Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Менің Қазақстаным - менің болашағым»


«Менің Қазақстаным - менің болашағым»

«Менің Қазақстаным -  менің болашағым»

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным -  менің болашағым»

Мақсаты:

                   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы  туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп  толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту.

             Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы (балалардың суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдер), Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздері.

Қанатты сөз:

  1. Туған жер – алтын бесік.
  2. Отансыз адам , ормансыз бұл-бұл.

Сабақтың барысы: Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады.(Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.

-Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз – тәуелсіз мемлекет.Яғни ,біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан; өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік  туы бар. Біздің ұлттық тіліміз –қазақ тілі. Республикамыздың президенті – Н.Ә.Назарбаев.

    - Балалар, мынау біздің еліміз- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Тудың ортасында күннің 32 шұғыласы, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түсті.

    Балалармен сұрақ –жауап  арқылы түсінгендерін пысықтайды.

     - Балалар, тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?

    -  Күн, құс пен оюдың бейнесін көріп тұрмыз.

    - Иә, өте жақсы, дұрыс айтасыңдар.

    - Ал, енді, балалар,  мемлекеттік туымыздың  түсі қандай екен?

    -   Мемлекеттік туымыздың түсі: көк, көгілдір .

    -  Неге ұқсайды?

    -  Аспанға ұқсайды.

    -  Біздің мемлекеттік туымыз аспан түстес көк екен.

Балалардың жаттаған  «Қазақстан жалауы» деген өлең жолдары тыңдалады.

 

Аспан түстес көгілдір,

Тік бұрышты матаның.

Ортасында төгіп нұр,

Күн жаяды шапағын.

 

Астында оның қалықтаған,

Қыран құстың бейнесі.

Азат елдің шалқыған,

Көңілі де білерсің.

 

Есте белгі ұрандар,

Сары алтындай сақталған.

Күн шұғыла қыранда,

Алтын түске қапталған.

 

Сол жағында матаның,

Сары түсті жолақ бар.

Мұратындай атамның,

Әсем өрнек ол ұлттық!

  • Мынау біздің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекеттік Елтаңбасының негізі – шаңырақ. Ол – Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекетттің түп негізі – отбасының негізі. Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты Тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.

     
    Балалармен әңгіме жүргізіліп, «Біздің елтаңба»  деген тақпақ айтылады.

Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар.

Әсем бейне сен көрген,

Жай белгі емес ұгып ал!

Көгілдір түс аясы,

Бейбіт дала елесі.

Шаңырақ – жұрт  панасы,

Уықтар  -күннің сәулесі.

Сүйсіндірер өзіңді,

Түсіне біл таңбаны.

Аңызда ұшқыр төзімді

Пырақ халық арманы.

Жоғарыға түсер көз,

Бес бармақты жұлдызға,

«Қазақстан» деген сөз,

Таныс барлық ұл-қызға.

Мағыналы , сымбатты,

Бар осындай белгіміз.

Маған, саған қымбатты

Елтаңбасы ол-еліміз!

                  СЕРГІТУ СӘТІ:Бір шаңырақ астында,

                                               Тату-тәтті тұрамыз.

                                                Бірге ішеміз асты да,

                                                Бірге сайран құрамыз.

                                                Достықты үлгі санаған,

                                                Бір үйде біз тұрамыз.

                                                Қалған ата-бабадан.,

                                                Бірлік асыл мұрамыз!

-Ата –бабамыздың өткен өмір     жолына біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке көтеріледі.

(Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).

Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы: Ә, балам, атаң не атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!

Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?

Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихи емес пе?

Немересі: Ол қандай болған?

Атасы: Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:

        Болмаса да оқыған тарихшы атаң,

        Жинадым ескілерден тарих хатын.

        Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

        Айтылған аталардың аманатын.

        Есімі еш адамның өшпейді екен,

       Артында ұрпақ жүрсе өздерінде,

Ұмыттырмас «Жеті атасын» парыз екен,

Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.

«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп,

Өткендерін қалай да білесін деген.

     Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих?

      Менің елім – Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің (кәрісі бар, жасы бар) көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым, көп толғандым. Елім жайлы, алтын бесігім туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екем?!

           Құс ұясыз,

           Жыртқыш інсіз болмайды.

           Отансыз жан өмірінде оңбайды,

           Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.

           Тірі адамға сол қайғы,

деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар.

Бала : Қазақстан туған өлкем.

              Жер көп пе сендей көркем?

              Көрсін деп күллі әлемге,

              Жалауыңды желге желпем.  

(Ата мен немересі  шығып кетеді.)

Ойын:

«Туған жерді гүлдендір»

(Балалар алдын ала  суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып,әуен ырғағымен жүріп  Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.

-Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне, сендерсіздер.

Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.

      «Туған жер –алтын бесік» - демекші, балалар, бүгінгі  сабақта   айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік – деп  сабақты аяқтайды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Мемлекеттік Рәміздер
«Тәуелсіздік ел – тілегі».
Менің Отаным - Қазақстан.
Мемлекетті рәміздер.
«Тәуелсіздік ел – тілегі».
Мәтінді пішімдеу
Диктант
Біздің Отанымыз-Қазақстан
Шағын жинақты мектептердің 3,4-сыныптарына арналған қазақ тілінен сабақ
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 3242 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык