Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұұ дыбысы мен әрпі


Ұұ дыбысы мен әрпі

Ұұ дыбысы мен әрпі

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

«№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Кутешова Жадыра Серикалиевна

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Ұұ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: «Ұұ» дыбысы мен әрпін таныту. 

Сабақтың міндеттері: 

1)Оқушыларға Ұұ дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

2)Ұ дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін, сөздік қорларын дамыту.

3)Ұқыптылыққа, тазалыққа, салаутты өмір салтына тәрбиелеу. 

Әдіс- тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсіндіру. 

Түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: Әліппе оқулығы Ұұ дыбысының баспа, жазба түрлері, ұ дыбысына байланысты суреттер, буындық кестелер, жеміс – көкөністің шаблондары. 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру. 

- Амандасу

- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 

- Балалар, қазір қай мезгіл? 
- Күз мезгілі. 
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? 
- Иә, жеміс – жидектер, көкөністер піседі, жапырақтар сарғайып, жерге түседі. Міне, бізде де жеміс, көкөністер пісіп, жерге түсіп қалыпты, кәне, осы жемістерді теріп алайық. 
Бұл жемістер жай жемістер емес, оларда әртүрлі тапсырмалар бар екен. Соларды орындайық. 
Сұрақтар: (жеміс, көкөніс жапырақтарда жазылған) 
1. Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? 
2. Ұұ  дыбысы қандай дыбыс? 
3. Ұұ дыбысына байланысты қандай сөздер білесің? 
4. Ұұ дыбысына сөз ойлап, оны буынға бөл. 
5 Ұұ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі? 

Мысал келтір

Оқулықпен жұмыс. Әліппеден 72 – бетті кезекпен оқу, әңгімелеу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Жұмбақ жасыру: 

а) Білімнің жолбасшысы, 
Шәкірттің қолбасшысы (Ұстаз) 
ә) Шәкіртке жанашыр, мейірбан кім? (Ұстаз) 
2. Ұстаз сөзіне буындық талдау жасату, . 
3. Ұұ мен Уу дыбыстарының айтылуы мен жазылуын,олардың ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіру,анықтау. 
4. «Құстарға көмектес» ойынын ойнату арқылы,буындармен жұмыс жүргізу. Мысалы: буындарды дұрыс тауып қойса, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. 

5. Оқулықпен жұмыс. 

а) Бағандағы сөздерді оқытып, сөздердің мағынысын түсіндіру. 
ә) «ұлт», «мұрат» сөздерінің мағынасынын түсіндіру. 
б) Жұмбақ оқу, шешу.

Құстай ұшар

Қанатты тұлпар.(ұшақ)

«Ұшқыш болу – арман» мәтінін оқу

в)«Ұшұыш болу-арман» мәтінін 3-4 оқушыға бөліп оқыту, сұрақ қою арқылы түсінгендерін анықтау.

6.Сергіту сәті 

Кәне, қанат жазайық 
Қарлығаш боп ұшайық. 
Ұшып, ұшып алайық, 
Қайта отырып жазайық. 

7. Дәптермен жұмыс

Ұрт  құрт   мұрт    жұрт сөздерін жаздырып , дыбыстық талдау жасау.

ІҮ. Сабақты бекіту 

Сөздік диктант

Ұшақ, ұшқыш, ұста, жұмыс, сұрақ, ұрпақ, құлын, құрық, құлақ, жұмбақ.
Сөздердің ішінен дауысты дыбыстардың астын сыз

Ү. Сабақты қорыту

- Сонымен қандай  дыбыс туралы айтылды?

- Ұ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі? 
- Ұ дыбысы бар сөз ойла, сөйлем ойлап тап

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Г дыбысы мен әрпі
Үү дыбысы мен әрпі
Рр дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Ә ә дыбысы мен әрпі
Г г дыбысы мен әрпі
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
: “ Ю ” дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 8296 | Қосты: Жадыра Серикалиевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык