Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Күннің көзін бұлттан арылтайық


Күннің көзін бұлттан арылтайық

Күннің көзін бұлттан арылтайық

Сабақтың тақырыбы: Күннің көзін бұлттан арылтайық

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Балаларды он көлеміндегі сандарды дұрыс санай білуге, сандардың реттік қатарын жаңылмай айтуға үйретуді жалғастыру, дыбыстардың  айтылуын дұрыс меңгертуБерілген сөздерге дыбыстық талдау жасату

Дамытушылық:   Балалардың берілген тапсырмалар арқылы тілін, ақыл – ойларын дамыту. Балалардың есепке деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Берілген тапсырманың орындалуын түсініп, өз бетімен орындауға, ұқыптылыққа, көпшілік ортада өздерін ұстай білуге тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілі:  түсіндіру, сұрақ –жауап, көрнекілік

Көрнекілік-құралдар: текшелер, суреттер, геометриялық пішіндер лі материалдар.

Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру

Балалар қараңдаршы бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық.
-Сәлеметсіздер ма!
Сабаққа назарларын аудару

Кәне, әдемілеп отырамыз.

Сабағымызды бастаймыз.

Сабақта қандай ұранды айтушы едік

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз

 

Балалар тірі табиғатқа нелер жатады?

Адамдар, жануарлар, өсімдіктер

Оларға не керек? Оларды неге тірі табиғат дейміз?

Өйткені оларға жылу, жарық, су қажет

Оларды біз қайдан аламыз?

Күннен

Күн қайда орналасқан?

Аспан әлемінде, Ғарышта.

Бүгін біз сендермен аспан әлеміне саяхатқа шығамыз. Өйткені біздің күннің бетін бұлт басқан екен. Күннің көзін бұлттан арылтайық

Ғарышқа біз немен барамыз?

Зымыранмен.

Ендеше мына геометриялық пішіндерден зымыран жасап алайық.

Біз ұштық

Ұшқанда артымызда не қалады?

Із қалады

Ізімізді санап отырайық

 Балалар 1-10-ға дейін тура санайық.

Міне, күнге де жеттік

Бұлттардың тапсырмасын орындамасақ орнынан қозғалар емес

1 бұлттың тапсырмасы:

Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай?

Оларды үйлерге топтастырыңдыр

Балалар дауысты дыбыстарды қызыл  үйге, дауыссыз дыбыстарды көк үйге топтастырып, дыбыстарға арналған өлеңдерін айтады.

 бұлттың тапсырмасы:

Сөздерге дыбыстық талдау жаса, текшемен белгіле

АТА, АНА, АҒА, АПТА, АТ, ПАНА

3  бұлттың тапсырмасы:

 Мен сендерге көңілді есеп, жұмбақ жасырайын, шешуін табыңдар: 
Ұлпа жүнін қыздырып,
Күн шуақта бір күшік
Отыр еді маңына
Келді тағы бір күшік.
Нешеу болды сен сана? (2).

Үстел үстінде төрт алма жатыр,
Оның біреуін ағам жеп қойды.
Сонда неше алма қалды? (3).


Екі балапан тұр,
Екі балалапан отыр.
Шатаспай тез ойлансақ,
Тура тауып атасақ,
Тұрғаны бар, отырған –
Барлығы қанша балапан?
 

Төменде  екі қаз ұшады,
екеуі  бұлтты құшады,
Өзеннен көрдік біреуін
Айтқын, қаз нешеу екенін?

Келеді көп құс ұшып;
Кептер, аққу, қос шымшық.
Сауысқан, қарға, торғай да,
Ұшып жүр осы тоғайда.
Қанша құс бар қосып шық. (7 )

 

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі – қайың астынан.
Біреуі – терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

         - Екі мысықтың аяғы нешеу? ( 8)

  • Үш сиырдың мүйізі нешеу? (6)

 

Үйге кірді Алдияр,
Оған қоса Мадияр,
Кейін келді Айдана,
Қанша болды бар бала?

Тауық шықты көшеге,
Ерді барлық шөже де.
Алға кетті 7-еуі,
Артта қалды 3-еуі.
Санай алмай барлығын
Есі шықты тауықтың.
Сен есепте, балақан,
Қанша еді балапан?
 

Әр қолына  Болаттың 
Төрт өріктен бердім мен.
Бала санай білмеді,
Неше өрік ол жеді?


5-тен 4-ті алайық,
Қанша қалды санайық.
Қарайық та санайық,
Санайық та табайық. (1)

 

 бұлттың тапсырмасы:

 Сандарды тап. Көршісін ата

Балаларға сандар көрсетіледі. Оның қай сан екенін айтып, көршісі қай сандар екенін табады.

Міне балалар күннің көзін бұлттан арылттық енді жерге оралайық.

Келген ізімізбен қайта қайтайық

Балалар 10-1 ге дейін керісінше санайды

Ой қандай ғажап. Жерде Жаңа жыл мерекесі болып жатыр ғой

Балалар жаңа жыл мерекесінде ең құрметті адамдар кімдер?

 Ақ сақалды, ақ таяғы бар, қолында қапшық толы сыйлығы бар кім еді?

Аяз Ата

Үстінде әдемі торғын көйлегі бар кім?  

 Ақшақар

Ендеше оларды ортаға шақырайық.

Аяз ата мен Ақшақар келеді

Аяз-ата: Амансыңдар ма халқым:

Жаңа-жыл құтты болсын! Ой айналайындар қандай әдемісіңдер, қандай көңілдісіңдер шыршалары қандай әдемі?

 Аяз-ата, -Біздің балалар  сіздерге арнап  ән , би орындайды, ата аналармен бірге тамашалап демалыңыз.

Аяз-ата: -Бәрекелді, жарайсыңдар өрендерім олай болса тамашалайық

 

Ділназ: Жаңа-жылмен, жаңа жылмен,

                  Құттықтаймыз әрине.

                  Әкемізді, анамызды

                  Қонақтардың бәрін де!

 

Нұрәли:   Далада қар борайды.

                  Ақ мамыққа орайды

                   Қызыл ала шапаны,

                      Сағындым Аяз-атаны.

 

Ерке:        Мұздан моншақ тағынып,

                   Күміс қырау жамылып,

                   Ортада тұр Ақшақар.

                   Көптен күтіп сағынып.

 

Би: « Қызыл өрік»

 

Балғын :  Жаңа жылда, жаңа жылда

                Жаңаша тақпақ айтамыз

                 Болсын риза балаша

                Аппақ біздің атамыз

Темірлан:  Аспан жерге төгеді.

                 Ақ күмісін уыстап,

                 Жаңа жылда келеді

                     Бізге қарай жылыстап

Балнұр: Оралды өлкеме,

                Жаңа-жыл армысың!

                Оралды ақ көрпе,

                Асқар тау, қарлы шың.

 

Сезім:    Ақ таяғын таянып,

               Таңмен бірге оянып

              Аяз ата келіпті,

                  Ақ көрпеге оранып

Ән: « Айгөлек»

Аяз

Рахмет  балалар  тақпақты жақсы    айтады   екенсіңдер  

Балалар Аяз атаға сыйлықтар алады

Аяз ата: балаларды мадақтайды.

 Жаңа бір әңгіме естіп едім осы қонақтардың ішінде үлкен бір қонақ бар екен ол кім өзі?

Аяз-ата бізге келген  қонақтар ата аналар Сол кісіге сөз кезегін берейік.

Аяз-ата:-Бәрекелді міне біздің сыйлықтар.Ал енді балалар тағы да біз барар жерлер көп еді.Сау болыңыздар.

Ақшақар: Келесі кездескенше.

Балалар: Сау болыңыздар.

 Ортаға шығып сөз сөйлеп құттықтау сөз айтатын ата-аналарға сөз беру


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құтты болсын, жаңа жыл!
Қызықты математика
Қош келдің,жаңа жыл,Жаңа жыл!
Жаңа жылдық ертеңгілік
Қайталау
«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»
Математика әлемінде
5 санымен таныстыру
Төрлет, төрлет жаңа жыл!
4 саны мен цифры. Төртбұрыш. Шаршы.
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 2424 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык