|
|
Әліппе, саған мың алғыс!
Тақырыбы: Әліппе, саған мың алғыс!
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнінен алған білімдерін тиянақтау , өз өнерлерін ортаға салу.
Эстетикалық талғамдарын кеңейте түсу.
Оқу-білім алуға,үйренген тәлім-білімдерін көрсете білуге, достық қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, шарлар,гүлдер,видеороликтер,плакаттар.
1-бөлім.
Көрініс.
Би « Көңілді күн»
Мұғалім:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар бүгін сіздер 1 -сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына қалам ұстап, әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер!
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын халге жетті,
Құтты болсын білімі балалардың!
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға
Жақсылықтан қашпайтын, Бәрін біліп жаттайтын, Динара сұлу мен болам.
-Ай мен күні анамның, Ақылдысы атамның. Бекзат жігіт мен болам.
-Аққу қызбын кең маңдай, Әдемімін мен қандай. Айтқан тілді алатын, Назерке деген мен болам
-Сенім артар ұстазым, Сыныптың серкесі де, еркесі де. Нұрсаят деген мен болам
-Мың бұралып билейтін, Сіздерге сәлем беретін, Сүйкімді қызбын Айбала
-Нұрдәулет деген баламын, Дарасымын анамның,
-Ата-анам үміт күткен, Бал қызым деп еркелеткен, Менің атым Айкөркем,
-Сүйкімді де ақылды, Салмақты да сабырлы, Егізімнің сыңары, Гүлнұр деген мен болам.
-Гүлнұр менің сыңарым, Менде ақылды баламын, Шатастырып алмаңдар, Мен Айнұр боламын
Динара:
Армысыңдар , аналар!
Бармысыңдар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңдар!
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр- әніміз
Бекзат:
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға!
Динара:
Әліппем менің, әліппем,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің, Ертеңгі сәуле жарықпен.
Олай болса, сүйікті әліппемізді ортаға шақырайық
2-бөлім.
Әліппем, менің ,әліппем!
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерді алғашқы мектеп жеңісі - әліппені аяқтаулаларыңмен құттықтаймын. Білім жолында үлкен табыстарға жете беріңдер!
Осы төрт айда менімен дос болып, сауат ашып, әріп таныдыңдар.
Білесіңдер ме, балалар, ең алғаш әліппені жазған кім?
-Ы. Алтынсарин.
Оның білімге шақырған қандай өлеңдерін білесіңдер
Әліппе: Өте жақсы оқушылар, сендер тағы да қандай пәндермен достастыңдар?
Хормен:
-Математика , дүниетану.
Әліппе:
-Олай болса менімен бірге сол сүйікті пәндеріңде сендерге қонаққа келді. Олар да сендердің бүгінгі мерекелеріңді тамашалап, өнерлеріңді көргісі келеді.
Математика мен дүниетану келеді.
Әліппе:
-Міне, керемет,өте жақсы, олай болса біз сендерге көптеген қызықты тапсырмалар мен ойындар ала келдік.
Ойын: « Суретті жұмбақ»
Математика тапсырмалары:
1.Он асықтың үшеуін, 2.Сол қолымда бір алма,
Досың сұрап алады. Оң қолымда бір алма.
Айтшы, сонда нешеуі Анам берді екі алма,
Өз қолында қалады? Болды сонша неше алма?
3.сегіз көбелектің үшеуі ұшып кетті,неше көбелек қалды?
4.Себетте үш бананым бар еді, апам тағы 3 банан берді,барлығы қанша?
«Дүниетану қызықтары»
1..Біз өмір сүру үшін не қажет?
2.Жыл мезгілдерін атап шық.
Әліппе:
Математика мен дүниетану достарыңның тапсырмаларын жақсы орындадыңдар, ал ендеше, мен де сендерге жұмбақтар жасырамын, қане кім тапқыр екен?
Әрі қатты, әрі тәтті,
Жеген жанды таңырқатты?
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұр шашады?
Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе бірден сөніп қалады?
Тікен,тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте
Әліппе:
өте жақсы балалар,керемет білімді екенсіңдер,тамаша өнерлерің де бар шығар.
Динара: Арине ,әліппе сіздің арқаңызда әдемі жазуды да үйрендік,біз оны мақтанышпен көрсете аламыз.
Динара:
Балалар, біз қонақтарға тамаша бір ертегі көрсетіп берсек қайтеді?
Бекзат: жарайды, олай болса, « Шалқан» ертегісін тамашалаңыздар.
Видеоролик.
Ертегіні сахналау.
Ән.«Атамды да жақсы көрем»
Видеоролик. «Әліппемен бір болған күндерден»
Әліппе: ал, достар мен сендермен енді қоштасамын, менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар.Сабақтарыңды жақсы оқыңдар!
Ән. «Қош, әліппем»
Хормен. Қош сау болыңыз, Әліппе, рахмет сізге!
«Армысың, ана тілім!
Ана тілі, туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын, Түсіндірер бәріне, Ана тілі пәнімін.
Армысыздар, балалар.
Динара:
Ана тілі-ұраным, Ана тілім-құралым,
Ана тілім болмаса, Мықты болмас тұрағым.
Бекзат:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Ана тілі:
Олай болса балалар мен де сендердің өнерлерің мен білімдеріңді тамашалайын деп мен де қызықты тапсырмалар мен тартулар әкелдім. Алдымызда қандай мереке келе жатыр?.
Хормен:
Жаңа жыл мерекесі!
Олай болса мен де қызықты жаңа жылдық тақпақтар бар,соны бізге оқып берсеңдер екен деймін.Қане бәріміз тақтаға назар аударайық!
Ана тілі:
-Бәрекелді балалар,бұдан әрі қарай менімен жақсы дос бола алады екенсіңдер.Қане, кешті жалғастыраыйқ!
Би « Қамажай»
Өзбек биі.
Үнді биі.
Ана тілі: Балалар,маған өнерлерің де, білімдерің де қатты ұнады.Енді мен сендерге арнаған тамаша бір көркем сөз әкеліп едім, қазір соны оқып берсем деймін.
Топтық би.
Қорытынды.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |