Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Аман болшы ақ мамам


Аман болшы ақ мамам

Тақырыбы: «Аман болшы ақ мамам»

Мақсаты:    
1. Халықаралық әйелдер мерекесінің шыгу тарихынан маглұмат беру. Баланың   анага деген құрметті сезімін, сүйіспеншілігін арттыру; 
2. Ананы қадірлеуге, еңбегін багалай білуге, адамгершілікке, туган елді,отбасы мүшелерін құрметке бөлеп, ардақтауга  тәрбиелеу;
3. Оқушылардың тіл байлыгын, сөздікқцорын, ойлауқцабілетін дамыту;
    4. Әсемдікке, әдептілікке, әдемілікке түсіне үйрету, ой - өрісін кеңейту.
Көрнекілігі: Құттықтау қабырга газеттері, шарлар, гүлдер, плакаттар, үнтаспа.
Жүрісі: Мұгалімнің кіріспе сөзі.
Кіріспе бөлім:
Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап, өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын бере білген аналар үшін елімізде бір күн мейрам етіп белгіленген. Ол - 8 наурыз мерекесі. Тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша аналарымызды даңққа бөлеп түрғандай! Қар астынан қылтыйып, бэйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысы болып, аналар мерекесі келеді. Бэйшешек соншалықты нэзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымызда, бэйшешектей барлық қиындыққа төзімді.
Ананың орнын ешкімде баса алмайды. Сіздерге тек қана дүниенің жақсылығын, атқан таңның арайын, күн сәулесінің шапағатын тілейміз. Анаға ән арнамаған - әнші де, күй арнамаған - күйшіде жоқ шығар. Аналар мерекесіне арналған шағын ертеңгілігімізді қабыл алыңыз.
I бөлім
/Әлия/ Той пердесін ашайық,
Тойга шашу шашайық. 
Аналарды қүрметтеп, 
Ән маржанын шашайық.
әні, сөзі: Б. Бейсенова    «Ай дидарлы анашым»  /Әлия, Диана, Гулназ,Дильназ,Аягөз/
Еркелетіп өсірген 
Тентек болсам-кешірген 
«Айналайын, күнім», -деп 
Мерейімді өсірген.
Қ-сы: Айдидарлы анашым,
                                        Ақыл айтар данасың
                                        Аман болшы әрқашан,
                                       Деп тілейді балашың
Тең көрмейтін ешкімге   2 рет
Орның бөлек дарасың! 
Н. Айтов    «Құттықтаймын, анашым.»
/Жанбота/ Құшагыңа кіргенде
Жылынамын бір демде. 
Не жетеді көзіңе 
Мейірімді күннен де.
 Үн қатасың бал тілмен,
 Еркелеймін әр күн мен. 
Құттықтаймын, анашым,
 Сегізінші Наурызбен!
 
/Рахман/ Шуағыңды сеуіп,
Жайна, анамыз - әже! 
Жұлдыздарың болып, 
Айналамыз, әже!
 
Би:    «Қара жорға»   /Мирас, Диана, Рахман, Фатима, /
 
III бөлім
 
/Бекслан/ 
Бүгін - наурыздың сегізі, 
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз - Адамның, 
Анага айтар лебізі
 
/Әдемі/
Сенен өскен балалар, 
Батырлар мен даналар.
 Құттықтаймыз мейраммен
 Құрметті біздің аналар
 
Қ. Мырза Әли: «Аналардың жүрегі»
/Алдаберген/  
Баланың да тірегі, 
Дананың да тірегі.
 Шаншымасын ешқашан,
 Аналардың жүрегі
.
Көрініс:   «Аналар»
 
Ы.Алтынсарин «Бұл кім?»
/Нүрасыл/
«Бала, бала,бала!» - деп,
Түнде шошып оянган. 
Түнұүйкысын төрт бөліп,
 Түнде бесік  таянган.
Сариева «Ана» 
/Рахат/
Ана - өмір шырагы
 Ана - өмір бұлагы 
Бесігімнің жыр – әні
 Жүрегімде тұрады.
 
Ф. Оңгарсынова  «Ең жаксы адам»
/Гүлназ/
Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
 Маңдайымнан иіскеп менің 
«Құлыншагым, күнім» - дейтін.
 
«Ана»
/Мөлдір/
Ана – біздің күніміз
Ананың біз гүліміз                                                                                 
Бізді, ана куантып,
Ұзақ  өмір сүріңіз.
 
А. Бактыгереева   «Менін апам»
/Наурызбек/ Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Маган айтып береді.
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торгайларды қумаймын,
Айтқан сөзін тыңдаймын.
Апашымды сыйлаймын.
Ф.Оңғарсынова « Жылу»
/Аягөз/ Жылылықтан жаралган
Құшагы оның таң мекен. 
Менің айдай анамнан
 Асқан сүлу бар мекені
 
/Фатима/
Мейірім - нұр төгілген 
Күн көзіндей жанары, 
Ойымды оқып өңімнен
 Дірілдейді қабагы.
                 /Мирас/                Жердегі бар тагамнан, 
Ана сүті нәрлі екен. 
Бұл жалганда анамнан, 
Сүйікті адам бар мекен?!
                 /Азима/           Жер бетінің гұмыры 
Күн нұрымен арайлы. 
Біздің үйдің жылуы 
Анамыздан тарайды.
 /Хор/
Сөзі: Ә. Дүйсенбиев
Әні: Ә. Бейсеуов
«Ақ мамам»
Ел жатцанда жатпаган 
Мен деп тыным таппаган 
Бақыты үшін   баланың 
Аман - сау жүр, ақ  мамам.
Қайырмасы:
Күлімдеген көзіңнен 
Күн мейірімі сезілген
                             Бұл жалганда балага
                             Жақын жан жоқ өзіңнен       2 рет
 
/Алихан/
Ана - көркі көгімнің 
Ана - нүры жерімнің. 
Ана - багы баланың, 
Мақтанышы елімнің!!!
/Асыл/
Аналарды сүйеміз,
 Сөзін ойга түйеміз
 Әжені   де ардақтап,
 Әдеппен бас иеміз.
/Жасұлан/
Әлпештеген баласын, 
Ана - бақыт, ана - күн. 
Әркім сүйіп өзінің, 
Мақтан етер анасын!
 
Ана туралы мақал - мәтелдер:
/Диана/
«Ана алдында құрмет 
Ата алдында қызмет»
 
/Асылбек/
 «Ананың сүті - бал 
Баланың тілі - бал»
 
/Аслан/
«Күннің шуағы – жылы,
Ананың құшағы - жылы»
 
Ойын:    «Кішкентай   көмекші»
II  бөлім
Бүгін біздер ардақты аналарымызды, құрметті әжелерімізді ерекше құрметтеп, қошеметтейміз. Себебі «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп халқымыз бекер айтпаған ғой.
С.Оспанов  «Әже»
/Диана/
Таусылмайды өлеңі, 
Күнде айтып береді, 
Барған сайын бір жаққа 
Кәмпит алып келеді. 
Әжем мені өйткені, 
Өте жақсы көреді. 
Өскенде мен ал, енді, 
Аралаймын әлемді. 
Сыйлық әкеп әжеме, 
Таң қалдырам бар елді.
«Менің әжем»
 
/Нүрәділ/    
Маған ақыл беретін, 
Әжем менің асыл жан. 
Сипап жақсы көретін, 
«Құлыншағым» - деп басымнан.
 
Қ. Мырзалиев    «Менің әжем»
 
/Арайлым/
Менің әжем, ақ әжем, 
Ұл мен қыздың бағы әжем. 
Ертегі айтып бер десең, 
Айтып берер тағы әжем.
 
/Әйгерім/
Менің әжем, жыр әжем, 
Шуағы мол нұр әжем. 
Ақ таяқка сүйеніп, 
Аман - есен жүр, әжем!
А.Бақтыгереева «Анаға сылаймыз»
/Ханым/            Біз  доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден, Аналарга сыйлаймыз.
 
Оқушылар аналарына дайындаган сыйлықтарын табыстау
 
Сөзі : М. Макатаев
Әні: Н. Тілендиев
Қүлтыктаймын мама, туған күніңмен
Нүрын төккен маған
Шуағымсың - сен!
Айналайын мама
                                  Куанышынмен!
Шаттандырған мені,
Жүбанышым сен!
Құттықтаймын сені,
Туған күніңмен!
Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля
Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля
Аялаған мені
Ән қанатьгмен
Қүттықтаймын сені
Салтанатыңмен!                                 ,
Бакытты ғой заман
Қандай көңілді.
Мен тілеймін саған
¥зак өмірді.
Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля
Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля 
Қорытынды:
Мадаптау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ана біздің күніміз»
Қыз сыны
Ана - өмір шуағы.
Анашым, мерекеңмен!
Аяулы анашым.
Ана- бақыт, ана -нұр
Анамызды аялайық
Мерекеңізбен аяулы - Анашым!
Айналайын ақ анам!
Сыйынар ем ана деген тәңірге!
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 9186 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык