Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сыйынар ем ана деген тәңірге!

Сыйынар ем ана деген тәңірге!
Сыйынар ем ана деген тәңірге.
Ау балалар, бәрің қандай керемет, сұлу жігіт болып кеткенсіңдер!
Біздің сыныбымыздың қыздары қайда?
Балалар: Апай олар мана киім дүкеніне, сән салонына барамыз деп жатыр еді.
Жүргізуші: Олай болса қыздарымыз сәнденіп болған шығар, мерекеміз де басталып кетті, тезірек шақырайық
Қазір мен сән салонына хабарласып көрейін.
Ало, саламатсыз ба бұл сән салоны ма екен? Сіздерге біздің дайындық сыныбының қыздары шаштарын сәндеуге барды ма?
Сән салоны: Иә. Олар мана келіп шаштарын сәндетіп кетті.
Жүргізуші: Балалар қыздарымыз сән салонынан мана шығып кеткен екен, біз ертеңгілігімізді бастай берейік, әне – міне қыздарымыз да келіп қалар.
Музыка ырғағымен сәнденіп құлпырған қыздарымыз келеді.
Балалар, қыздарымыз да келе жатыр екен, қандай әдемі болып, құлпырып кеткен. Балалар қыздарымыздың қасындағы кім?
Балалар: Гай қызметкері.
Гай: Сәлеметсіздерме балалар, сәлеметсіздерме қонақтар!
Мен жол тәртібін реттеп тұрсам, қыздарыңыз жолдан өте алмай тұр екен. Оларға көмектесіп қайда баратындарын сұрасам мектепке баратындарын айтты. Сосын оларды осы жерге мектепке алып келдім.
Жүргізуші: Сізге көп – көп рахмет, біздің қыздарымызға көмектескеніңізге. Келіңіз отырып біздің мерекені тамашалаңыз.
Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар мен ұстаздар.
Иә, бәрімізге осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат. Ана бұл өте қасиетті, мейірімді жылы сөз. Ана деген әлемнің жан дүниесі, бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Бұл сөз кімді де болса елең еткізбей қоймайды. Олай болса бүгінгі аналарға арналған, өздеріңіздің балаларыңыз дайындаған ертеңгілік мерекелік концертін тамашалауға шақырамыз. Ендеше құрметті ата аналар балаларыңыздың ақ тілектерін қабыл алыңыздар.
Нұрсая мен Мерей келе ғойыңдар.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.

Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық деп шашу шашады.
Кезекті бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған айдай аналар мен аяулы әжелерімізге арналған тақпақпен жалғастырамыз.
Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаншымасын еш қашан
Аналардың жүрегі
Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым

Анам менің панам ғой
Содан қорған табам ғой
Асықпа анам ертең – ақ
Отын болып жанам ғой
Анам менің асыл жан
Құшағы нұр шашылған
Күн секілді күледі
Сипап ылғи басымнан

Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең
Мұрат, мүлде мақсатым
Жақсы күн мен жақсы түн
Нағыз бақыт ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін

Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Сегізінші наурыз келді
Шаттық сезім ап келді
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймын сіздерді

Жамандықтан сақтандырып
Жақсы ісімді мақтан қылып
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып
Еркелесең күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.
Би: Сәнді қыздар мен ұлдардың орындауында би.
Жүргізушіі: Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар көңіл қойып, ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз.
Ән: Анашым.
Ойын: Құрметті ата аналар балаларымыздың ойынын тамашалаңыздар.
Ойын шарты: Орындыққа гүл қоямын. Ортада екі ұл мен екі қыз вальс билейді. Музыка тоқтаған кезде екі ұл бала жүгіріп барып орындықтағы гүлді алып өзінің билеген қызына ұсынады. Қайсысы бұрын гүлді алса сол жеңімпаз болады.
Көрініс: Ақ жаулықты әжелеріміздің құрметіне « Әже мен немере» арасындағы көріністі тамашалаңыздар.
Қазақша киінген әже іс тігіп отырады, немересі қасында ойнап жүреді.
Әже: Жүрегім кім менің?
Немере: Мен!
Әже: Тірегім кім менің?
Немере: Мен!
Әже: Жаным кім менің?
Немере: Мен!
Әже: Сәнім кім менің?
Немере: Мен!
Әже: Ботақаным бағлан қозым
Не деген тәтті баласың өзің
Ой қарғам, менің
Немере: Жоқ, әже қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын
Керегі жоқ ондайдың
Қарға қарқ – қарқ етеді
Алысқа ұшып кетеді
Қасыңда боп әрдайым
Мен ешқайда бармаймын
Жүргізуші: Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, тұла бойына сұлулық тұнған, арқаның ажарындай нұрлы, келбетті, аяулы аналарымыздың құрметіне арналған тақпақтарымызды жалғастырамыз.
Адамзат қуат алар ақ сүтінен
Мәпелеп әлдилеген пейілін кең
Аналық махаббаттың кәусар бұлақ
Сөнбейтін ақ жүрегін мәңгі шырақ
Алтын анам жасынан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі жаным деген сая маған.

Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Аялы қолды талпынтқан
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегін
Қорғасындай балқытқан

Ана десем шешек атым жанары
Өмірімнің бастау алар жан әні
Ана деген тіршілікте пана бар
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады
Ана десем сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық

Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Ұланды ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым.

Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөзі баланың
Анаға айтар лебізі
Анасыз жоқ бір күнің
Әжесіз жоқ бір күнің
Ұсынамыз біз бүгін
Сөздің сұлу шоқ гүлін.

Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін
Мәпелеген анамды
Қуантсам деп келемін

Жүргізуші: Мың бұралып би билеп
Ән де салып береміз
Осылайша шаттықпен
Біздер өсіп келеміз деп қыздардың биіне кезек береміз. Би:
Ойын: Осы балалардың тәтті тілдерімен айтылған өлең жырларынан кейін ата – аналар сіздерді бір серпілтіп ойын ойнасақ дегім келіп тұр.
Ойын: «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Әр түрлі сұрақтар қоямын, сіздердің берген жауаптарыңыз А әрпінен басталатын болу керек.
1. Сіздің есіміңіз? 2. Балаңызды қалай еркелетесіз?
3. Сіз жұмыс жасап отырсыз ал, балаңыз маза бермей жатыр, не деп айқайлайсыз? 4. Жақсы көретін мерекеңіз?
5. Сүйіп ішетін тағамыңыз қандай? 6. Қандай санды ұнатасыз?
7. Жақсы көретін әніңіз қандай? 8. Қандай көкөніс пен жемісті ұнатасыз?

Жүргізуші: Бүгінгі мереке аналардікі ғана емес, ардақты әжелердің де мерекесі. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті ақ жаулықты әжелер.
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әженіде ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Әлпештеген баласын
Ана-бақыт ана-жыр
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.

Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе дана әжем
Шай қайнатып берейін
Шекер салып жан әжем
Өзім құйып берейін
Балдай тәтті бал әжем.

Үлкен болған кезімде
Сыйлық әкеп әжеме
Таң қалдырып бар елді
Өте жақсы көремін
Өйткені мен әжемді
Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.

Өзің мені өсірген
Айналайын, ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы ақ әжем
Шай қайнатып келейін
Шекер салып жан әжем
Өзім құйып берейін
Балдай тәтті бал әжем.

Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Менің әжем, ақ әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем
Ертегі айтып бер десең
Айтып берер тағы әжем
Жүргізуші: Сонымен балалар ана деген кім болды?
Ана – қамқоршы. Ана – бақытың. Ана – тірегің.
Ана – қорғаның. Ана – болашағың. Ана – ақылшы.
Ана – сүйенішің. Ана – жанашырың. Ана – байлығың.
Ана – үйдің жылуы.
Жүргізуші: Аналардың жанарында
Тұратындай таң күліп
Барлық бала өз анасын
Сүйіп өтер мәңгілік.
Ендеше осындай балаларды дүниеге әкеліп, жарық күн сыйлаған аналарымызға бәріміз бас иейік.
Жүргізуші: Кезекті сыныбымыздың мақалшыларына береміз.
Ақ шашты ана «жастығым – балам» дейді
Ақылды бала «ай – күнім - анам» дейді.

Алты ұл тапқан ананы «ханым» десе болады
Сыйласа білген адамды «жаным» десе болады.

Ана алдында құрмет
Ата алдында қызмет

Ана жақсылығын ауырсаң білерсің
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің

Аналы баланың өзі тоқ Ананың ізін қыз басар
Анасыз баланың көзі тоқ Атаның ізін ұл басар

Ана сүті бой өсіреді Атасыз үй - батасыз
Ата тілі ой өсіреді Анасыз үй - панасыз

Әдепті бала ата – анасын мақтатар Аға әдепті болса іні әдепті
Әдепсіз бала ата – анасын қақсатар Апа әдепті болса сіңлі әдепті
Би: Кезекті ұлдарымыздың орындауындағы биге береміз.
Би «Моряк».
Ән: Ана деген – алтын қазық, алтын бақ – дей отыра, бүлдіршіндердің аналарына арнаған әніне береміз. Ән «апам үшін».
Жүргізуші: Тақпақ.
Анам мені айым дейді
Мен мұңайсам уайым жейді
Анам мені күнімдейді
Мен қуансам, күлімдейді
Әлемдегі ақылды адам
Бәрінен сол жақын маған
Ол жанымда жүрсе мен де
Батырларша батырланам

Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам
Қасымда жүрсең биікпін
Алыстасаң сағынам
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Жүргізуші: Көрініс. Ортаға 2 қыз бен 1 бала шығады. Бала екі қыздың ортасында тұрады.
Бірінші қыз: Тамақты кім жейді?
Бала: Мен.
Бірінші қыз: Шайды кім ішеді?
Бала: Мен.
Бірінші қыз: Бананды кім жейді?
Бала: Мен.
Бірінші қыз: Ыдыс аяқты кім жуады?
Бала: Манадан бері мен, мен деп тұрмын ғой енді Нұрсая мен десін.
Нұрсая: Жейтін, ішетін заттың бәріне мен, мен деп алып, жуатын ыдысқа келгенде неге мен демейсің.
Жүргізуші: Ұлдарымыз бен қыздарымыздың орындауында вальс.
Жүргізуші: Көктемдей құлпырған қыздарымыздың сән үлгісіне береміз.
Дилназ бен Нұрсая сән үлгісін көрсетеді.
Жүргізуші: Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын.
Хор: Құттықтаймын ана туған күніңмен.
Жүргізуші: Балаларымыз аналарды мерекесімен құтықтап, сыйлықтарын табыстайды.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ана біздің күніміз»
Қыз сыны
Анашым, мерекеңмен!
Ана- бақыт, ана -нұр
Мерекеңмен анашым
Анамызды аялайық
Ана-әлем шуағы
Ана-әлем шуағы ашық сабақ
Аман болшы ақ мамам
Ана- өмір гүлі

Автор Орынбаева Қырмызы Ахметовна

Маңғыстау обл. Мұнайлы ауданы Маңғыстау селосы №5 жалпы білім беру мектебі

Бөлім: Материалы / Тәрбие сағаты | Көрсетілім: 4216 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар