Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жасыл шырша жанында


Жасыл шырша жанында

Жасыл шырша жанында

Дауыс:
- Армысыздар, ханымдар мен мырзалар! Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар, мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
(Жаңа жыл туралы музыка жіберіледі.) 
Музыка ойналып, балалар қол ұстасып кіреді. 
Фанфары 
Сайқымазақ сахнадан шығады. 
Сайқымазақ: Уа, халайық, жарандар,
Айналаға қараңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шалқып тұрып тараңдар.
Уа, халайық, құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр.
Жаңа-жылды қарсы алып 
Өткізейік дүрмекті,- деп таң-тамаша боп шыршаның жанына келеді. 
- Сәлеметсіздерме, балалар, ата-аналар?!
Жаңа –жыл мерекесіне қош келдіңіздер. Жаңа-жылдарыңыз құтты болсын!
Ал, не тұрыс,жаңа-жылды бастайық!
Ой, балалар, мына шырша неге көңілсіз? Неге шамдары жанбаған?
- Қане, бәріміз бірге «Жасыл шырша, жасыл шырша, жарқыратып жақшы шамды» деп хормен айтайық.
(Бәрі айтады, шам жанбайды.)
- Ой, балалар, мына шыршаның шамы жанбады ғо, кімнен көмек сұрасақ екен? Біздің даусымыздың күші шыршаның шамын жағуға жетер емес,ендеше ата-анамыздан көмек сұрайық. Ал, ата-аналар, қане, бәріміз бірге хормен қаттырақ айтып көрелік. «Жасыл шырша, жасыл шырша, жарқыратып жақшы шамды»
(Ол кезде де жанбайды.)
- Ой, біздің әліміз келер емес қой, мына шырша сиқырлы шырша сияқты. Мүмкін тойымыз қызбай жатқаннан болар. Олай болса, балалар, шыршаға арнап бәріміз көңілді би билеп берерміз. Мүмкін сонда шыршамыз жанар. Ал ендеше бастайық, менімен бірге қимыл көрсетіңіздер.
( Шырша биі, «В лесу родилась елочка» музыкасымен)
(Билеп болған кейін, музыкамен ақшақар келеді.)
Ақшақар :
- Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де көрмегенде арманда,
Жаңа-жылың құтты болсын ағайын!
- Ой, балалар, сіздердің жан айқайларыңды естіп, шыдап отыра алмадым. Аяз атаны тастап, өзім сендерге көмекке келдім. Менің қолымдағы сиқырлы таяғыммен мына шыршаларыңның шамын жағып, шырайын келтірейін деп әдейі ерте келдім.
(музыка ойналып, шырша шамы жағылады)
Сайқымазақ:
- Ой, рахмет, Ақшақар! Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды. Шыршамызға шырай кірді. Енді бізбен бірге болыңыз. Қане, бәріміз шыршамызға арнап шырша жырын шырқайық. 
Хор: Шырша жыры
Қорылдаған дауыс шығады.
Ақшақар: Мынау ненің дауысы, балалар ? Орман жақтан естілгендей. Қане, қарайықшы. 
(Сол кезде зор дауыспен аю апанынан керіліп, созылып тұрады.)
Аю:
- Мен аюмын қорбаңдаған,
Қарсы келмес ешкім маған,
Тәтті ұйқымды бұзған жанды
Ешқашан да аямағам.

- Улап-шулап мені неге ояттыңдар ,балалар? Мен көктемге дейін ұйықтауым керек. Бұларың болмайды. Сендер менің ұйқымды бұзғандарың үшін, мына әсем шыршаларыңды Машаға алып кетемін!
-деп шыршаға қарай жүгіріп келеді.
Ақшақар : 
- Аю аға, ашуыңызды басыңызшы. Балалар жаңа жылды тойламақшы. Сізде бізбен бірге болыңыз. 
Аю:
- Жоқ , мен алып кетемін дедімбе, алып кетемін. Былтыр Машаны өзім тоқтатып едім. Енді ашуыма тидіңдер, қалайда алып кетемін. Маша бір мәз боп қалсын.
Ақшақар:
- Аю аға, ашуланбаңызшы. Сіздің құрметіңізге Айдын арнайылап өзіңізге бір ән шырқап берсін. 
Аю: 
- Тыңдасақ, тыңдап көрейік.
( Айдынның орындауында «Жаңа жыл» әні)
Аю:
- Айдынның әні маған ұнады. Мен ұйқымнан оянғаныма өкінбеймін. Сендермен бірге қалайын деп шештім.
(Музыкамен түлкі шығады)
Түлкі:
- Мен түлкімін күлкілі,
Кім білмейді түлкіні?
Жаңа жылда бұл күні
Алдамаймын, алдамаймын ешкімді!
(жан-жағын иіскелейді.)
- Мұрныма бір жақсы иіс кеп тұрғанын қарашы. Қоянның иісі ма десем, мына жиналған балалар екен ғой. Қап, жаңа алдамаймын деп айтып қойып едім.Бірақ болмайды енді, алдауға тура келеді. Қарным ашып тұрғаны. Көп баланың ішінен 1-2 баланы алып кетсем, ештеңе өзгере қоймас,-деп балалардың қасына барып майысып:
- Жүрші, менімен, бұдан да қызықты думанға, кең сарайға, сыйлығы көп жерге апарамын, жүрші,- деп алдай бастайды.

Аю: 
- Түлкі бикеш, сен әлі естіген жоқсың ба? Кешеден бастап орманда жаңа заң шықты. «Кім де кім өзінен әлсізді ренжітіп, зәбір көрсетсе, ол жаңа жыл кешіне қатыспайды, аяз атадан сыйлық алмайды»
Түлкі:
- Маған ешқандай жаңа жыл кешінің қажеті жоқ. Онда аңдар көп болады. Аяз атаның сыйлығына таласып, мына әдемі құйрығымнан айрылармын.
Аю:
- Түлкі, бір орманда жүрген бұрыннан достар едік қой. Тойдың шырқын бұзбай, одан да кел, балалармен ойын ойнайық. Тойды қыздыртсақ, аяз атадан сыйлық алып қалармыз.
Ақшақар:
- - Қош келдің, түлкітай. Жаңа жылды қарсы алатын уақытта ренжіспей ойын ойнауға келіскеніңіз үшін рахмет. Тойды қыздырып, бізбен бірге болыңыз. Балалардың ризашылығы сіз үшін үлкен сый болмақ.
Ойын: «Қар жинау» (аю мен түлкінің тобындағы балалар кәрзеңкеге «қар» лақтырып, жарысады)
Ақшақар: 
- Түлкітай, аю аға, балалармен бірге буги-бугиге билейік.
(Би «Буги –буги»)
(Музыка ойналып, айқаймен мыстан келеді. Мыстан келіп, балаларға тиіседі, сүйрейді.)
Мыстан:
- Мен бағанадан бері сырттарыңнан бақылап тұрмын. Бәрің жаңа-жылды тойлап көңілдісіңдер. Мені шақыруды ұмытып кетесіңдер. Жылда ең алдымен мені шақырам дейсіңдер де, мені ұмытып кететіндерің қалай осы? Болдым, менде ашуға мінемде, мына тойларыңды болғызбаймын, болғызбаймын, –деп балаларды қуалай жөнеледі. Балалардың арасында жүрген ақшақарды құшақтап:
- Мен жылда мына шыршаға қызығып, жаңа жылды бұзам деп айқай салам. Одан да шыршаңыздың сәнін келтіретін Ақшақарды алып кетіп, өз үйімде жаңа жылды тойлайын. Сонда аяз атада немересін іздеп, маған келеді. 
Ха-ха деп күледі де, дождикпен Ақшақарды орап тастайды.
Сайқымазақ: 
- Жоқ,мыстеке. Шырша тойымыздың сәні Ақшақар ғо. Босатыңыз. 
Мыстан: 
- Алып кетемін дедім бе, алып кетем. Ешқайсыңның алдауларыңа көнбеймін. Қорбаңдаған аюды, сумаңдаған түлкіні шақырғанда мені ұмытқандарыңа жөн болсын.
Аю: 
- Сұлуым-ау, жібер Ақшақарды, менде жаңа балаларды біраз қорқыттым. Кел, одан да ортамызды қыздырып, естен кетпестей қып, би жарыс ұйымдастырайық.
Мыстан: 
- Ақшақар менің қолымда, сондықтан да балалар менің қасыма көбірек жиналады. 
Аю: 
- Мен де жалғыз болғанмен, қалыспаспын. Мейлі.
Балалар, қане, қайсың менімен бірге боласындар. 
(Музыка жіберіліп, екі топ боп билейді. Мыстан шаршап, балалармен қалуға келіседі. Ақшақарды босатады)

Сайқымазақ:
- Балалар, біз бірдеңені ұмыттық. Расында да біз бір нәрсені ұмытқан сияқтымыз. Мыстан:
- Мен білем, ескі жылмен қоштасып, жаңа жылды қарсы алушы едіңдер ғо. Сайқымазақ:
- Уа, халайық, жарандар,
Қилы-қилы заман бар.
Жылқы жылы жылыстап 
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық,
Қош айтысып қалайық!
Мыстан:
- Мында ескі жыл, -деп ертіп келеді. 
Ескі жыл:
- Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым, қанаттарым,
Аман болың, шырақтарым.
Ізбасарым қой жылына 
Аманат қып тапсырамын. 
Ақшақар:
- Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсылық.
Кетер жылға көп алғыс,
Әкелген көп жақсылық, -дей отырып, қане,балалар, ескі жылмен бірге ойын ойнап қалайық. 
Ойын: «Боксер қолғабы»
Ән
- Қош сау болыңдар, балалар! (Ескі жыл кетеді.)
-Қош, сау бол, Ескі жыл!
(Музыка ойналып, шрек келеді.)
Ақшақар:
- Аю мырза, менде мында жүрмін. Аяз атаның сыйлықтар салынған қапшығын көтерісіп, ертіп алып келіңізші. 
Аю : 
- Жарайды, Ақшақар. Барып ертіп келейін.

(«Теке мен қошқар» мультфильмінің музыкасы жүреді.) Сахнаға ешкі мен қой келеді.
Теке:Қошқар, бақыт деген не өзі?
Қой: Бақыт дейсің бе? Білмейм, теке. Мүмкін, жасыл шөп, жылы қора, сосын қожайындарың жақсы болса бақыт шығар.
Теке: Біздің кемшілігіміз осы. Шөп көп, қарын тоқ, қорамыз жайлы, құйрығымыз майлы болса болды. Одан басқаны ойламаймыз. Бізге рромантика жетіспейді. Кел, одан да екеуіміз билейік!
Екеуі билейді.(музыка жіберіледі)
Теке: Көрдің бе, қошқар, шырша тойға келген балалардың жарқын жүздерін? Міне, бақыт, олардың көздерінде, жүздерінде. Сен бұған не дейсің, қошқар?
Қой: Білмейм, теке.
Теке: Өмір деген мына менің құйрығым секілді қып-қысқа. Кімнен естіп едім... Ммм. Кім тәуекел етпейді, сол мақсатына жетпейді. Өмірімізді жақсы жаққа өзгерту өз қолымызда.
Қысқасы, балалар, ата-аналарыңызбен бірге бақытты болыңдар! Бақыт деген өз отанымыз, өз үйімізде. Солай ма, қошқар?
Қой: Білмейм, теке!
Теке: Осылай дым білмей өмірден өтеміз бе? 
Ақшақар: 
- Міне,қызық, балалар. Асыға күткен жаңа жылымыз да келіп калыпты. Рахмет сізге, теке. Жаңа-жылымызды ертіп әкелгеніңізге.
(фанфари әуенімен барлық кейіпкерлер шуласып, қойды ортаға алып келеді.
Сайқымазақ: 
- Уа, халайық,жақсылыққа толы жаңа-жыл келді!
Кел, төрлет, жаңа жылым, құтты жылым,
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еселі еңбекпенен 
Жарқырап, әне, алдымнан шықты күнім.
Қой:
- Сәлем, аяулы аналарға,
Ардақты ұл қыздарға,
Бүлдіршін балаларға.
Әкелдім бейбіт күнді,
Ешбір жан болмас мұнды.
Жаңа жылда жер бетінде
Соғыс өрті болмасын.
Бірлік, достық, еңбек, бақыт – тілегім,
Бұл сөзімді бүкіл әлем қолдасын.
Сайқымазақ:
Жаңа жылдың құрметіне ән жіберелік.
(Орман жақтан қардың дыбысы естіледі.)
Ақшақар:
Балалар, естимісіңдер, менің атамда келіп қалған сияқты. 
Қане, бәріміз хормен «Аяз ата» деп шақырайық.
Қасында аю ағамыз бар Аяз атаны қарсы алайық.
«Аяз ата» әні
Аяз ата:
Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым?!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың?
Аталарың сендерге 
Шаршап келді-ау алыстан.
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.
Ақшақар:
Ал, қанекей, балалар,
Кімнің әсем әні бар,
Мың бұралған биі бар?
Өнерліге беретін
Аяз ата сыйы бар.
(Әр сыныптың мерекелік нөмірі жіберіледі.)
Аяз ата:
- Балалар, өнерлерің өрге жүзсін. Өздеріңізбен қоштасатын да кез келді.Күткен жаңа жылымыз да келді. Бар өнерді ортаға салып, думандата тойлаңыздар! Сабақтарыңды жақсы оқып, ата-аналарыңды жақсы істеріңмен қуанта беріңдер! Мені көрші мектептің өздеріңдей кішкентай бүлдіршіндері күтіп отыр. Қош сау болыңдар, балалар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құтты болсын, жаңа жыл!
Жаңа жыл –жаңа жыр
Қош келдің,жаңа жыл,Жаңа жыл!
«Ақшақар достарын күтеді»
Жаңа жылдық ертеңгілік
Төрлет құтты Жаңа жыл!
«Қош келдің, Жаңа жыл, елімізге!»
Жаңа жылдағы жаңа ертегі
Төрлет, төрлет жаңа жыл!
Қош келдің жаңа жыл!
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 6666 | Қосты: Утеева Бибигул Нурхасиновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык