Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » М.Мақатеав «Райымбек, Райымбек» поэмасы


М.Мақатеав «Райымбек, Райымбек» поэмасы

Тақырыбы: М.Мақатеав «Райымбек, Райымбек» поэмасы

Білімділік мақсаты:    М.Мақатеав өмірі, шығармашылығымен танысу. Ақиық   ақынның «Райымбек , Райымбек»  Шығарманың мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашқызу,  тіл көркемдігін табу.Шығармаға композициялық, жан-жақты талдауду жасау арқылы, әдеби тілде сөйлеуге дағдыландыру.М.Мақатеавтың   қалам  өнеріндегі  асқан  дарынын,  шеберлігін  таныту, ақынның   шығармашылығына  сүйіспеншіліктерін   арттыру,  оқушылардың   поэзия   туралы  түсініктерін  дамыту.  
 Дамытушылық мақсаты: шығарманы  жан-жақты  талдау   арқылы  оқушылардың   дүниетанымын  кеңейту,  сөздік  қорын  байыту, ізденіс- шығармашылық   дағдыларын  дамыту,  тіл мәдениетін жетілдіру. 
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды   халқын   қастерлеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.               
 Сабақ   міндеттері:
1)  поэманың   тақырыбы   мен  идеясын  ашу,  мазмұнын   толық   меңгеру.
2)  оқушыларды  поэманы   әдебиет   теориясы   тұрғысынан   талдауға   үйрету.
3)  өз   бетінше   ізденуге   баулу. 
СТО-ға   байланысты – поэманы  бағалай  білу, шығарманы  бүгінгі  өмірмен  байланыстыру,өзіндік   көзқарас ,  пікірін   қорғауға   бағыттау.
Топқа   байланысты - әр   оқушының   жеке,  топтық  жұмысын көрсету,өз   пікірін  қорғау. 
Күтілетін   нәтиже: поэманың  мазмұнын  меңгереді,   идеясын  ашады,  ақпараттарды   жүйелі  жеткізе  алады,  қазақ  елінің  бастан  кешкен  тарихи   кезеңдеріне  шолу  жасайды, поэманы композициялық құрылымына, өлең  құрылысына,  көркемдік ерекшеліктеріне  талдау жүргізе  алады ,жобаны  қорғайды ,талдау  мен  бағалауға  қатысады. Шығарманы  талдай  отырып   ұлжандылыққа,   өз  халқын   қастерлеуге,   бағалауға , елін   сүюге  үйренеді.
  Шығарманы  өмірмен  байланыстырып  өз   толғанысын  айтады. 
Нәтижені  бағалау :  жазу  арқылы (  ой- толғау   немесе  5 жол  өлең  жазу.)
Сабақ типі: жаңа   сабақты  меңгерту.
Технологиясы : 
Дамыта   оқыту.
1)сын   тұрғысынан   ойлау стратегиясы ( оқытудың   әртүрлі  формаларын  қолдана   отырып бірін-бірі  тыңдай  білуге , өз  ойларын  анық  жеткізуге,  өз  бетімен  жұмыс  істеу  дағдыларын  жетілдіруді,  ізденіске   баулып ,  естіп,  көріп,  білгендерін  түйіндеп ,пайдалана  білуге   үйрету).  
2)  жобалау( оқушылардың ортақ   нәтижеге  жетуге  бағытталған  өзара  келісілген  тәсілдері  мен  әрекет  ету  әдістері) 
сатылай  кешенді  талдау ( материалды белгілі  бір  жүйемен  талдау(
Әдіс-тәсілдері: топтық  , ұжымдық, ізденіс- шығармашылық , баяндау, талдау, жинақтау, зерттеу.
 Көрнекі-құрал:  М.Мақатеав    суреті , электронды оқулық, слайд-презентация, « Жаужүрек   мың   бала» бейнетаспасы , М.Мақатеавтың өз үні  жазылған үнтаспа  
Техникалық құралдар:   үнтаспа, бейнетаспа, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, география,музыка, тарих. Құзыреттіліктер:  қатысымдық, тілдік, лингвистикалық,  
мәденитанымдық және ақпараттық  
1.Қатысымдық құзыреттілік- оқушының функционалды сауаттылығының болуы. Функционалды сауаттылық оқушыдан сөйлеу әрекетінің барлық түрін (айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым, сөйлесім) болуын талап етеді.
2.Тілдік құзыреттілік – оқушыда  әдеби тілдің нормалары, олардың түрлері, сөздік қор мен тілдің грамматикалық құрылысының толығу жолдары,талдау және жүйелеу қабілетінің қалыптасуын талап етеді.
3.Мәдени-танымдық құзыреттілік-тілді халқымыздың мәдени   құндылығы ретінде тануды, оны халықтың тарихымен байланыстыруды,ұлттық ерекшеліктерді тани білуге, сөз әдебі нормаларын игертуді көздейді.
4.Ақпараттық құзыреттілік- ақпараттарды сыни тұрғыда талдауға, соның негізінде саналы шешім қабылдауға, тілдің танымдық қызметтерін өз мақсатына сай қолдана алуға,сөйлеу әрекетін жоспарлауда және оны жүзеге асыруда ақпараттарды талғап қолдануға,  көздеген мақсатына сай мәтін түрлерін құрайды, әр жанрға тән тілдік құралдарды пайдаланып, шығармашылық жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді.
 
 
Сабақ эпиграфы : 
Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
… Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.
 
 Ұйымдастыру кезеңі: 
-Оқушыларды    түгендеу, зейінін сабаққа аудару.
- Сабақ мақсаты мен міндетттерімен таныстыру.
-Оқушыларды  3  топқа бөлу
 Үй тапсырмасы: М.Мақатеав өмірі, шығармашылығы. 
1 топ:   М.Мақатеав өмірі.
2 топ:   М.Мақатеав  шығармашылығы.
3 топ: М.Мақатеав  туралы  естеліктер. 
Қызығушылығын ояту:
 «Мен бір нәрсеге – поэзияның тіршілікпен бірге, яғни адаммен, табиғатпен бірге өлетініне  - кәміл сенемін. Адамзат жаны қатыгез тартса тарта берсін. Қайтсе де бір парасатты адам қалады. Ол – ақын. Ақырғы сөз сонікі» ,- деп өзі күнделігінде жазғандай Мұқағали поэзиясы өмірмен бірге жасасып келеді. Ақын жырларын оқи отырып әркім одан өзінің бүгіні мен өткенін, келешегі мен арманын көреді. Көреді де содан сабақ алады.Ал  сендер Мұқағлидың  өздауысын  естіп  көріп  пе  едіңдер? 
(Үнтаспадан  өлеңін  тыңдату) 
 Оқытушының   кіріспе  сөзі : Мұқағали лирикалық өлеңдерімен бірге бірнеше поэмалар жазды. Терең оймен, ыстық ықылас сезіммен, халқын сүйген жүрекпен жазылған шығармаларының бірі – «Райымбек! Райымбек!» поэмасы.
Қазақ халқының тарихындағы өте бір ауыр кезең «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» оқиғасы қазақтың ауыз әдебиетінде де тарихи әдебиетінде де кең жырланған. Поэмасы сол кездегі ел басына туған қиын халді көрсететін халықтың азалы әні «Қаратаудың басынан көш келеді” өлеңінің ырғағымен басталуы көп жайды аңғартады.
     «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» оқиғасы туралы  біз не  білеміз?
1-топ : «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» дегенде   көз   алдымызға  не   елестейді?
Топ өз тапсырмасын презентацияны жасап қорғайды ,бейнетаспадан үзінді  көрсетеді. 
2-топ: «Райымбек! Райымбек!» поэмасының   жазылу  тарихы туралы не  білесіңдер? 
ғалым Сәрсенбi Дәуiтовтiң естелігін  келтіреді. 
3-топ : Жоба  қорғау:  «Қазақтың қас батыры Райымбек Түкеұлы»
Бұл – поэманың өзегі мен негізгі идеясы қандай деп   ойлайсыңдар?
Өткен тарихымызға үңілдіре отырып, ақын шынайы шындықты арқау етіп, бүгінгілердің намысын қайрап, жігерлендіріп, қайраттандыра түседі. Бейбіт өмірге, тәуелсіздікке жетудің оңай емес екенін ұғындыру. 
 
1-топ :Поэмаға  мазмұндық  жоспар   құрап түсінгендерін   мазмұндайды. поэманың  әр   бөліміндегі   оқиғаның   ойын    анықтап, тақырып   қою.(сызба   арқылы  көрсету) 
р/с Бөлім   атауы Оқиғаның   барысы 
1 Кіріспе қазақ елінің  басына түскен  ауыртпашылықты
2 Негізгі  бөлім жастықтың жалынды оты айтқанынан қайтпайтын өжет, қайсар, жасынан елінің  қамын жеген Райымбек тұлғасы
3 Қорытынды бөлім Ел тағдыры, бүтіндігі, жұрт болуы бірлігіне, ынтымағына байланысты екенін жақсы түсінген Райымбектің іргесі сөгілген елдің басын қосуға талпынуы, қолбасшылыққа қол жеткізуі.
 
2-топ:Поэманың   композициялық  құрылысына  сатылай  кешенді  талдау  талдату.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
М. Мақатаев «Райымбек! Райымбек!» поэмасы
М. Мақатаев «Райымбек, Райымбек» поэмасы
Мағжан Жұмабаев Батыр Баян поэмасы
Домбыра, бостандықтың ырғағын тарт
Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мақатаев Райымбек, Райымбек! поэмасы
Еңлік - Кебек
Ж.Молдағалиев Мен қазақпын
Райымбек, Райымбек поэмасы
ОМЖ әдебиет 7а сыныбы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2603 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык