Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Біз мектепке барамыз»


«Біз мектепке барамыз»

Ырғыз орыс орта мектебі

Тәрбиеші: Қанапина Ботагөз Берікқызы

Ырғыз 2014

«Біз мектепке барамыз»

Мақсаты: Жыл бойы алған білімдерін бекіту. Сандар, әріптер туралы білімдерін бекіту. Табиғат әлеміне қызығушылығын ояту, байқағыштығын жетілдіру.

Тәрбиеші: Міне, балалар сабағымызда аяқталуға жақындады.  Мектепалды даярлық тобында оқу барысында көптеген жақсы істерге үйрендік. Біз бір-бірімізді жақсы көруді, сыйлауды, дос болуды, көмектесуді, айнала қоршаған ортаға құрметпен қарауды, табиғатты аялауды сезіндік.

Тәрбиеші: Балалар, мектепалды даярлық тобында алған білімімізді, танымдық мәлеметтерімізді, бір-бірімізге айтқан жылы достық тілектерімізді, танысқан ертегілерімізді, үйренген өлең тақпақтарымызды, мақал-мәтелдерімізді, жұмбақтарымызды «Білім әлеміне саяхат» жасау барысында еске түсіріп көрейік!

Сендерді жолда кездесетін аялдамаларда бірнеше қызықты тапсырмалар күтіп тұр. Бұл тапсырмаларды орындауда алған білімдеріңмен қатар өз бойларыңдағы жақсы қасиеттерің – ұқыптылық, жауапкершілік, ауызбірлік, мейірімділік, белсенділік, шығармашылық көмектеседі.

 ***

Тәрбиеші: «Табиғат әлемінде»аялдамасында

берілген тапсырма жұмбақтардың шешуін тап.

1. Әй, алақай, тамаша, шашу шашты жапырақ.

    Бақтың іші – алаша, аунар ма еді жатып ап!..

                                                                  ( Күз )

 

2. Далада қар борайды, ақ мамыққа орайды.

    Мұз болады – қатады, жып-жылтыр боп жатады.

                                                                  (Қыс)

3. Суға толы жылғалар, желбіреді тұмса бұлт.

    Барады ұшып тырналар, зеңгір көкке «із» салып.

     (Көктем)

4. Өрік, алма, шие, алша, жидек, жүзім піседі.

    Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз дүкендерге түседі.

    Астық пісіп, орақ түсіп, қырман дәнге толады.

    Бөбектерім, айтыңдаршы! Бұл қай кезде болады?

                                                                  (Жаз

  ***

Тәрбиеші: «Әдебиет әлемінде» аялдамасында берілген тапсырма Отан туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, «Нан қайдан келеді» ертегісінің мазмұнын айтамыз.

  1. Отан туралы мақал-мәтел білеміз бе?
  1. Суретке қарап нақыл сөз айтамыз?
  1. «Нан қайдан келеді?» ертегінің мазмұны

***

Тәрбиеші: «Ғарыштағы Әріптер планетасы» аялдамасында  беріліп тұрған тапсырма жыл бойы өтілген әріптерге байланысты жаттаған тақпақтарымызды еске түсіріп, суретке қарап дыбыстық талдау жасайық.

  1. Әріптерге байланысты тақпақ айтамыз!

 

  1.  

 

Тәрбиеші: «Математика әлемінде» аялдамасында  санамақтар айтып, есеп шығарамыз.

  1. «Санамақтар айтайық!»
  1.  «Есептеп көр!»

Тәрбиеші: «Бақытты балалық шақ» әні

Тәрбиеші: Даярлықтан білім алып, енді мектепке барасыңдар. Алдағы уақытта жақсы мен жаманды айырып үлгілі оқушы болыңдар!

«Мен мектепке барамын» тақпақтар

Тәрбиеші:Біздің тамаша ғажайып әлеміне сапарымыз аяқталды.  Балалар сендер барлық аялдамалардан  өттіңдер. Білім әлемінде көптеген кітаптар бар. Бұл кітап сүйікті кітапқа айналып, әлі талай жыл білім әлеміне саяхаттарыңда сенімді көмекші болатынына сенемін. Сендер – тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланысыңдар! Біздің сүйікті еліміздің адал азаматтары мен азаматшалары болыңдар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жомарт күз
Саялы бақ
«Алтын күз»
«Қош бол ,даярлық сыныбым»
«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»
Алма және жеміс - жидектер
Даярлық топпен қоштасып Біз мектепке барамыз!
Біз мектепке барамыз
Қош бол, балабақша!
Саңырауқұлақ саясында
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 6957 | Қосты: Канапина Ботагоз Бериковна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык