Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Үйшік» ертегісі


«Үйшік» ертегісі

«Үйшік» ертегісі

Сабақтың тақырыбы:   «Үйшік» ертегісі

 Сабақтың мақсаты:     

 Білімділік:   Оқушыларға ертегі мазмұнын меңгерту, ертегіні оқу арқылы сөз құдіреттілігін    

                       білуге үйрету, баланы оқыта отырып тәрбиелеу

 Дамытушылық:    Жүйелі ойлау, ойын әсерлі жеткізу, жүйелі сөйлеу қабілеттерін анықтау

 Тәрбиелік:         Бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, адамгершілік, шыншылдық,

                            еңбексүйгіштік қасиеттерді ұялату, бірлікке тәрбиелеу

 Сабақ типі:  Білік пен дағдыны қалыптастыру

 Сабақтың түрі:  Ертегі сабақ

 Сабақтың әдісі:  Сұрақ – жауап, топтық жұмыс, пікір айту

 Көрнекілігі:  Мультимедиялық аппарат, тапсырмалар, суреттер

 Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, сабаққа қатыстарын тексеру, сабақ ерекшелігі туралы айтып, мақсатымен таныстыру

 ІІ. Негізгі бөлім

 Қызығушылықты ояту

(«Ертегілер» әнін тыңдату арқылы балаларды сабаққа психологиялық дайындау) Сабақтың ертегілер еліне саяхаттау арқылы өтетіндігін айту, ертегі туралы қысқаша түсінік беремін, олардың түрлеріне тоқталып, мысалдар келтіру.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1-слайд: Орман суреті. Ормандағы аңдар.

- Балалар, жылдағы дәстүр бойынша ел президенті Н. Назарбаев атамыз Қазақстан халқына өзінің жолдауын жолдады.

2-слайд: Жолдаудан көрініс.

-Ол жолдауда ел басшыларына нақты тапсырмалар берілген болатын. Сол тапсырмалардың ішінде қазақстан халқын биылғы жылы баспанамен қамтамасыз ету керек екендігі тапсырылған болатын. Яғни қол жетімді баспаналы болу. Сол тапсырманы естіген ормандағы аңдар да естіп қуанып жатқан көрінеді. Сабағымыз ертегі сабақ болғандықтан аңдар да баспаналы болғысы келіп бір-біріне үй салып, көмектесіп жатқан көрінеді.Бүгінгі сабақта біз де аңдарға арнап үй салып беріп көмектесіп көрейік. Ол үшін үйдің бөліктері берілген, әр бөлікті орнату үшін үй тапсырмасын айту керек-  дей отырып үй тапсырмасын сұрау

«Наурызғы тілек» жатқа сұрау.

3-слайд: Үй бөліктері

Құрастырылғ сурет арқылы бүгінгі сабағымыз орыс халқының ертегісі Үйшік екендігінхабарлау.

4-слайд: Сызба

Қазақ ертегісі мен орыс ертегілерінің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру

 1.Мағынаны ашу.

5-слайд: Енді ертегі кейіпкерлерін табу, ол үшін шытырман сурет ішінен аңдардың бейнесін табу, бейне сыртында жаңа сабақ мазмұнын ашатын мақал-мәтелдер берілген. Сол мақалдардың мағынасын ашу арқылы жаңа сабаққа кіріспе жасау.

Ертегі тақырыбын білдік, оның кейіпкелерін таптық, ертегінің не туралы екендігін мақалдар арқылы білдік енді тек ертегі мазмұнымен танысу қалды, олай болса ертегіне тыңдап көрейік.

 ІҮ. Жаңа сабақ

 Ертегі мазмұнының презентациясы арқылы ертегіні тыңдату.

 Зерделеу стратегиясы

Ертегі ұнаған болу керек, енді ертегіні тізбектей мәнерлеп оқып көрейік.Ертегіні тізбектей мәнерлі, дауыс интонациясын сақтай отырып жүргізіп оқытып шығу.

 Ізденіс стратегиясы

 Біз қазақ тілі сабағында етістікпен танысып жатқанбыз, олай болса етістік дегеніміз не? (оқушылардан сұрау)

Олай болса қазір ертегі кейіпкерлерінің суреті шығады, сендер мәтіннен сол аңның іс-қимылын білдіретін сөздерді тауып бересіңдер

6-слайд: Аңдардың суреті

 Тышқан – жүгіріп

Бақа – секіріп

Қоян – ытқып-ытқып

Түлкі – қуанып

Қасқыр – алақ- жұлақ етіп

Аю – қорбаңдап

 Салыстыру стратегиясы.

Кейіпкерлер арасында диалог құру

 Ой түю стратегиясы

Ертегіге байланысты балалардың ойларын білу, пікірлерін тыңдап, ортақ тақырыпты табу.

      Ү.   Бағалау

 Аңдарға үй салып көмек бергеніміз үшін бізге ұмытпай сыйлықтарын беріп жатыр – деп гүл шоқтарын сыйлай отырып бағалау жүргізу.

     ҮІ. Үйге тапсырма

Үйге ертегіні мәнерлеп оқып, мазмұндау.

     ҮІІ. Қорытынды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ертегілер еліне саяхат»
"Қарабатыр" ертегісі 4 сынып
Орыс халқының «Үйшік» ертегісін айтып беру.
С.А.Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісі
Арыстан мен түлкі
«Толағай» жырындағы кейіпкерлерге мінездеме
Ә.Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі.
Түлкі туралы ертегілер еліне саяхат
Жалқау немере (ертегі)
Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 8843 | Қосты: Жанғабылова Кенжекүл | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык