Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ҰБТ-ны - «Өте жақсыға!»


ҰБТ-ны - «Өте жақсыға!»

Тақырыбы: ҰБТ-ны -  «Өте жақсыға!»

Мақсаты: мектеп бітірушілердің байсалды психикалық-эмоциялық хал-ахуалға қол жеткізуін қамтамасыз ететін тиімді шарттарды тудыру.
  Міндеттері:
 Оқушыларды өзін-өзі реттеудің дағдыларына үйрету;
 Табысқа қол жеткізуге құлшыныстарын қалыптастыру;
 Оқушылардың өздеріне және өз күш- жігеріне, білімдеріне сенімділігін қалыптастыру.
  Сілтемелер: эпиграф жазылған парақ: «Есекті өзенге айдап әкелуге болады, бірақ оны ешкім де зорлықпен суара алмайды», ағаш сұлбасы, пирамиданың сұлбасы, «Шоқжұлдыздар», «Табиғат дыбыстары» - үнтаспа.
Сабақ барысы:
Мұғалім: Қымбатты оқушылар! Енді біраз уақыттан соң сендер үлкен сыннан өтесіңдер. Ол- Ұлттық бірыңғай тестілеу. Оның сендердің тек білімдеріңнің деңгейін ғана емес, есте сақтау қабілеттеріңнің, зейіндеріңнің тұрақтылығының қаншалықты күшті екендігін де айқындайтыны белгілі. ҰБТ кезінде барлықтарыңның алдарыңда тұрған тағы бір міндет: өздеріңді өз беттеріңше әрі жылдам түрде ішкі тепе-теңдік қалыпқа келтіру. Бүгін біз сендермен сабақта емтихан кезінде бойымызда болуы мүмкін қысымнан тиімді әрі ұтымды құтылудың бірнеше қадамын үйренейік. Ең әуелі мына тақтада ілініп тұрған эпиграфқа мән көңіл аударайық. /оқу/: «Есекті өзенге айдап әкелуге болады, бірақ оны ешкім де зорлықпен суара алмайды». Бұл дегеніміз- егер адам өзін-өзі дайындамаса, жаттықтырмаса, ең күшті деген оқу- тәрбиелік бағдарламасының өзі нәтижелі болмайды. ҰБТ- еліміздің әрбір мектеп бітірушісінің өміріндегі маңызды кезең, себебі, оның болашағы емтиханды тапсыру нәтижесіне тікелей байланысты. Емтихан тапсыратын дәрісханада тек білім, білік, дағдылар ғана тексеріліп  қоймай, тұлғаның барлық ой күшін, рухани күшін жұмылдыруды талап ететін қиын  сынақ өтеді. Ал қиын сәтте мойымай, сасқалақтамай, өз-өзін игере алу икемділігі аяқасты пайда болмайды. Ол-  күнделікті даярлықтың арқасында ғана келеді. Сондықтан да, сендерге қажет болатын бірнеше жаттығулармен танысайық.
«Қиындықтар ағашы» жаттығуы
Оқушыларға үш түрлі қағаз-жапырақтар таратылады: көктерек, үйеңкі, емен. Әр жапырақ түрлі қиындықтарды білдіретінін түсіндіру керек. Көктерек - психологиялық қиындықтарды/сенімсіздікті, қобалжып-толқуды/, үйеңкі - пәндер бойынша білім жеткіліксіздігін, емен - басқа  түрлі себептерді білдіреді.
Оқушылар өздерінің қиындықтарына сәйкес жапырақтарды алып, оларға өз қиындығын нақтылап жазады да, қатырма қағаздан жасалған ағаш сұлбасына жапсырады. Ең соңында  қандай ағаш шығатынына байланысты талдау жасалады.
Көктерек - сендер өздеріңе, өз білімдеріңе сенімсізсіңдер, бірақ білім негіздерің бар. Қорытынды: қорықпаңдар, ҰБТ- өмірлеріңнің бір кішкентай ғана бөлігі!
Үйеңкі - сендер пәнді үйренуге жеткілікті уақыт жұмсамайсыңдар, сол себепті білімдерің төмен деңгейде. Қорытынды: білімдеріңді тереңдетуге, оқуға көңіл бөліңдер!
Емен - дәл қазір сендердің ойларыңда емтихан емес, мүлде басқа мәселелер. Қорытынды: емтихан қажет емес « тосынсый» әкелмесін десеңдер, бар зейіндерің - оқуда болсын!
«Шоқжұлдыз» жаттығуы
Оқушыларға қағаз-жұлдызшалардың ұнаған түсін алып, оған емтиханды сәтті тапсыруға көмектесетін өз есімдерінде бар әріптерден басталатын үш мінез қасиетін жазып көрсету ұсынылады. Сосын сол жұлдызшалардан класс ұжымының шоқжұлдызы құрастырылып, емтиханды өте жақсыға тапсыруға қандай қасиеттер көмектесетіні талданып, жарияланады.
«Тыныштал да сенімдірек бол!» жаттығуы
Ал қазір, естеріңе сенімсіздік пен үрей туғызған жағдаяттарды түсіріңдер. Осы сәттерді сұлбамен  қағазға көрсетіңдер де,  қобалжу қандай күйде көрінгенін нақтылап жазыңдар. Мысалы, «тақта жанында жұмыс істеу» немесе «класс алдында тұрып, жауап беру» деп, ахуалын жазу: жүрек соғысының жиілігі, қысылып - қымтырылу, дененің құрысуы, алақанның терлеуі, бозарып кету, керісінше - қызару, дірілдеу, даусының шықпай қалуы, т. б.
Осы белгілердің қайсысы тұрақты және жиі  қайталанады, себептері қандай? Сосын мұғалім қобалжуды басатын тыныс жаттығуларын және аутотренинг жасауды ұсынады.
«Қайталап тыныстау» жаттығуы
Бұл жаттығуды орындау оңай: 4 рет ішке дем жұтып, 4 рет ауаны сыртқа шығару. Бұл - бір циклдық жаттығу. Бір жасағанда осындай жаттығудың 10-ын істеу керек. Сонда тыныс алу ретке келіп, денеге түскен қысымнан құтылуға болады.
«Мазасыздықтан құтылу» аутотренингі
Мұғалім үнтаспадан әуен қосады/ «Табиғат дыбыстары» әуені болса, тіпті жақсы /. Содан соң, мына сөйлемдерді үзіліспен оқиды:
«Ыңғайланып отырыңдар. Денелеріңді бос ұстап, бұлшық еттеріңді жұмсартыңдар. Енді елестетіп көріңдер. Шуақты күн. Сендер күн нұрына бөленген ғажайып көгалда отырсыңдар. Аспанда кемпірқосақ керіліп, шұғыласын шашып тұр. Сендер сол кемпірқосақтың шұғыласының бір бөлігіне иесіңдер. Ол нұрдың жарығы - мың күннің жарығынан да күшті. Ол нұр сендердің бастарыңды аялай, еркелете жылытады. Міне, енді денелеріңе бойлай кіріп, ерекше шипалы жарыққа толтырып жатыр. Ал ауырып, мазасызданып жүрген жасушалар, міне, біртіндеп түтінге айналып, самал жел оларды желпіп, тарқатып, мүлде жойып, денелеріңнен шығып жатыр,шығып жатыр... Сендер барлық қобалжулардан құтылдыңдар. Тазарып, сергіп қалдыңдар. Енді көңіл- күйлерің көтеріліп, шаттанып, демалып қалдыңдар».
«Табыс пирамидасы» жаттығуы
Оқушыларға пирамида кірпіштеріне өмірде жетістікке жетуге көмектесетін қасиеттерді кезектесіп, жазу ұсынылады.
«Жол қапшығы» жаттығуы
Оқушылар «жол қапшығына» өзі сабақта үйренген нәрсесін, ҰБТ-да көмектеседі деп есептейтін  жаттығуды  қағазға жазып, салады.
«Сыйлық» жаттығуы
Шеңберде тұрып, әр оқушы көршісіне гүл ұсына отырып, оған материалдық емес сыйлық «ұсынады». Мысалы: аспандағы жұлдызды, ормандағы гүлдерді, күн шапағын, табысты күндерді, дарындылықты, талантты, яғни, қалтаға салуға болмайтын, бірақ өзімен бірге жүректе сақтай отырып, үйіне алып кете алатындай «сыйлықты» силайды.
Сабақты қорытындылау. Мұғалімнің сөзі:
Айналайын, балалар! Мынаны есте сақтауларыңды өтініп, сұраймын. Оқушылық өмірдегі басты нәрсе - аттестаттағы «бестіктер» емес. Ең бастысы - осы жылдар нәтижесінде өзіңді- өзің табуың, өмірде адаспай, мұратыңа жететін жолды таба білуің. Ал, ҰБТ болса, бар болғаны - осы үлкен жолдың басы ғана!  Сол сапарда жолдастарың - Сәттілік болсын деп тілеймін! 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Табиғатты аялайық!
ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындау
Мен және Болашақ!
Эксперимент жаттығуы
Он бөлме ойыны (10 мин)
Суретті жалғастыр және біреуге беру жаттығуы
Емтиханға қалай жақсы дайындалу керек.
Емтихандағы мінез-құлық (іс-әрекет)
Стресспен қалай күресуге болады?
ҰБТ-ге байланысты мектеп бітіруші оқушыларға жағымды психологиялық ахуал жасау мақсатында ата-анамен жұмыс.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 1921 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык