Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 1870 |
|
|
|
Сабақгың тақырыбы: Сөз
Сабақтың мақсаты:
а) Баланың сөз туралы түсініктерін қалыптастыру.
ә) Балаларға айтылған сөздерді жолақша (ақ қатты) қағазбен және сөздердің ұзынды, қысқалығын қолмен өлшеп айыра білуге үйрету.
б) Есту қабілетін жетіддіру.
в) Танып-білуге деген қызығушылықтарын арттыру,
Сабақтың көрнекілігі: ойыншықтар, түстері әр түрлі, мөлшерлері бірдей екі машина, аю, қуыршақ, кубик, доп, (әдемі корапша (себет)) мүмкіндігінше айқын болғаны жөн, қатты қағаздан ақ, жалауша. "Үлестірмелі құралдар" ақ жолақшалар (1,5x5) әр үстелде жеткілікті мөлшерде болуы керек.
Әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивация лық қозғаушы Шаттық шеңбер: Балалар шеңбер бойында тұрып бір-біріне жақсы сөз, тілек айтады.
Іздену-ұйымдастырушы Сабақтың барысы:
1. Тәрбиешінің кіріспе сөзі:
-Балалар, сендер білесіндер, жер бетінде адамдар, жануарлар, аңдар, құстар, балықтар, өмір сүреді. Сол сияқты үйлер, машиналар бар. Кім үй салуды (машина жсауды) ойлап тапты? Неге? Сонымен бірге адамдар сөзді ойлап шығарған, себебі олар бір-бірімен сөз арқылы қатынас жасайды, жер бетіндегі заттардың бәрі өз атымен атап сөйлеседі.
— Қазір сендермен бір ойын ойнап көрейік. Сендер үндемей отырып қалдындар (ситуациялық ойын ойналады).
Ұстаз қолмен ымдап көрсету арқылы балалардың бәріне орындарыңнан тұрыңдар деген белгі береді, енді кейбіреулеріне отырындар деп т.с.с. үнсіз тапсырмалар береді. Одан кейін төрбиеші әңгімесін әрі қарай жалғастырады.
— Міне, балалар, көрдіндер ме сөзсіз өмір сүру қандай қыйын, ал біз бәріміз өз ойымызды сөз арқылы айта аламыз. Ал сендер қандай сөз білесіндер?
Егер айтуға қиналса, тәрбиешінің өзі терезе, стол, жасыл, ыстық және
т.б. сөздерді айтады.
— Мына бір ойыишыққа қарандар, ең әуелі оның атын атаймын: доп бір сөз. Енді сөздерді есептегенде жаңылып кетпеу үшін, әр сөзді мынадай жолақшамен белгілеп отырайық. Мен "доп" сөзін айттым, бір жолақша қоямын. Кім тағы да доп туралы айтады?
— Қане, санайық, біз қанша сөз айттық?
Дәл осы сияқты 1-2 ойыншықпен жұмыс жүргізіледі.
— Мына қорапшаға өзіміз білетін сөздерді айта отырып, жолақша арқылы жинап салайық.
— Мен мынадай сүйкімді, батыл, әдемі деген жақсы сөздерді білемін. (Ең соңында қорапшадағы сөздерді санап қорытынды жасау).
— Міне, біз қандай көп сөз білеміз, айта берсек әлі де көп.
— Қане, "Кім көп сөз ойлайды?" ойынын ойнайық. Әрбір айтылған сөзге бір-бір жолақшадан қойып отырындар. Соңында кімде көп жолақша болса, соңында сол жеңімпаз болады.
3. Музыкалық және қимыл-қозғалыс кідірісі.
4. Сөздің ұзақтығымен таныстыру және өлшеуіш жаттығуларын жасату.
- Сендер, байқадындар ма, кейбір сөз ұзақ дыбысталса, енді бір соз қысқа дыбысталады. Сол себепті сөздер ұзын және қысқа болады деп айта аламыз.
— Мына 2 сөзді тындандар: доп, ғарышкерлер. Осы сөздердің қайсысы ұзақ,қайсысы қысқа айтылады?
— Біз ол сөзді өлшеп көрейік: 2 қолдың алақандарын біріктіріндер. Сөзді дыбыстай бастаған кезде алақандарынды аша бастаңдар. Ал, дыбыстап болысымен, сол сәтте тоқтай қалындар.
Бұл жаттығу ең әуелі 2-3 баламен үстел жанында жекелеп жүргізіледі, қалған балалар қайталап отырады, осылай 6-8 сөз айтылып, балалар олардың ұзақтығын анықтайды.
Балалар тәрбиешіні мұқият тындайды, сұрақтарға жауап береді.
Ойын ойналады. Жеңімпаз баланы мадақтайды
Балалар музыка ырғағымен жаттығу жасайды.
Балалардың жауабы.
Балалар хормен таныс тақпақты айтады, сосын бір бала тақпақты мәнерлеп айтады. Әр сөзін анықтайды, балалар жолақшаларымен мәтіндегі әр сөзді белгілеп отырады.
Рефлексивті коррекциялаушы Балаларға сұрақ қойылады:
— Бұл сабақта не туралы білдіндер?
— Сөзді немен белгіледік?
— Сөз туралы не білгілерің келеді? Балалар сұрақтарға жауап береді.
Нәтиже:
Білу: Баланың сөз туралы түсініктерін қалыптастыру
Игеру: сөз, сөйлемді ажырата алады.
Меңгеру: Балалар айтылған сөздерді жолақша (ақ қатты) қағазбен және сөздердің ұзынды, қысқалығын қолмен өлшеп айыра біледі
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |