Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылар аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздер жөніндегі білімдерін жан – жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.

2. Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Ой – өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.

Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі – түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал – мәтелдер, Отан, жер туралы нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

Кіріспе бөлім:

         Қазақ елі ұлан байтақ. Бір қиырынан екінші қиырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылған деп суреттеледі аңыздарда. Айтса айтқандай, батысынан шығысына 3000 шақырым, солтүстігінен оңтүстігіне 1600 шақырым, жалпы аумағы 2717,3 мың шаршы шақырым алып аймақты қалай әсірелесе де  тұрарлық.

         Осындай кең  - байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз «іңгәсі» бар. Ол – көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны. Еркіндікке ұмытылған қай ел, қай халық та өз дауысымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды. ҚР – ның Ата заңының 9 – бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Гимні бар» - делінген. Сондай – ақ осы заңның 34 –бап, 2 тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті» - делінген. Олай болса «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер.

Біздер тәуелсіз  қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізі естен шығармайық.

Сұрақ: Отан деген не?

«Қазақстан»

Отан –жерім, Отан –суым,

Отан –қуат, нәр береді...

Отан ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Қазақстан

Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Тұңғыш Президент. \1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.\

Сұрақ: Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан елбасшысы Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. – Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы – Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.

Сұрақ: Қазақстанның Елбасы туралы кім, қандай өлең біледі?

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы.

Шықты тарап ой –данадан,

Бері қарап жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар Президенті

Оянады көңілден қайдағы арман,

Бақыт желі ескендей жайлап алған.

Президентім бар менің,

Елі түгел,

Ақ киізге көтеріп сайлап алған.

Еңселі Елтаңба.

Елтаңба дегеніміз не?

Негізі «Герб» сөзі неміс тілінен аударғанда «ербо» - мұра деген мағынаны білдіреді. Ал дәл осы ұғымды тіліміздегі «таңба» деген сөз анық жеткізеді. Бұл әрбір елдің, қаланың,  әрбір рудың, жеке адамның бейнесі белгіленген шартты және ерекшелік белгісі. Елтаңба иесінің тарихымен тығыз байланысты болады. Елтаңба сол елдің заңына байланысты анықталады және заң бойынша бекітіледі.

Геральдика (елтаңбатану) және вексилология (тутану) атты ғылым салалары өмірге келгелі бірнеше ғасыр өтті. Бұл жөнінде алғашқы кітаптар XVI ғасырда – ақ белгілі болған. Француз тарихшысы Менестрэ 1650 жылы осы мәселені үңгіп жазған үлкен еңбегі үшін елтаңбатану  ілімінің атасы атанды.

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен – таңба.

Сұрақ: Елтаңба құрылымы неден тұрады?

Елтаңба негізінен жайматақта (қалқан) және оның айналасындағы кескін, бейнелеулерден тұрады. Елтаңбаның негізі батырлардың қалқандарының көшірмесі ретінде ашылған.

Сұрақ: Геральдика тарихында бұрын – соңды болмаған Қазақстан елтаңбасындағы қандай бейне?

Шаңырақ тектес елтаңба бұрын – соңды әлемдік геральдика тарихында болмаған. Қазақтың қасиетті қара шаңырағының бейнесі бүтін қазақ елінің символы іспеттес. Қара шаңырақ- біздің ұлттық алтын бесігі. Асыл діңгек аман болса, алтын бесік мәңгілік  өмір жырымен тербеле береді деген ұғым бар.

Сұрақ: Қазақстан елтаңбасындағы бесбұрышты жұлдыз нені білдіреді?

Тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей ашық,  әлемдік өркениет көшіне өз болмыс -  бітімімізді  сақтай отырып ілеспек ниетіміз бар  дегенге меңзейтін бесбұрышты жұлдыз.

         Бесбұрыш формасы Күлтегін ескерткішінде  де қолданылған. Аспан денелерін, әсіресе, күн мен айды, одан кейін жұлдыздарды кие тұтатын халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын да арқалап тұр ол.

 

Біздің Елтаңба

Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар

Әсем бейне сен көрген

Жай бейне емес, ұғып ал!

Көгілдір түс аясы –

Бейбіт дала елесі.

Шаңырақ  жұрт панасы,

Уықтар – күн сәулесі.

Сүйсіндірген өзіңді

Түсіне біл таңбаны:

Аңызда ұшқыр, төзімді

Пырақ халық арманы.

Жоғарыда түсер көз

Бестармақты жұлдызға,

Ал «Қазақстан» деген сөз

Таныс барлық ұл – қызға.

Мағыналы, сымбатты

Бар осындай белгіміз –

Маған саған қымбатты

Елтаңбасы ол – еліміз!

Сұрақ: Мемлекеттік елтаңбаның авторлары  кімдер?

Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уалиханов.

Тұғырлы туымыз.

Сұрақ: ту деген не?

Бәрі болған қараң сынды көне

Ел белгі де, ерлік өнерде.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?

Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жауынгерлік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу – өліммен тең болған. Өзімізге белгілі  қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған.  Сондай бір қиын – қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілқайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.

         1992 жылы 4 маусым – тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР – ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы мацсым айында тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.

         Ту («флаг» нидерл.) ағаш сапқа немесе бауға ілінген белгілі бір түсі, көбіне эмблемасы бар мата.

Сұрақ: Мемлекеттік ту дегеніміз не?

Мемлекеттік ту  - елдің Тәуелсіздігін білдіретін ресми билік нышан.

Сұрақ: Тудың сипаттамасы қайда тіркеледі?

Мемлекеттік тудың негізгі сипаттамасы Конституция бойынша бекітіліп, тіркеледі.

Мемлекеттік тудың негізгі элементі оның түсі екендігі де дау тудырмаса керек. Ең көп тараған деректер бойынша, мысалы, қызыл ту ерлік таныту, күрес, қауіп төндіру, бас көтеру және шу шығару деген ұғымдарды білдіреді. Ақ ту – бейбіт ниет, жауға қарсыласпай берілу, қара ту – қайғы, жоқтау және қарсылық білдіру белгісі деп саналады.

         Әр халықтың, әр ұлттың жанына жаққан, айрықша қастерлейтін өз бояуы, өз түсі де болады. Осыған орай ұлттық бояу деген ұғым кең таралған. Оның терең танымдық мәні, қолдану үрдісі және әріден бастау алатын төл тарихы болады. Әдетте, ұлттық бояу ұлттық өнер туындыларында, ою – өрнектерде, киім кешектерде, тұрмыстық заттарда жиі қолданылады. Ол сол себепті халықтың табиғи болмыс – бітімі мен мінез – құлқынан да хабар беріп тұрады деп есептеледі.

Сұрақ: Қазақстан туының көк түске боялу себебі?

Танымдық тұрғыдан алғанда, қызыл оттың, жылу мен қанның, жасыл шөптің, өсімдіктің, қара жердің, суықтың, қараңғылықтың, ақ – судың белгісі болып саналса, зеңгір көк аспанның, ауа мен құрлықтың белгісіне баланады.

         Алғашқы геральдистердің бірі Ансельм жасаған кесте бойынша, ол –адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен бейкүнә пәктіктің нышаны, әрі осы реңдес ту көтерген елдің саясатына ерекше сенім көрсетуге болады деген ойға жетелейді.

         Сұрақ: Қазақ жерінде ту қашан пайда болды?

Ту көтерген батыр бабалар бейнесі сонау ерте замандарда жартаста сызылған суреттерде айқын бейнеленген. Байрақтың түсіне келер болсақ, «Көк асаба» аталған көне байрақ түсі Көк аспан әміршісінің белгісіне балаған.

Сұрақ: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының ресми анықтамасы?

Қазақстан жалауы

Аспан түстес көгілдір

Тік бұрышты матаның

Ортасында төгіп нұр,

Күн жаяды шапағын.

 Астында оның қалқыған

Қыран құстың бейнесін

Азат елдің шалқыған

Көңілі деп білерсің.

Еске белгі ұрандар

Сары алтындай сақталған,

Күн, шұғыла, қыран да

Алтын түспен апталған.

Сол жағында матаның

Қызыл түсті жолақ тік:

Мұратындай атаның

Әсем  өрнек ол ұлттық.

Көк байрағы бабаның –

Бүгінгі  ұрпақ алауы,

Мияты әке, баланың –

Қазақстан жалауы!

Тудың ені мен ұзындығының бір –біріне қатынасы ½ бөлшегімен өрнектеледі. Яғни ені 1,5 метр болса, ұзындығы 3 метр болады.

Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Босағада қалып кеткен Елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді.

Асқақтаған Әнұран.

Сұрақ: Әнұран дегеніміз не?

Қытайлар гимнді «гоге» - мемлекет өлеңі, мемлекет әні десе, арабтар оған отан өлеңі, отан әні деген мағна береді.

         Қазақ халқының басына түскен қасіретті баяндайтын әлемдегі болмыс бітімі бөлек ұлттық әнұран.

Қазақтың «Елім – ай» әні – әлемде теңдесі жоқ болмыс – бітімі бөлек ұлттық әнұран. Әдеттегі әнұрандарда, негізінен, мадақтау сарыны басым жататын болса, бұл ел  әнінің қуаты бүкіл халық басына  түскен қасіретті боямасыз баяндай отырып, рухты жасытпай, қайта елдік пен ерлікке шақыратын оптимисттік сезім оятатын қасиетінде жатыр.

 Бұл ән 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында «Менің қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының  бейресми әнұраны болған еді.

Батырлықтың уызына жарыған,

Ер түркіні байрағынын таныған

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран.

Гректің «Гимн»    сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің  де әрбір ру –тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған, елді жау шапқанда жер –жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырылған. Балалар қазақ халқының «Бізді таныдыңдар ма?» деп, әлемге жар салған Әнұранның әнін жазған, сөзін жазғандар кімдер?

Оқушылар жауабы: Әні: Шәмшә Қалдаяқов. Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов.

ҚР – ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар. 2006 жылы 7 қаңтардағы Конституциялық  заңға сәйкес ҚР – ның Мемлекеттік Әнұранының  музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Алғаш рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде «Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды. Бұл әнұранның сөзі Республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылыдқ сезімдегі ән.

Олимпиада -  2012 жыл

Лондон төрінде еліміздің Әнұранын асқақтатқан, туын желбіреткен  кімдер?

Жетісулық Мая Манеза, Зульфия Чиншанло, Севетлана Подобедова,Александыр  Винокуров, Илиья Ильин, Ольга Рыпакова.

Ойындар мен тапсырмалар

 

№1. Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:

Елтаңба                        Байрақ                         Әнұран

Ел                                 бай                                ән

Таңба                                     Ай                                 ұра

Таң                               қар                                ұн

Аң                                 ар                                  нан

№2. Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.

  • Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген. (Елтаңба)
  • Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)
  • Республика, облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. (Әнұран)

Қорытынды: 2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздердің 16-5 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.Ә. Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсміздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі

         Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын. Ұлттық  салт – санасын,  қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман – тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр»   деп атап көрсетті.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің Отаным –Қазақстан
Мемлекеттік Рәміздер
Мемлекетті рәміздер.
Мемлекеттік рәміздер –ұлт мақтанышы.
«Менің Қазақстаным - менің болашағым»
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым
Мәтінді пішімдеу
Мемлекеттік рәміздер -ұлттық мақтанышым
Біздің Отанымыз-Қазақстан
Шағын жинақты мектептердің 3,4-сыныптарына арналған қазақ тілінен сабақ
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 7550 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык