Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Математика әлемі»


«Математика әлемі»
 

 «Математика әлемі»

 

Пікір

     Бұл бағдарламада балалардың пәнге  қызығушылығын  оятатын, математикалық ой- өрісінің, шығармашылық қабілетінің дамуына  дәнекер  болатын және өздігінен жұмыс істеу дағдысын  қалыптастыратын  жұмыстар қамтылған. Түрлі есептер, ребустар жұмбақ есептер оқушының қызығушылығын арттыра түсетіні анық. Бағдарламадағы тақырыптар оқушылардың өзіндік ізденулерімен, шығармашылық жұмыстармен толықтырылған.

Бағдарлама баланың танымдық қабілеттерін дамытуға, математикалық сауаттылығын тереңдетуге, оны  өмірде қолдануға мүмкіндік береді.

 Аудандық білім , дене шынықтыру және спорт бөлімінің  әдістемелік кабинет меңгерушісі :                      Р.Қ. Басмағанбетова

Түсінік хат

     Мектепке дейінгі даярлық тобына арналған қарапайым математикалық түсініктерді  дамыту жөніндегі бағдарламаларда балалардың алдынғы  топтарда алған білімдерін  жалпылау, жүйелеу , кеңейту және тереңдету қаралған.

      Балалар мектеп табалдырығын аттайтын кезеңге қарай  жиын мен сан, пішін мен шама туралы өзара байланысы бар түсініктерді меңгеруі, кеңістік пен уақытты бағдарлай алуы тиіс.

     Математикалық байланыстар мен байланыстылық туралы түсінік қалыптастыру , тиісті амалдарды меңгеру даярлық тобындағы  балалардың  көрнекті – бейнелі ойлауын жаңа деңгейге көтеруге  мүмкіндік береді. Балалар көзбен көріп, іштей есептеуге үйренеді, олардың көз мөлшер, пішінді шамалау жылдамдығы арта түседі.

Бұл  жас мөлшерінде  ойлау қабілетін , ойлау дербестігін  дамыту, талдау, салыстыру, қорыту секілді ойлау әрекеттерін дамытудың да маңызы зор.

Бұл бағдарлама мектепалды даярлық топтарындағы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруға қосымша балалардың математикалық білімін кеңейтіп, математикаға деген қызығушылығын арттыру үшін қажет.

Бағдарламада кеңістік, уақыт арқылы бағдарлау, заттарды санау, сызықтар, қазақ халқында жиі қолданылатын сандар, сандар қатары, математикалық ертегі логикалық тапсырмалар, қызықты жаттығулар, дидактикалық ойындар,  есептер, геометриялық пішіндер туралы танымдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.  Сандар мен оларға қолданылатын амалдар, шамалар, есептер және геометрия элементтері де қамтылған. Сондықтан тереңдете үйрету арқылы баланың математикалық сауаттылығы артады. 

              « Математика әлемінде » адаптивті  курс бағдарламасы  аптасына 1 сағат , барлығы 32 сағатқа  арналған.Бағдарлама балалардың жас ерекшеліктеріне бейімделіп жасалған.

Бағдарламаны  оқыту төмендегідей  мақсаты мен міндеттеріне жетудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Мақсаты::

  • Адаптивті курс бойынша балалардың математикалық сауаттылығын арттыру;
  • Балалардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту
  • Баланың ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;
  • меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан-жақты дайыңдауды жүзеге асыру.
  •  

Міндеттері:

  • баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;
  • математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға жөне қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;
  • баланың өмір сүруіне және болашақта мектепте қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.

Адаптивті бағдарлама төмендегідей негізгі ұстанымдарға сүйенеді: ғылымилық, білім берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнішіндік және пәнаралық интеграция, оқушылардың дара жетістіктері мен шығармашылығын ескеру.

Ғылымилық ұстанымы кіші жастағы оқушылардың күнделікті өмірде және оқу барысында ғылыми терминдер мен ұғымдарды меңгеру және қолданысқа енгізу үшін қажетті жағдайлар жасауды көздейді.

Үздіксіздік ұстанымы мектепке дейінгі дайындық 

р/с

ұйымдастырылған оқу    іс- әрекетінің  тақырыбы

ұйымдастырылған оқу

іс- әрекетінің

мақсат, міндеттері

Сағат саны

мерзімі

      

қолданылатын  ойындар

1

 

Кеңістікті

бағдарлау

«Оңға – солға», «алға - артқа» т.б жұп түсініктерді меңгерту,  айқындау . Жазық бетте бағдарлау дағдысын дамыту.

  1

 

«Суретшілер» 

     ойыны

2

 

Заттарды санау

Апта күндерінің, жыл мезгіл-   дерінің, айдың атауларымен таныстыру, оларды  peтiмен атауға үйрету.

Heшінші? сұрағына жауап беруге дағдыландыру.

 

   1

 

«Ненің қайда орналасқанын тап» ойыны

 

3

 

Уақыт арқылы

бағдарлау

Уақыт аралығы туралы түсінік қалыптастыру.

Бұрын, кейін, алдымен, содан кейін, сонан соң, соған дейін ұғымдарын орынды айта білуге машықтандыру.

  1

 

«Кешкі саяхат»  дидактикалық ойыны

4

Сызықтар

Сызықтар. Нүкте. Сәуле. Бұрыш. Keciнді. Геометриялық пішіндер туралы түсінік беру, оларды ажырата білу және оны сызу. Сызық түрлері түзу, қисық сызық, тұйықталған қисық сызықты т.б математи- када қолдана білу.

 

  1

 

«Ұлудың  жолы» ойыны, «Нүктелер достығы» ертегісі

5

Сандар сыры

 

Сандардың сыры туралы ұғым беру. Оқушылардың  дүние -танымын  қалыптастыру, ынта- сын  арттыру, есте  сақтау қабілеттерін дамыту

  1

 

«Не  өзгерді?»    

     ойыны

6

Қазақ халқында жиі қолданылатын сандар

Халқымызда жиі қолданылатын  сандармен таныстыру, олардың мазмұнын түсіндіру.

  1

 

«Жоқ санды тап» ойыны

7

Үштік , жетілік

Үш, жеті сандарының халық арасында киелі сандар  екенін  ұғындыру.

  2

 

«Кім көп көреді?»  ойыны

8

Математикалық

ертегілер

   Баланың  логикалық  ойлауы,              

шығармашылық  қабілетін  дамыту.

  1

 

   «Цифрлар айтысы» ертегісі

9

0       саны

Бір таңбалы

сандардың қатары

 

0 саны мен оның жазылуын меңгерту.

Артық, кем, тең ұғымдарын қалыптастыру. (=,<,>)

 

1

 

«Шаршы ішінде тұрғандай» ойыны

10

 

«+», «-» таңбалары

 

Қосу және азайту  амалдары, олардың  «+»,«-» таңбаларымен  таныстыру .Қарапайым  өрнек- тер шығаруға   дайындау.

1

 

«Нешінші  гүлді жасырдым» 

    ойыны

 

 

 

11

Салыстыру

10 көлеміндегі сандарды салыстыруды меңгерту.

 

2

 

«Ғажайып қапшық»

ойыны

12

Есеп  оның

құрылымдық элементтері туралы

түсінік

Есептің шарты , сұрағы , шешуі, жауабын  табуға машықтандыру

2

 

 «Математикалық жорықтар»  ойыны

13

 

Сандар  құрамы

 

 

 

 

Балаларды есептеуге дайын -дау үшін сандар құрамымен таныстыру .

 

2

 

«Вагондардың ретін ата»  ойыны

14

Дидактикалық

ойындар

Оқушылардың  қызығушы -лығын  арттыру.   Өткен материалдарды  бекіте  түсу.

 

1

 

«Жасырынбақ»  ойыны

15

Геометриялық

фигуралар

Геометриялық  фигуралар туралы оқушылардың білімін толықтыра түсу , олардың мәнді белгілерін ажырата білуге төселдіру.

 

2

 

«Геометриялық мозаика»  ойыны

16

Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу.

 

Бірдей қосылғыштардың қосындысын табудың мән -мағынасын ашу .

1

 

«Не жоқ?»,

«Не өзгерді?»  ойыны

17

  Қызықты жаттығулар

 

 

Түрлі қызықты жаттығулар барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

1

 

«Танграм»  ойыны

18

  Екі таңбалы  сандарды, оқу, жазу және салыстыру.

 

 

 

Екі таңбалы  сандардың ондықтардан  және бірліктерден  тұратындығын меңгерту.

2

 

«Жоғалған санды тап» ойыны

19

1 – 20 көлемінде санау

20 – ға дейінгі  сандар қатарымен  таныстыру , 20 көлемінде реттік санауға үйрету                                           (тура және кері тәртіппен)

1

 

«Дүкен» ойын

20

      Логикалық    

    тапсырмалар

 

 

Түрлі логикалық ойлауға арналған тапсырмалар арқылы баланың қабілетін дамытуы.

1

 

«Қандай зат екенін тап»   ойыны

21

 

1 – ден 20 – ға дейінгі  сандар және олардың  таңбалануы

 

 

 

1-ден 20 – ға дейінгі сандарды тура, кері санауға машықтан -дыру, олардың таңбалануын үйрету

 

2

 

«Көршісін тап»  ойыны

22

 

Математикалық 

      домино

Шапшаң есептей  білуге  машықтандыру.

1

 

«Ойыншықты тап»  ойыны

23

 

Математикалық 

     ребустар

 

 

  Ребустарды құру, шешу арқылы шығармашылыққа баулу .Түрлі тәсілдерді іске асыру.

1

 

«Лото» ойыны

24

 Өтілген материалдарды қайталау

 

 

Оқу жылында оқып үйренген мәселелерді оқушылардың игеру дәрежесін анықтау

2

 

«Әрі қара, сана»,«Құпия»  ойыны


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауыш сыныптарда математика пәнінің оқытылуы
Үш таңбалы сандарды оқу, жазу, және салыстыру.
Үш таңбалы сандарды оқу, жазу, және салыстыру.
«Бұрыш, тікбұрыш, тіктөртбұрыш».
0-ден 20-ға дейінгі сандар.Қосу және азайту.
Математика әлемі
Қызықты математика әлеміне саяхат
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика курсы
Математикалық сандықша
9 санымен таныстыра отырып,тура,кері санауға үйрету
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 15492 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык