Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 5661 |
|
|
|
Бірдей сандарды қосу.
Тақырыбы: Бірдей сандарды қосу.
Мақсаты: Жаңа сабақ түсіндіру.
Білімділік: Бірдей сандарды қосу тәсілдерінің шығару жолымен танысады.
Дамытушылық: Ойлау, іздену қабілеттері дамиды, шапшаң шығаруға машықтанады.
Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, өз ойларын еркін жеткізе білуге, ұйымшылдыққа баулиды.
Көрнекіліктер: слайдтар,интерактивті тақта,оқулық
Әдісі: түсіндіру, талдау, оқулықпен жұмыс.
Түрі: жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Үлкенгеде сіз
Кішігеде сіз
Барлығына құрметпен
Бас иеміз біз
-Балалар көңіл күйлерің қалай?
-Сабаққа дайындықтарың ше?
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
«Орамал тастамақ» ойыны арқылы оқушылар үйге берілген тапсырманы оқиды, қалғандары тексереді.
ІІІ Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыстан кейін қай жыл мезгілі?
- Көктемде қандай мерекелер болады?
- Ендеше бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Сендердің мерекеге дайындықтарыңды көрейік. Сабақта алған білімдерімізді ортаға салайық.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бірдей сандарды қосу».
Жаңа сабақты түсіндіру.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, жұмбақты шешіп көріңдер.
Даусы бар, жаны жоқ,
Шертсең күйі , әні көп.
Құлағын он бұра.
Ол не?...
(домбыра)
1- тапсырма ауызша орындау.
-Екі екіден неше домбыра ? 2+2+2
-Екі домбырадан неше сөреге қойылған? 3
-Екі екіден неше қобыз? 2+2+2+2
-Екі қобыздан неше сөреге қойылған? 4
Қазақтың музыкалық аспаптары (домбыра ,қобыз) туралы айта кету.
Оқулықпен жұмыс.
- Балалар, қазір біз оқулықтағы тапсырмаларды орындаймыз.
2-тапсырма ауызша орындау /10,9,12 / санын бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастыр.
Бұл тапсырмадағы қазақтың ұлттық киімдері (тақия, қалпақ, сәукеле, қамзол)
- Балалар мынау қандай ұлттық киімнің суреті?
- Тақияны кімдер киеді?
10 = 5 + 5
10 = 2 + 2 + 2 + 2+ 2
Осы ретпен орындалып шығады.
3-есеп. Есепті оқып талдау және шығару.
Түсті қағаз – 37 парақ
Ақ қағаз - ?, 18 парақ артық
Барлығы.- ?
Ш: 1) (37 + 18) +37= 92(парақ)
Ж: барлығы 92 парақ
Түсті қағаз– 37 парақ.
Ақ қағаз - ?, 18 парақ артық
Ақ қағаз қанша .- ?
Ш: 2) 37+ 18 = 55 (парақ)
Ж: 55 парақ ақ қағаз
Шаршағанда болармыз , бой сергітіп алайық!
Сергіту сәті. Ән: Наурыз
4-тапсырма. Оюларды атап, тапсырманы орында. Теңдеулерді шешу. Тақтада орындау.
(қазақтың ұлттық оюлары)
х -32=53 84-х=24 х+38=40
5-тапсырма. «Асық шашу» ойыны арқылы, амалдарды жазбаша түрде орындау.
16+44=60 100-77=23 65+35=100 39+38=77
59+26=85 24+48=72 74-46=28 100-59=41
7-тапсырма.
а) Периметрлері бірдей екі үшбұрышты тап.
4см
5см 3см 4см
3см 4см
3см 4см
3см
- Балалар,ұлттық киімдерді,ұлттық аспаптарды,ұлттық ойындар: асық шашу,
орамал тастамақ ойынын ойнадық, оюларды таптық .
- Бұл сөздер туралы не айтасыңдар, қай кезде болады?
- Алда қандай мереке келе жатыр?
- Бұл сөздердің «Наурыз мерекесіне » қандай қатысы бар?
ІҮ. Бекіту.
- Балалар, қандай тақырып өттік ?
- Тақырып қиын болды ма ?
Ү. Қорытындылау.
- Балалар, бүгін сабақта не істедік ?
- Қандай тапсырмалар орындадық ?
- Сабақ сендерге ұнады ма ?
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
№4, 170- бет
№7 (б) , 171- бет
ҮІІІ. Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |