Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қош бол балабақшам!


Қош бол балабақшам!

Жамбыл облысы,Т. Рысқұлов ауданы,

Құлан ауылының «Балауса»балалар бақшасының тәрбиешісі:

Мансурова Амина Шакиртовна.

Қош бол балабақшам!

Тәрбиеші сөзі: Армысыздар құрметті қонақтар! Ата-аналар! Міне бүгін бірнеше жыл мәпелеп,күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұядан ұшырып,метепке шығарып саламыз. Мінекей біздің балаларымыз балабақшаға зор алғыстарын білдіре отырыпы,қимай-қимай қоштасқалы отыр. Осы мерекелік салтанатымызды бізбен бірге бөлісіп қызықтауларыңызды сұраймыз.

Лүпілдеп балғын жүрегің

Қаққандай өмір есігін

Атқарып лағыл тілегін,

Хош алды мектеп бесігін

Тұп-тұнық араманға ұласып,

Қиялы тәтті бүлдіршін

Есейіп ертең сен ашар

Жаңалық алда кім білсін.-деп Қазақстанның болашақ барыстарын егеменді еліміздің кішкентай кірпіштері боп қаланғалы отырған бүлдіршіндерімізді қол соғып қошеметтеп ортаға шақырамыз.

Қазақстан Республикасының Әнұраны.

Тәрбиеші сөзі: Кеудемде мені тербеттің

Жасшыбық енді көктеді

Мінекей мен де ер жеттім

Еңбегің бекер кетпеді.-деп келесі кезекті балалардың орындауындағы «Біз мектепке барамыз»әнін тамашалайық.

Ғажайып сәт: (Осы кезде Сайқымазақ кіріп шарымен билеп келеді.Айналып билеп жүріп,тақтадағы сандарға кезігеді де,көңілі түсіп кетеді.)

Сайқымазақ: Қалайсыңдар балалар! Осы сандар менің артымнан қалмай- ақ қойды.Ал мен болсам бұл сандарды білмей-ақ қойдым.Мен сандарды санай алмаймын,ал сендер санай аласыңдар ма?

Тәрбиеші сөзі: сайқымазақ біздің балалар математика оқу іс-әрекетінен өте керемет.

1.Кім санай алады?

2.Кім орыс және ағылшын тілдерінде санай алады?

3.Геометриялық пішіндерді кім атап бере алады?

Сайқымазақ: Ой балалар,сендер керемет санай алады екенсіңдер ғой.Ал сендер ертегі білесіңдер ме? Маған бір әдемі,керемет ертегі айтып бересіңдер ме?

Көрініс: «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен көрініс көрсетеді.

Тәрбиеші:

Айгөлек –ау айгөлек

Айдың жүзі дөңгелек

Айдай толған

Би-билеймін дөңгелеп.-деп келесі кезекті біздің балаларымыздың биін тамашалаңыздар. «Вальс»биі

Тақпақтар:

Заңғар: Сезімді туған баламыз

Оянды ақыл санамыз

Адалдықтың бастауын

Сенен алып барамыз

Жангелді:  Оқимыз білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Бақшамызбен қоштасып

Біз мектепке барамыз

Ержігіт:  Үлкендердей тап-таза

Жазамыз білім аламыз

Үлгілі бала боламыз

Жүретіндей мақтана

Осы кезде ортаға «Қолтырауын мен Чебурашка»келеді

Қолтырауын: Қалайсыңдар балалар! Сендерді мектепке барады деп естідім. Менің досым Чебурашканы да оқытуды үйретесіңдер ме? Мені қуантатын әндерің бар ма?

Ән: «Қолтырауын Гена»

Би: «Домбыра»

Осы кезде ішке журналист бейне камерасымен келеді.

Журналист: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен КТК телеарнасынан келдім. Сендердің ертеңгіліктеріңді естіп арнайы келдім. Сендерді теледидардан көрсететін болады.Менің сұрақтарыма жауап беріңдерші.

1.Балалар сендер өскенде кім болғыларың келеді?

2.Сендер шет тілінде тақпақтар мен өлеңдер білесіңдер ме?

3.Балабақшадан сендер не үйрендіңдер?

Би: «Ойыншықтар»

Балабақшаға деген алғыс тақпақтары. Дипломмен марапаттау рәсімі


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ертегілер еліне саяхат»
Қош, балалар бақшасы!
«Қош бол балабақшам!»
Даярлығым,қош енді!
«Ойыншықтарды қимаймыз- бөбектерге сыйлаймыз»
«Қош бол ,даярлық сыныбым»
Қоштасу кеші
Біз мектепке барамыз
Қош бол, балабақша!
Mектепалды даярлық тобының қоштасу кеші
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 2703 | Қосты: Мансурова Амина Шакиртовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык