Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Геометриялық пішіндер ғаламшарында


Геометриялық пішіндер ғаламшарында

Геометриялық пішіндер ғаламшарында

Тақырыбы: Геометриялық пішіндер ғаламшарында

Мақсаты: ғарыш туралы ұғымдарын кеңейту, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту. Ойларын, зейіндерін, қиялын шығармашылық қабілеттерін дамыту. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

Алдын-ала жұмыс: Әңгімелесу, дидиактикалық ойындар. Әуен мен дыбыстардың аудиожазулары. Естелік сыйлықтар дайындау. Топтардың ұраны мен сәлемдесуіне әзірлеу.

Топтар залға көңілді әуеннің сазымен кіреді. Жүргізуші төрешілермен топ капитандарын таныстырады.

«Жұлдызшалар» тобының капитаны:

-Біз ғажайып жұлдыздармыз

Менде, олда, сенде

Жарқыраған «Күншуаққа»

Ұсынайық гүлді күнде

Біздің ұранымыз:

Барлық бала: Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін! (қарсы топ балаларына гүлдерін сыйлайды)

«Күншуақ» тобының капианы:

-Біз кәдімгі күншуақпыз

Жылдамбыз, дос жұлдыздарға

Естелікке сыйлықтар ұсынамыыз

Барлық бала: Әрқашан жарқыра, ешқашан сөнбе!

Төрешілер балалардың сәлемдесуін және алда да орындалатын тапсырмаларды бағалайды.

Жүргізуші: Міне, біз топтармен таныстық. Бүгін біздің балаларымыз алысқа, белгісіз ғаламға сапар шеккелі тұр. Ұшу алдында ғарышкерлер сынақтан өтуі керек. Бәріңіз әзірмісіңдер?

Бірінші тапсырма: Топтар ғарышқа аттану үшін өздеріне ғарыш кемесін құрастыру керек.

Жүргізуші бір минут ішінде ғарыш кемесінің сызбасын көрсетеді де, қайта жинап алады. Баллалар бар құрастырма материалдарынан (ол ағаш, пластмасса немесе жұмсақ материалдарынан жасалуы мүмкін, бес минут ішінде құрастырып болуы керек (төрешілер ғарыш кемесінің сызба көрінісімен қаншалықты сай келетінін тексеріп, бағалайды).

Жүргізуші: Ұшу алдында ұшқыштардың білімін тексеруіміз керек.

Кемені тиісті жеріне қондыру үшін ұшқыштар  жұлдызды аспанкартасны ақарап бағыттылу керек.

Екінші тапсырма: Үлкен Аю және Балықтар шоқжұлдызын тауып көрсетіңдер.

Топ мүшелері жұлдызды аспан картасынан шоқжұлдыздарды тауып көрсетеді.

Жүргізуші: Капитандар сайысы. Сіздер ғарыш объектілері: Сатурн ғаламшарымен кометаның «Суретке түсіріп алуларың керек».

Топ капитандары фломастермен «Жұлдыздар» - кометаны «Күншуақ» капитаны – Сатурнды салады.

Жүргізуші: Біз топтардың алыс ғаламға сапар шегуге даяр екеніне көзіміз жетті. Топтың барлық мүшелері ғарыш кемесін қалай құрастыру керек екенін біледі, жұлдыздар картасын оқи алады, шоқжұлдыздар мен кометаларады айыра алады. Жолға шығатын уақыт келді. Ал ұшу кезінде көңілдірек болуы үшін достық жайында ән шырқайық.

«Достық жыры» әуенімен балалар өздері құрастырған ғарыш кемесіне жайғасады. (жарық сөндіріледі, мотор үнінің алдын ала жазылынып алынған аудиожазуда бір-екі секунд естіледі).

Жүргізуші: Оң жағымызда белгісіз ғаламшар. Қонуға әзірленіңіздер (бір-екі секунд мотор гүрілі естіледі. Тәрбиеші тақтаға ағаштардың, үйлердің, көлік түрлерінің геометриялық пішіндерден  құрастырылған көріністерін іледі. Жарық жанады, балалар кемеден шығады).

Жүргізуші: Міне біз ғаламшардың сыртындамыз. Мұнда бәрі өзгеше. Жабынның ар жағынан өзге ғаламдық адам шығады (ата-ана рөлде ойнайды).

Өзге ғаламдық: Сәлеметсіздер ме! Сіздер мұнда қалай келдіңіздер?

Балалар: Сәлеметсізбе біз Жер тұрғындарымыз «Жігер» бала бақшасынанбыз.

Жүргізуші: Сіздің ғаламшар қалай аталады?

Өзге ғаламдық: Геометриялық пішіндер ғаламшары деп аталады. Мен сендердің келгендеріңе өте қуаныштымын.

Жүргізуші: Біздің ғаламшарда ағаштарда, көліктерде, үйлерде мүлдем бөлек, сіздікіндей емес.

Өзге ғаламдық: Мен оларды мүлдем өзгеше елестете алмаймын. Қандай болатынын көргім келеді.

Жүргізуші: Қазір қыздар Жердегі үйлер мен ағаштарды, ал балалар көліктердің әр түрін салып сіздің ғаламшардағыы тұрғындарға сыйға тартады.

Балалар тапсырманы орындайды.

Өзге ғаламдық: Рахмет, ғажайып суреттеріңе біздің ғалымдар бұл көріністерді жіті зерттейтін болады. Ал Жер ғалымдарына геометриялық пішіндер таныспа екен?

Жүргізуші: Тек қана ғалымдар ғана емес біздің балаларымыда геометриялық пішіндерді, олардың аттарын біледі.

Өзге ғаламдық: Қазір тексереміз. (геометриялық пішіндерден құрастырылған заттардың көрінісі бар планатты нұсқайды). Заттардың көрінісін және қандай пішіндерден тұратынын естеріңе сақтаңыздар (Балалар бір минут көлемінде планаттарды қарайды, сонан соң жинап алынады). Столдан геометриялық пішіндерді табыңдар да тап сондай көріністер құрастырыңыздар.

Балалар тапсырманы орындайды.

Жүргізуші: Назар аударыңыздар – Геометриялық пішіндер Ғаламшарда жолбелгілері жоқ.

Өзге ғаламдық: Жол белгілері деген не? (Жүргізуші бағдаршам мен жол белгілері бейнеленген суретті көрсетеді). Қандай қызық! Кейбір белгілерді біздің жолдардағы қозғалыстарды реттеуге де қолдануға болар еді. Маған геометриялық пішіндерден құралған белгілерді табуға көмектессеңдер екен.

Топ мүшелері кезекпен ондай белгілерді тауп, олардың нені көрсететінін түсіндіреді. 

Жүргізуші: Біздің балалар көп біліп қана қоймайды, жақсы ән салып, биелй де алады.

Балалар бірігіп «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін шырқайды, сонан соң көңілді бір би билеп береді (саз жетекшісінің таңдауы бойынша).

Жүргізуші: Бізге сіздің ғаламшарда өте ұнады, біраақ үйімізге, Жерге қайтатын уақыт та болды. Сондықтан да Сау болып тұрыңыз, біз әлі де кездесеміз!(Балалар кемеге отырады, мотор гүрілі естіледі, жарық сөніп, сәлден кейін қайта жанады).

Міне, біз Жерге оралды. Сіздерге Геометриялық Пішіндер Ғаламшарында ұнады ма?

Біздің сяхатымызды қорытындылайық. (Төрешілер сайыстың қорытындысын айтады, барлық қатынасушылар естелік сыйлықтармен марапатталады).


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Геометриялық пішіндер қаласына саяхат»
Ертөстік бізде қонақта. (математикадан қорытынды сабақ)
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндердің ғажайып елі
Геометриялық пішіндердің ғажайып елі
«7 саны»
«Ғарышқа математикамен бірге»
Фигуралар
Пішіндер әлеміне саяхат
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 2517 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык