай, сол сандыққа жеткенше асығайық. Іске сәт, жолдарың болсын, балалар!!!

     -Оқушылар, біздің алғашқы сапарымыз Ақтау қаласынан басталмақ. Олай болса, Ақтау қаласына тез жету үшін төмендегідей кедергілерден өтеміз.

3. Үй тапсырмасы

«Қайталау-оқу анасы» дегендей өткен сабағымызды еске түсіріп алсақ...

  1. Сөзжасам дегеніміз не?
  2. Жаңа сөздердің жасалуының қандай тәсілдері бар?
  3. Туынды сөздердің лексикалық жолмен жасалуы дегеніміз не?Мысал?
  4. Жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды сөздер дегеніміз не? Мысал?
  5. Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер дегеніз не? Мысал?
  6. Н.Серәлиевтің «Аңсау» әңгімесінен біріккен сөздерді теріп жазып  

келу.

  1. Жаңа сабақ

-Міне, балалар, біздер үй тапсырмасына мүдірмей жауап бергендіктен Ақтау қаласына келіп табан тіредік.(Қала туралы түсінік айту, суреттер көрсету). Бұл қалада аздаған кідіріс жасайтын боламыз. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер.

-Оқушылар біздер бастауыштан білеміз, кейбір сөздер қосарланып айтылады.

Мысалы: Құрт-құмырсқа, алыс – жақын, жақсы-жаман деген мысалдарды алып қарайық, «құрт» деген сөздің өзі бір мағына береді, ал «құмырсқа» деген сөздің өзі бір мағына береді. Ал осы екі сөзді қосарлап айтатын болсақ, мүлде басқа сөз шығады. Яғни, құрт-құмырсқа жәндіктердің жалпылай атауын береді. Екі сөздің қосарланып, бір лексикалық мағына беруі-қос сөздер деп аталады.Қос сөздердің сыңарлары мағыналық жағынан байланысы бар, бір тектес заттардың аттарынан, синоним сөздерден, антоним сөздерден жасалады. Қос сөздер қайталама қос сөздер, қосарлама қос сөздер болып 2-ге жіктеледі. Ол туралы жоғары сыныпта толық өтетін боламыз.

  1. Ой шақыру...

Келесі жол тартатын қаламыз –Орал қаласы болмақ. Ол үшін төмендегідей тапсырмаларды орындаймыз.

Дәптермен жұмыс

381-жаттығу

Мына сөздерден қос сөз жасап жазыңдар.

Дәрі-дәрмек, мал-жан, жора-жопсы, киім-кешек, ойын-сауық, ине-жіп, құрбы-құрдас, зорлық-зомбылық, ата-жұрт

-Бұл кедергіден де өтіп,  міне, Орал қаласына да жеттік. (Суреттен Орал қаласын көрсету, оқушылардың түсініктері)

  1. Ақ киімді денелі, ақ сақалды

Соқыр мылқау танымас тірі жанды

Үсті-басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды-деп қалың қырау қысты артқа тастап, жайдары көктемге де келіп жеттік. Олай болса, балалар, бұл кімнің өлеңі? (Күтілетін жауап –Абай Құнанбаев). Абай атамыз қай жерде дүниеге келген?

Ендеше, жол тартатын келесі қаламыз – ұлы ақынымыз Абай атамыздың кіндік қаны тамған жері – Семей қаласы болмақ.Семей қаласына жету үшін төмендігідей тапсырмаларды орындаймыз.

Терме диктант.

Аудиожазбадан Абай Құнанбаевтың өлеңі оқылады. Өлеңнен қос сөздерді теріп, тақтаға жазу.

  1. Келесі қала – Ақтөбе қаласы. Ақтөбе қаласына жету үшін тапсырма беріледі. «Сыңарым қайда?» ойыны. Берілген суреттерді қосарлай отырып және біріктіре отырып, қос сөздер мен біріккен сөздер жасау.

Суреттер:  ет, құрт, ата, күн, бала, алыс, құлын, үйрек, қой, аң, азық, қазыт.б

Тапсырманың соңында қала туралы айтылып, суреттер көрсетіледі.

  1. Келесі қала –  Қостанай  қаласы.

Тапсырма. Н.Серәлиевтің «Аңсау» әңгімесінен қос сөздерді теріп жазу.

Оқушылардан қала туралы түсінік сұралады, суреттер көрсетіледі.

  1. Келесі қала- Алматы қаласы.

Алматы қаласының әсем табиғатын қызықтау үшін кітаппен жұмыс жасауымыз керек.

Оқулықтағы 382-жаттығуды ауызша орындаймыз.

Төмендегі қос сөздердің қайсысында жаңа лексикалық мағына бар, қайсысында ондай мағына жоқ екенін анықта.

383-жаттығу

Қосарлану арқылы жасалып тұрған сөздердің мағынасын ашып түсіндіру.

Жеке оқушылармен жұмыс.

Жекелеген оқушыларға оқушыға семантикалық карта, кеспе қағаздар беріледі.

Семантикалық карта

Мысалдар

Қысқарған

сөз

Біріккен

сөз

Қос

 сөз

1

Бүгін

2

БҰҰ

3

Азық-түлі

4

Әке-шеше

5

Ақтау

 

 

 

 

Тапсырмалар тексерілгеннен кейін Алматы қаласы туралы айтылып, суреттер көрсетіледі.

  1.  Келесі қала – Астана қаласы. (Ән жіберіледі)

Шығармашылық жұмыс

1-топқа – «Менің қалалардан алған әсерім» шағын эссе жазу.

2-топқа – «Болашақ қаласы» тақырыбына сурет салу.

3-топқа – Берілген сурет бойынша мәтін құрау.

(Оқушылар шығармашылықпен айналысып болғанша ән жіберіледі)

  1.  Бекіту.

-Сабағымызды бекіту үшін мына сұрақтарға жауап береміз.

-Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

Мысалдар келтірейік.

  1. Үйге тапсырма

384-жаттығу, ереже жаттау.

«Ынтымағы жарасқан егеменді елміз!» тақырыбында қос сөздерді кірістіре отырып  эссе жазу.

  1. Бағалау

Топ басшылары  тобындағы оқушыларды бағалайды.

-Міне, балалар, Нұр қаламыз Астана қаласындағы саялы бәйтерекке де жеттік. Ендеше, сиқырлы сандықтан сыйлықтар алып,алып бәйтерек ағашына өз армандарымызды жабыстырайық. (Қатысып отырған мұғалімдерге де қағаз жабыстыру ұсынылады). 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жұрнақ.
Жылдық қайталау
Қос сөздер. Қайталама қос сөздер
Зат есім
Сөзжасам
Бірігу арқылы жасалған туынды сөздер
Сөз бен мағына
Қосарлама қос сөздер
Сөздердің түрлері
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 18267 | Қосты: Казимова Айгуль Максутовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык