Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Анамызды аялайық


Анамызды аялайық

Тақырыбы: «Анамызды аялайық»

Мақсаты: 8 наурыз мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру,анаға деген мейірімді,сүйіспеншілікті арттыру,ана туралы өлеңдерді айтуда мәнерлі, анық оқуға үйрету.Сөздік қорын молайту.Адамгершілікке баулу.

Көрнектілігі: гүлдер,шаралар,даналық сөздер,презентация.

Барысы:Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қандай биік болса-дағы бақ асу?

Қандай биік

Болса-дағы дар шың?

Бәрінен де сен биіксің анашым! – дегендей 8 наурыз – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің апаларымыз,аналарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн.Құрметті аналар өздеріңіздің ізеттіліктеріңізбен,сыпайлықтарыңызбен өмірді шуақтандырып,жақындарыңыз  бен туыстарыңызға жылу сыйлайсыздар.

    Әлемде нәрестеге өмір сыйлап,оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер нәрсе жоқ.Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз!

Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын.Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып,әрдайым әдемі,жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін.Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сүлулық тілейміз!

Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған,ерлермен бірге ерлік жасаған.Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес,бүкіл өмірін,ұрпағын сақтаған,ерліктің үлгісін көрсеткен.Бесік тербейтін,батырды өсіретін,ұлтымызды сақтайтын,ертеңгі ерлерді өсіретін әйел,келін,ана.Өздеріңізге арналған ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!

     «Ана – сен қымбатсың маған» презентациясы

1 жүргізуші: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар!

                     Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар

                     Алдыңызда жауқазындай құлпырған,

                     Алаңсыз балғын шақты балалар.

2 жүргізуші: Бас иген ғаламда дана да

                     Ізгілік бастауы анада

                     Ана – өмір,бала-гүл

                     Анадан асыл бар  ма екен

1жүргізуші:       1910 жылы Даниядағы Копенгаген қаласында әйелдердің халықаралық  конференциясы өтті .Мінбеге Клара Цеткин шықты.Ол өз сөзінде капиталистік елдердегі бейбітшілік, демократия, теңдік жолындағы күрестің           

ынтымақ күнін жыл сайын наурыз айының 8 – де атап өтейік дед.

2 жүргізуші:Бұл ұсынысты жиналған жұрт бірауыздан қабылдады.Кейін бұл күн 8 – наурыз –Аналар мерекесіне айналды.

Сізден өскен балалар,Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен Құрметті біздің Аналар!

Тойды бүгін ашайық!Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық :

1) Той пердесін ашайық

    Тойға шашу шашайық

    Аналарды құрметтеп

    Ән маржанын шашайық

2) Құтты болсын,ардақты ана

    Асыл анам мерекең

    Құтты болсын теңдік алған

    Қуанышты берекең

3) Аялайық аналарды әрдайым

    Қуанышқа бөлейікші өздерін

    Әжелердің,аналардың,қыздардың

    Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

4) Ана өмір қолдаушысы әлемнің

    Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

    Сейілмесін жанарынан ананың

    Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

5) Ай қабақты анашым

    Күн сәулелі мамашым

    Ақ сүтіңмен суғардың

    Бөбегіңнің санасын 

6) Ойладыңба бүлдіршіндей бала қамын

    Сипады маңдайымнан алақаның

    Сөзіңді екі етпейді,қадірлейді

    Қарайды қабағыңа балапаның

7) Апатайым анашым

    Ақылы мол данасың

    Қамқоры сен сәбидің

    Гүлі де сен әр үйдің

8) Кіршіксіз жүрегіндей жас баланың

    Апатай өзің – менің асқақ әнім

    Өсірдің әлдиледің аяладың

    Ойыңнан бір сәт мені тастамадың

9) Ананың әрбір сөзі,ой талабы

    Жүректің тереңінде сақталады

    Өсеміз елін сүйген ұландар боп

    Ардақты ана еңбегі ақталады

10) Әкемізге еркелеп

      Анамызды тыңдаймыз

      Әжем айтар көп ертек

      Атамызды сыйлаймыз

Би «Қыздардың орындауында»

11) Мен мектепте оқимын

      Інім болса бақшада

      Ақ апама кім жетсін

      Әлемдегі жақсы ана

12) Анамызды сүйеміз

      Сөзін ойға түйеміз

      Әжемізді ардақтап

      Әдеппен бас иеміз

13) Ана деген адамға құтты мекен

      Әр адам ана менен адам екен

      Бір өзіме көрсеткен жақсылығың

      Бір күнгі тәтті ұйқымнан садаға екен

14) Әр сөзімді жаттаған

      Жүрегімде сақтаған

      Анашым деп мақтанам

      Айналайын ақ анам

15) Мәпелеп өсірген

      Ол менің анашым

      Ақ сүтін аямаған

      Ол менің анашым

      Басымды иемін

      Асылым анама

16) Менің әжем,бұл әжем

      Айтқан сөзі бал әжем

      Аман болса көреді

      Қызығымды әлі әжем

17) Ана десем – алғыс алам халқымнан

      Ана десем – теңіз болам шалқыған

      Ана десем – ашылады қабағым

      Ана десем - әділдікті ұғамын

18) Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен

      Мәпелеп әлдилеген пейілің кең

      Аналық махаббатың кәусар бұлақ

      Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ

Би «Боз жорға»

19) Бала,бала бала деп

      Түнде шошып оянған

      Түн ұйқысын төрт бөліп

      Түнде бесік таянған

20) Өмірдің иесі сен ана

      Келтірдің дүниеге нелер дана

      Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ

      Өмірдің алтын кілті сенде ғана

21) Дүниенің жарық  күні анамыз

      Дана болсақ анаменен данамыз

      Тыңдаңыздар көңіл қойып ағайын

      Анаға арнап тағы бір ән саламыз

Ән. Хор «Біз үшін»

22) Бұл өмірге әкелген

      Аяулы менің анашым

      Күлімдеген көздерің

      Нұр шашады анашым

Көрініс

«Әже мен немересі»

Жүрегім кім менің?

Мен!

Тірегім кім менің?

Мен!

Сәнім кім менің?

Мен!

Ботақаным,бағлан қозым

Не деген тәтті баласың, өзің!

Ой қарғам менің

Жоқ,әже қарға мен емес!

Жо жоқ, қарға болмаймын

Керегі жоқ ондайдың

Қарға «қарқ-қарқ» етеді

Алысқа ұшып кетеді

Қасыңда боп әрдайым,

Мен ешқайда бармаймын

«Хор»

Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар

Зор денсаулық мол бақыт

Тілейміз біз, балалар

Ойын «Кімнің даусы табайық»

5 бала шығады да теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем , сол адам бір сөз айтады. Мысалы : ботақаным – дейді. 5 баланың біреуі, менің мамамның даусы деп айту керек. Дұрыс тапқан бала анасымен отырады.

Енді балалар өздерінің аналарына деген сыйлықтарын тапсырады. 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қыз сыны
Анашым, мерекеңмен!
Аяулы анашым.
Ана- бақыт, ана -нұр
Мерекеңмен анашым
Ана-әлем шуағы
Ана-әлем шуағы ашық сабақ
Аман болшы ақ мамам
Анашым құдіретіңе табынамын
Сыйынар ем ана деген тәңірге!
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3631 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык