Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әліппеге мың алғыс!


Әліппеге мың алғыс!

Әліппеге мың алғыс!

ШҚО, Жарма ауданы, Шалабай ауылы,
«Н.Крупская атындағы орта мектебі» КММ
Әліппемен қоштасу ертеңгілінің сценариі.
Өткізген: 1 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Карынбаева К.А.
2014-2015 оқу жылы

Тақырыбы: Әліппеге мың алғыс!
Ертеңгілік мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнінен алған
білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ортаға
салу. Эстетикалық талғамдарын кеңейте түсу,
оқу-білім алуға, достық қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Әліппе деген –алтын жол», «Қош, сүйікті Әліппем!» сөздері жазылған плакат, шарлар, кеспе әріптер.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар бүгін сіздер 1«Б» сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына қалам ұстап, әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілікке қош келдіңіздер!
Армысыңдар, аналар!
Бармысыңдар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңдар!
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр- әніміз.

Ата-ана қуанып шаттанады,
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығады,
Барлық маман мектептен аттанады.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын халге жетті,
Құтты болсын білімі балалардың!

-Ендеше, 1-ші сынып оқушыларын қарсы алайық.

Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достаспақ ,
Әліппемен қоштаспақ ,
Өсті білім, бойлары
Құтты болсын тойлары.


Мұғалім: Балалар, бізге хат келіпті.
«Амансыңдар ма, балалар! Әліппемен қоштасу тойларың
құтты болсын! Келешекте сендер жақсы азамат болып,
оқуларыңды жақсы оқуға тілектеспіз. Ана тілін ренжітпеңдер!
Сәлеммен: «Атамұра» баспасы.»

Балалар, бар білімнің бастауы не?

Оқушылар: Әліппе.
Мұғалім: Олай болса , бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!

Оқушылар: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен. (хормен)

Әліппе: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені оқып бітіріпсіңдер. Аттарың кім болады?

Балалардың таныстыруы.


Асылжан:
Сенім артар ұстазым
Сыныптың серкесі Сері жігіт
Асылжан мен боламын.
Меруерт:
Көркем жазам жазуды
Меруерт болам батылды.
Әсет:
Жақсылықты жаттайтын
Бәрін біліп жаттайтын,
Әсет жігіт мен боламын.
Мадина:
Мың бұралып билейтін
Сүйкімді биші Мадина
Диас:
Сенім артар ұстазым
Сыныптың серкесі де, еркесі
Диас деген мен боламын.
Нұржазира:
Момынмын мен ақылды
Нұржазира деп қойған атымды.
Медет:
Мен боламын Секенов
Медет деген баламын
Есепті мен шағамын.
Айым:
Ай мен күні анамның
Ақылдысы атамның
Мен Айым боламын
Айбек:
Айбек деген мен бала
Жақсы оқысам сабақты
Одан артық жоқ шара.
Нұрай:
Сүйкімді де ақылды
Салмақты да сабырлы
Нұрай боламын батылды.
Әлімхан:
Сеніп қойған ата-анам
Менің атым Әлімхан.
Айша:
Аққу қызбын кең маңдай
Әдемімін мен қандай.
Жұмсағанда баратын,
Айтқан тілді алатын
Айша деген мен боламын.
Ануар:
Дарасы болар даланың
Ануар деген баламын.
Иіліп сіздерге сәлем берген.
Аяжан:
Сәулелі де сымбатты,
Сөйлегені тым тәтті
Сүйкімді Аяжан мен болам.
Азат:
Көп оқитын, көп тоқитын
Сері жігіт Азат боламын.


Мұғалім:
Балалар бұл кітапты сонда кім жазды?
Ең алғаш Әліппені жазған Ыбырай Алтынсарин

Айтпайсың дәл қазіргі еліңе өкпе,
Болашақ етеді аңыз ceнi көпке
«Ыбырай Алтынсарин» деген шақта
Бар мектеп көтереді қолын көкке.

Ыбырай Алтынсарин -қазақтың аса көрнекті ағартушысы, өз заманының асқан ойшылы.

Ыбырай Алтынсарин сендерге:
Кел балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
- деген өсиет қалдырды.
Сендер оны орындап жүрсіңдер ме?

Тату тәтті достармыз біз,
Ынталы да талапты
Көп бiлуге құштармыз біз
Жақсы оқимыз сабақты. (хормен)

Хор: «Үйрен достар»

Мұғалім:
Сырлы әріптер сыр түйіп
Сабырмен саған қарайды
Сырларын білсең бас иіп
Керегіңе жарайды.
Әріп біткен шығыңдар,
Орындарыңа тұрыңдар.
Бастайық қане айтысты
Жібермейік намысты.

Әріптер айтысы:



Асылжан: «А»
Арым таза ақ көңіл,
Адалдыққа сенемін
Абыройлы ақ ниет,
Адамдыққа сенемін.

Меруерт: «Н»
Н дегенің- нағашым
Бұған болмас таласың.
Келгенде үйге нағашым,
Қуанады анашым.

Әсет: «Ә»
Бас әріпке інімін,
Дауыстынын бірімін.
Ә деген «Әліппе»-
Бастауы бар білімнің.

Мадина: «Т»
Мен тиінмін, тиінмін
Қысқа жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің.

Диас: «Ү»
Үлкен - десе бірінші
Бүйрек- десе екінші
Бұл қайсы әріп екенің
Біреу айтып берсінші.

Нұржазира: «О»
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Қай әріптен басталған
Екеуінің аттары ?

Медет: «Ғ»
Ғарышкері ғаламның,
Намысты ері даламның
Із басары боламын,
Тоқтар сынды ағаның.

Айым: «Ы»
Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма ?
Қасықсыз тамақ жемейміз
Бәрінің атын не дейміз?

Айбек: «З»
Зерделі де, керек те,
Зиялы да, керек те,
Шатастырып үштікпен
Тек сен жер етпе!

Нұрай: «И»
Инабат пен ибада,
Ол тұрады басында.
Күллі адамзат сыйлаған
Имандылық бар онда.

Әлімхан: «П»
Ата-анаңмен барып сен,
«Пілді» көрдің парктен.
Осы атауларға, зер салшы,
Басталады қай әріптен.

Ануар: «Г»
Егіз десек- екінші
Сегіз десек- үшінші
Бұл қайсы әріп екенің
Өзің қарап түсінші.

Аяжан: «Қ»
Қарағанды көмірі
Қостанайдың егіні
Даласындай жомарт қой
Қазағымның көңілі.

Азат: «Ф»
Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар-ақ.
Бірақ жолдың бойында
Доп теппеңдер қуалап


Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Айдынқызы Аяжанның орындауында.
«Аққу» биі



Мұғалім:
Ақылшы жанға cepік, жол бастаушы
Асыл ой қазынасы, өмір көркі
Түзу отыр партада
Қыры батпас арқаңа
Аянба, шомыл көк терге,
Әдемі жазғай дәптерге
Досыңдай жүрер күнде еріп
Шәкіртке cepік күнделік
Оқулық бір-ақ жылға ма?
Бүктеме, сызба тырнама!
Қарындаш, қалам сен ал да,
Салып қой, кешке «пеналға».

Балалар, бұл тәлім өлең бәрімізге қатысты. Олай болса, келе жатқан жаңа жыл мерекесіне шырша жасау үшін ойыншықтар керек емес пе.
Ал, ендеше жаңа жылдық ойыншық жинау ойынын арқылы балаларымыздың білімін тексеріп көрейік.
1. Әріптердің тізбегі қалай аталады? (әліпби)
2. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)
3. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде? (дыбысты – естиміз, айтамыз; әріпті – көреміз, оқимыз, жазамыз )
4. «Адасқан әріптер»
5. Жұмбақ шешу.
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп)
Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар. (сағат)
Үш көзді батыр,
Жолды аңдып жатыр. (бағдаршам)
Үйреткен әуелі,
Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі,
Бұл қай кітап? (әліппе)
6. Санамақ айтып беріңдер.
7. Математикалық сандық. (есептер шығару)


Мұғалім:
«Ертегілер » қойылымын көрейік
Балғындарға көңіл бөлейік
Өнерге баға берейік
Бәріміз тамашалап көрейік.

Ертегі қойылымы: «Жыл басына таласқан хайуандар»



Мұғалім:
Оқу білім ордасы
Білім нәрін беретін
Кең сарайдай мектебім
Сол мектепті сүйемін. дей отырып ортаға әнші ұлдарымыз Диасты, Асылжанды, Медетті, Ануарды шақырайық.

«Әліппе» әні.

Мың бұралған ару қыздарымыздың биiн тамашалаңыздар!
«Испан» биі


Ата-аналармен ойын.



«Көңілді» би (Ха фа на на)



Көрермендерге видеодан қайталтып би билету.

Әліппе: – Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жатғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар.

Хормен : Ана тілі, ана тілі, ана тілі

Ана тілі келеді.
Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім- ұраным
Ана тілім- құралым.
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым.

Хормен: Әліппемен қоштастық,
Ана тілмен достастық.

Әліппе: Балалар сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.


Асылжан:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Меруерт:
Қош бол кұтты Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Әсет:
Сендегі барлық әріптен
Оқимын сөзді танып мен.
Көзімді аштың сен алғаш,
Сүйікті менің әліппем!
Мадина:
Апа-ата атын сен
Бізге үйреттің әліппе
Бізге нағыз жақынды
Сенен білдік әліппе
Диас:
Әліппе алып қолыма
Білімнің аштым есігін
Ақ ниет тілеп жолыма
Жазылды тұңғыш есімін
Нұржазира:
Сырыңа қанамын,
Сөзі бар дананың.
Оқиды деп жалықпай,
Сыйлаған анашым.
Медет:
Ана тілін ақтаңдар,
Ана тілін сақтаңдар.
Ана тілмен безеніп,
Ата берсін ақ таңдар!

Айым:
Ана тілің арың бұл
Үятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
Айбек:
Әліппе деген даңғыл жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Нұрай:
Әліппеден басталған
Келгенімде мектепке.
Ұстаз маған жол ашқан,
Оқу, білім, өнерге.
Әлімхан:
Әліппе, әліппе,
Сенде көп әріп те.
Суреттер әдемі,
Кей бала көріп пе?
Айша:
Үйретті бізді әліппе
42 дербес әріпке
Сөз, сөйлем құрап әріптен
Лайық болды дәріпке.

Ануар:
Әліппе даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
«Әліппе» сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы!
Аяжан:
Жақсы кітап Әліппе,
Үйретеді әріпке.
Қуанышпен қоштастым
Әліппемен достастым.
Азат:
Біз жазамыз «ана» деп
Біз жазамыз «дана» деп
Біз жазамыз «бала» деп
Біз жазамыз «Отан» деп.


Мұғалім: Әнші қызымыз Айшаны қарсы алыңыздар!

«Рахмет саған, әліппе» әні

Мұғалім:
Қымбатты балалар! Білім әлемінің беташары «Әліппені» табысты аяқтауларыңмен құттықтаймын. Мен шәкірттеріме ризамын. Бәрінің оқуы, тәртібі өте жақсы. Тәрбиелі балалар. Шәкірттерімнің осындай нәтижеге жетулеріне, әрине ата-аналардың да еңбегі зор. Сіздерге алғысымыз шексіз. «Әліппеге мың алғыс!» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, құттықтау сөз мектебіміздің директоры Рысқали Төлеубекұлына беріледі.

Марапаттау.

Мұғалім:
Бақытты балалық шағымыз үшін рахмет сіздерге, ата- аналар!
Сөз кезегі ата-аналарға беріледі.

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бұл сендердің алғашқы бағаларың. Бұл бағалардың ішіндегі 4 және 5 деген бағалармен дос болып, жақсы оқып, үлгілі оқушылар болуларыңа тілектеспіз. Сіздердің жетектеп әкелген балапандарыңыз бүгін оң мен солын танып, сауатты оқушы санатына қосылып тұр. Бұл той бәрімізге ортақ той. Тойларыңыз тойға ұлассын.
Назарларыңызға рахмет.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әліппе-білім анасы
Қош бол сүйікті, Әліппем!
Әліппеге рахмет!
Қош бол, Әліппе!
Қош бол, Әліппе!
Әліппемен қоштасу
Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін.
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе білім бастауы!
Әліппеге Рахмет
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2530 | Қосты: Карынбаева Куляй Алтаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык