Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Екпін. Сөз екпіні


Екпін. Сөз екпіні

Сабақтың тақырыбы Екпін. Сөз екпіні

Сабақтың мақсаты :

а)  Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;
                                  ә) Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін дамыту ;           )  Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі :                               сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар,кітап
Халықтық педагогика                    Еріншек егіншіден
элементтерін қолдану :                   елгезек масақшы озыпты
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :  
                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                    ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

   Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Буын үндестігі дегеніміз не?
2.Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
3.Орфография дегеніміз не?
4.Орфоэпия дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

              Тілдің сөйлеу нормасына тән ендігі бір фонетикалық құбылыс – екпін.Сөйлеп тұрғанда,бір сөз басқа сөздерге,бір буын басқа буындарға,бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті,көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.
   Екпін сөз екпіні,ой екпіні,тіркес екпіні,дыбыс екпіні болып бөлінеді.

   Екі немесе одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады.Қазақ тіліндегі сөз екпінінің орны тиянақты болады: екпін сөздің ең соңғы бөлігіне түседі.Мысалы: Үзді’к оқушыларға’ бағалы’ сыйлықта’р беріледі’.

Жеке оқушылармен жұмыс : Төмендегі сөздерде екпін қай буынға түсіп тұрғанын анықтаңдар.
      Кәмшәт бөрік тек оның өзіне ғана арналып тігілгендей екен.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау : Оқушылардың сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 343-жаттығу.шеңбердегі сөздерде екпін қай буынға түскен?Екпін түспей тұрған ұқсас қосымшаларды табыңдар


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Екпін
Екпін
Тіл дыбыстары
Тасымал
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Дисфемизм
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Тіркес екпіні
Ой екпіні
«Буын», «Тасымал», «Екпін» тақырыптары бойынша
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 13191 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык