Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » М. Мақатаев «Райымбек! Райымбек!» поэмасы


М. Мақатаев «Райымбек! Райымбек!» поэмасы

М. Мақатаев «Райымбек! Райымбек!» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Райымбек! Райымбек!» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

1. М. Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» поэмасының патриоттық рухы туралы сөз қозғау, ақын сезімі мен тарих шындығын ашу.

2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу,тіл байлығын арттыру.

3. Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,оларды батыр үлгісінде тәрбиелеу,ерлікке, елдікке шақыру,ел қорғаны болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: ұжымдық ойлау әдісі

Сабақтың көрнекілігіинтерактивті тақта, слайд материалдары

Сабақтың түрі: модульді сабақ

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ.Үй жұмысын тексеру. Сюжеттік жоспар бойынша поэманың мазмұнын баяндау.

Сюжеттік жоспар

Оқиғаның басталуы: Ел басына түскен күн

Оқиғаның байланысы: Малшы бала арманы

Оқиғаның дамуы: Тентек бала аруағы

Оқиғаның шиеленісуі: Балаң жігітті мазалаған ой

Оқиғаның шарықтау шегі: Қабай бидің батасы

Оқиғаның шешілуі: Сынақтан өткен батыр

ІІІ. Жаңа сабақ

І. Кіріспе.

ІІ. Диалог. «Брейн-Ринг» ойыны

ІІІ. Қорытынды Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді.Әр топта бес оқушыдан бар.Әр топ оқушылары сұрақтарға жауап беріп,талдау,зерттеу жұмысын жүргізеді. «Брейн-Ринг» ойыны үш деңгейлік тапсырмадан тұрады.

«Брейн-Ринг» ойыны

І деңгей-------------ІІ деңгей--------------------------------ІІІ деңгей

Танымдық сұрақтар-------Талдау,зерттеу жұмыстары-----Ой-толғау

Оқушылардың әр жауабы үшін бағалау қағазын алады. Сабақ соңында ұпай саны есептеледі.

І деңгейлік тапсырмалар

І топқа:

  1. «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» оқиғасы қай жылы болды?
  2. Мұқағали Мақатаев кім? «Райымбек!Райымбек!» поэмасын жазуға не түрткі болды?
  3. Поэмадағы жер-су аттарын ата.
  4. «Қаратаудың басынан көш келеді» Бұл қай шығармадан алынған үзінді?
  5. Жоңғар шапқыншылығына қатысты қандай тарихи атауларды білесің?

ІІ топқа:

  1. Райымбек батырдың кесіп өткен өзені.
  2. Жоңғар шапқыншылығына қатысты қандай батыр есімдерін білесіңдер?
  3. Батыр атымен аталған аудан қай облыста орналасқан?
  4. «Райымбек! Райымбек!» поэмасының тақырыбы мен идеясы.
  5. Райымбектің атасы кім?

ІІ деңгейлік тапсырмалар.

І топқа:

  1. Ел басына түскен ауыр халді ақын қандай бейнелі сөзбен жазған?
  2. Қабай жыраудың аттан салған сөзін мәнерлеп оқы.
  3. Қабай жырау әулиеден не тіледі?
  4. Түке неден түңілді? Түке мен әйелінің диалогын мәнерлеп оқы.Диалог дегеніміз не?
  5. Би үміті қай сөзден көрінеді?

ІІ топқа:

  1. Балаң жігітті мазалаған ой. Үзінді келтір. Монолог дегеніміз не?
  2. Қабай жырау мен баланың дщилогын мәнерлеп оқы.
  3. «Қазақ қанын сылқытып жатыр дала» Құбылтудың қай түрі?
  4. Райымбекке Әлмерек би қандай шарт қойды? Осы бөлімдегі метафораларды тап.
  5. 18-дегі Райымбек қандай жігіт?Кейіпкер бейнесін топтастыр.

ІІІ деңгей. Ой-толғау.

І топ. Ел қорғаны – Райымбек.

ІІ топ. Елін қорғау – азамат парызы.

ІV. Қорытындылау.

Сұрақтар:

-«Үйде туып,түзде өлген» бабалардың ерлігін жалғастыратын ұрпақ бар ма?

-Бабалардың ерлігі арқасында жеткен жеңістің мән-мағынасы неде?

V.Үй тапсырмасын беру. Шығарма жазуға дайындық.

VІ. Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
М. Мақатаев «Райымбек, Райымбек» поэмасы
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Халықтық педагогиканы пайдалана отырып, ой өрісі кең , шығармашыл, ізденімпаз жеке тұлға тәрбиелеу
Мақатаев Райымбек, Райымбек! поэмасы
Еңлік - Кебек
М.Мақатеав «Райымбек, Райымбек» поэмасы
Райымбек, Райымбек поэмасы
Атан түйе шөккен жер
Батыр Баян -париоттық шығарма
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 7276 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык