Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары


Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары

Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

«№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Кутешова Жадыра Серикалиевна

Қазақ тілі 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары

 Сабақтың мақсаты: Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары септік жалғаулы сөздермен тіркесіпкеліп,оған қосымша мән үстеп тұратындығын және алдындағы сөздердің септік жалғауда тұратыны қажет ететінін түсіндіру.

Міндеттері:1.Шылау және оның қолданылуы жайлы білімдерін тереңдету.

2.  Жаттығуларды    ауызша,жазбаша орындату арқылы шылау туралы алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.                                                                       

3.Сабақ   барысында еңбекқорлыққа,іздемпаздыққа, салт-дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау, ой қорыту, өз бетімен жұмыс, сын тұрғынан ойлау технологиясы

Көрнекіліктер: кесте, семантикалық карта, слайд,үш түсті смайликтер, шашу табағы.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу сәті

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, жер ана!

Амансыз ба, ұстаздар!

Сіздерді көрсем қуанам.

 Психологиялық даярлық

Күннің сәні - шуағымен

Қыстың сәні-  қырауымен

Көлдің сәні - аққуымен

Оқушы сәні - біліммен

ІІ.Өткенді қайталау кезеңі.Ойын «Жалауша»

Жалаушадағы  сұрақтар мен тапсырмалар:

-          Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар?

-          Не себептішылауларсөйлеммүшесі бола алмайды?

-          Сұраулық  мағынаүстептұратыншылаулардыатаңдар.

-          Өзі  тіркескен сөзге сұраулық мағына үстеп тұратын шылауларды қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

(Жалауша артынан қазақтың салт-дәстүрі «Шашу» туралы түсінік шығады, 1 оқушы дауыстап оқиды, оқушылардан шашуды қайда, кай кезде шашылатыны сұралады)

Мұғалімнің сөзі: - Балалар бүгін мен сендерге шашу табағын алып келдім. Бұл табақтағы теңгелерді сабаққа жақсы қатысқан балаларға беріледі. Ал осы шашу табағынан дәм татуға ат салысайық, әрі өзіміздің білімімізді көрсетейік.

2.Ережелерді  еске түсіру. Семантикалық карта.

Сөз таптары

Зат есім, сан есім,

сын есім орнына жұмсалатын сөздер

Өз алдына  дербес мағынасы жоқ сөздер

Заттың атын білдіретін сөздер

Заттың санын, ретін білдіретін сөздер

Заттың түрін,түсін

сапасын білдіретін сөздер

Заттың іс -әрекетін, қимылын білдіретін сөздер

Іс-әрекеттің

мезгілін,

мекенін, сын-қимылын білдіретін сөздер

Зат есім

 

 

 

 

 

 

 

Сын есім

 

 

 

 

 

 

 

Сан есім

 

 

 

 

 

 

 

Етістік

 

 

 

 

 

 

 

Есімдік

 

 

 

 

 

 

 

Үстеу

 

 

 

 

 

 

 

Шылау

 

 

 

 

 

 

 

  1. Семантикалық картаны мысалдар келтіре отырып, дәлелде(оқушылар өздерін тексереді,бағалайды)

ІІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі. Жаңа тақырыпты ашу

Өрнектердің мәнін тауып, жаңа тақырыпты ашады.(Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары)

250×6+350×6=3600                             (176+124)×450=135000

(125+875)×24=24000                                           3600×2+450×2 =8100

ІІІ. Мағынаны тану кезеңі

А)Тақтада төмендегідей кесте көрсетіледі.

1.Атам маған Қамбар батыр ... жыр айтып берді.

2.Ана баласы ... түн ұйқысын төрт бөледі.

3.Әлі тау басына ... біраз жер бар.

Туралы, үшін, дейін (шейін)

 Оқушылар мынадай тапсырмаларды орындайды:

Көпнүктенің  орнынатиістішылаулардықойып, сөйлемдердіоқиды (АтаммағанҚамбар батыр туралыжырайтыпберді);

Шылаулардыңтіркесіптұрғансөздеріқайсөзтабыжәнеоларқайсептіктетұрғанынанықтайды (Қамбар батыр туралы).

Тапсырманы орындап болған соң , «Базарлық» туралы түсінік беріледі

ІҮ. Ой толғаныс  кезеңі

Оқулықпен жұмыс.

25 -жаттығу ауызша  орындалады.(Оқушыларды сөйлемдерді оқып,әр сөйлемдегі шылауды тауып, не үшін қоланылып тұрғанын, байланысқан сөздің қай септікте тұрғанын дәлелдейді)

Қорытынды шығарады:

Үшін, туралы, дейін (шейін) шылауларының өзіндік белгілері қарастырылады:

  • Шылау, туралы, дейін (шейін) шылаулары өзінің алдындағы сөздерінің белгілі бірсептікте тұруын қажет етеді;
  • Үшін, туралы шылаулары атау септіктегі, дейін, шейін шылаулары барыссептіктегі сөздермен тіркеседі;
  • Бұл  шылаулар белгілі септік жалғаулы сөздермен тіркесіп, оған қосымша(мезгілдік, мекендік, т.б.) мән үстейді.
  • Өздері тіркескен сөздерден бөлек жазылады.

Тапсырманы орындап болған соң,қалжа туралы түсінік беріледі.

Дәптермен жұмыс.Көркем жазу. Ққ қалжа

Қолға қалам алайық

Сауатты, әдемі жазайық.

26- жаттығу. Жатқа жазу.                    

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

(Оқушылар мақалды жатқа жазады, мағынасын түсіндіреді.Шылауды тауып, қай сөзбен тіркесіп тұрғанын,алдыңғы сөздің қай септікте тұрғанын анықтайды.)

Сүндет той туралы түсінік беріледі .

  • Көңілді үзіліс .Сергіту сәті (Кірпімен бірге «Қара жорға» билейік)

Видео көрсетіледі, оқушылар кірпі қимылын қайталай отырып,қара жорға билейді.

Өзіндік жұмыс.Туралы, дейін (шейін) шылауларын қатыстырып, сөйлем құрастырып жазу.

(Оқушылар сөйлемдерін оқи отырып, шылауларды тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын, ол сөздің қай септікте тұрғанын анықтайды.)

Сүйінші туралы түсінік беріледі.

28- жаттығу. (Интерактивті тақтамен жұмыс)Көру диктанты

Айжан түске дейін кітапханада болды. Барлаушылар туралы кино көрдім. Жақсы оқу үшін тыңғылықты дайындалу керек.

 Үшін,туралы,дейін,шейін шылауын алып тастап оқып көріңдер.

Қорытынды шығару:

  • Үшін, туралы   шылауы атау септіктегі сөзге тіркесіп, екінші сөзге байланысып тұр және сөз тіркесін құрап тұр.
  • Дейін, шейін  шылауы барыс септіктегі сөзбен байланысып тұр.

Қыз ұзату салт –дәстүрі туралы түсінік беріледі.

ҮІ.Қорытынды  кезең

а)Топтастыру  стратегиясы бойынша сызба толтыру.

Да, де,та,те шылаулары сөзге күшейту ,анықтау мағынасын береді

 

Шылау

Мен,бен,пен шылаулары

сөз бен сөзді байланыстырады

 

Ма,ме,ба,бе,па,пе шылаулары

сөзге сұраулық мағына береді

Үшін,туралы,дейін,шейін шылаулары

сөзге мезгілдік,мекендік,мақсаттық т.б

үстеме мағына береді

ә) Кесте толтыру

Етістік

Үстеу

Сын есім

Шылау

 

 

 

 

Оқушылар  кесте толтыра отырып, сөз таптарының ұқсастығы мен айырмашылығына тоқталады.

б) Ойын «Наурыз көже»

- Наурыз көже қай кезде жасалады? Қандай нәрселер қосылады?

- Ендеше біздің бүгінгі наурыз көжеге қандай нәрселер қосамыз,оны ойын барысында анықтаймыз.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Үшін, туралы шылаулары қай септіктегі сөздермен тіркеседі?(ет)

2.Дейін, (шейін) шылаулары ше?(сүт)

3.Үшін,дейін  шылауларын қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңдар.(құрт)

4.Шылау сөйлем мүшесі бола ?(бидай)

5.Мен, бен, пен шылаулары не үшін қолданылады?(су)

6.Шылаулар қалай жазылады?(тұз)

7. Өтірік айтпа. Ол сабаған оқып па? Екі сөйлемді салыстыр.(тары)

В)Үйге тапсырма.30-жаттығу.(170 бет)

       Бағалау.(өзін –өзі бағалау)

  1. – Кім бәрін түсіндім, сабаққа белсене қатыстым, өте жақсы жауап бердім десе 1- ші смайликті таңдайды. «5» деген баға
  1. – Жаңа сабақты түсіндім, бірақ белсене қатыспадым, жақсы жұмыс істедім деп ойласа 2-ші смайликті таңдайды. «4» деген баға
  1. – Кім ойланатын нәрсе бар, бұл сабақта аз жұмыс істедім, бірақ келесі сабақта міндетті түрде тырысамын десе – 3-ші смайликті таңдайды. «3» деген баға

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Шылау
Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары.
Қой (ғой), қана (ғана), -ақ шылаулары
Демеулік шылау
Шылау
Шылау
қой, ғой, қана, ғана, ақ шылаулары
Жіктеу есімдіктері
Жіктеу есімдіктері
Шылау
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 21357 | Қосты: Жадыра Серикалиевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык