Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Н. Хикмет. Үш жігіт туралы хикая


Н. Хикмет. Үш жігіт туралы хикая

Тақырыбы: Н. Хикмет. Үш жігіт туралы хикая

Мақсаты: Мәтін мазмұнын түсініп, мәнерлеп оқуды қалыптастыру. Жағдаятты шешу арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру. Өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу. Оқушыларды табандылыққа, қайсарлыққа, қиындыққа мойымауға тәрбиелеу.  Тіл байлығын арттыру

Оқыту нәтижесі: Мәтін мазмұнын ашуды үйренеді, мәнерлеп оқуға жаттығады, топпен жұмыс жасауды меңгереді, бірін-бірі бағалауға машықтанады.

Ресурстар: Ана тілі оқулығы, АКТ, слайд,

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, 5 минуттық эссе, ұқсастық пен даралық, мақал-мәтелдер

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Уақ.

Сабақ

ұйымд-у

формалары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2 мин

Ұйымд. кезеңі

Амандасу. Топқа бөлу

Амандасу. Топқа бөліну

6 мин

Үй тапсырмасы

Ш. Айтматов: Атадан қалған тұяқ» мәтінін бөлім бойынша сұрау.

-Біз қандай тақырыпқа арналған мәтіндермен таныстық?

-Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

-Жеңістің неше жылдығын тойлаймыз?

-Аталарымыз осы жеңіске қандай қасиеттердің көмегімен жетті?

 

Әр топтан бір оқушыдан шығып, мәтін мазмұнын айтады.

-Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған?

-9 мамыр-Жеңіс күні

-68 жылдығын

-Қайсарлықтың, өжеттіктің, табандылықтың

2 мин

Миға шабуыл

Слайд көрсету. Екі бақаның құмыраға  түсіп кетіп, біреуінің тырбанып шығуы, екіншісінің құмыра түбінде өліп қалуы.

-Суреттен не көріп отырмыз?

-Бірінші бақаның әрекетін қалай бағалайсыңдар?

-Екінші бақаның әрекетін ше?

-Осы суреттерден қандай ой түйдіңдер?

-Екі бақаны көріп отырмыз

-Бірінші бақа шаршап-шалдыққанына, қиналғанына қарамастан құмырадан шыға білді.

-Екіншісі қиындыққа мойынсұнып, әлсіздік танытты, нәтижесінде өліп қалды.

-Мақсатқа жету үшін қандай қиындық болса да жеңуге ұмтылу керек.

6 мин

Жаңа сабақ

Сабақ тақырыбымен таныстыру.

Н. Хикмет: Үш жігіт туралы хикая

Авторымен таныстыру. Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыту. Шынжырлап оқыту.

Оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды. Шынжырлап оқиды.

2 мин

Жуан-жіңішке сұрақтар

-Дүниенің үш шетінде кімдер өмір сүріпті?

-Олар туып-өскен мекенін тастап неге аттанады?

-Бірінші жігіт қандай қиындыққа кездеседі?

-Алдынан кім кездеседі? Жігіт не істейді?

-Екінші жігіттің алдынан кім кездеседі? Ол қандай әрекет жасайды?

-Үшінші жігіттің жағдайы қалай болады?

Сұрақтарға жауап беру.

3 мин

Топтық тапсырма

1 топ: 1-ші жігітке мінездеме топтастыру

2 топ: 2-ші жігітке мінездеме топтастыру

3  топ: 3-ші жігітке мінездеме топтастыру

4 топ: Ұқсастық пен даралық стартегиясы

1-3 топтар топтастыру стратегиясын, 4 топ ұқсастық пен даралық стратегиясын қорғайды

4 мин

Дәптермен жұмыс

Мына мақалды толықтырып жаз. Ертегі мазмұнына сай келетін мақалды тап

Ізденген жетер...
Жан қиналмай

 жұмыс бітпес,

Талап қылмай ...

Мақал-мәтелдерді аяқтап дәптерлеріне жазады

8 мин

Постер қорғау

1 топ: Бірінші жігіттің әрекетіне постер

2-топ: Екінші жігіттің әрекетіне постер

3-топ: Үшінші жігіттің әрекетіне постер

4-топ: Ертегіден қандай қорытынды шығарып және не үйренуге болатынына постер

Әр топ өз постерін қорғайды.

2 мин

Бағалау (формативті)

Топтардың бір-бірінің жұмыстарын бағалауы

Әр топ постерлерге стикерлер жапсырады

2 мин

Сергіту сәті

5 мин

Топтық тапсырма

1 топ: 5 минуттық эссе

2 топ: Ертегі мазмұнына байланысты мақал-мәтелдер  құру

3 топ: Сахналық көрініс

4 топ: Қарама-қарсы элементтер стратегиясы

Әр топ өз тапсырмасын қорғайды

2 мин

Бағалау (формативті)

Әр топ бір-бірін бағалайды

2 мин

Соңғы сөзді маған қалдыр

-Сонымен қандай мәтінмен таныстық?

-Мәтін не туралы екен?

-Үш жігіттің әрекетінен қандай ой түйдік?

-Қандай жұмыстар жасадық?

Сұрақтарға жауап беру

2 мин

Бағалау(суммативті)

Қорытынды баға шығару

1 мин

Үй тапсырмасы

Мәтін мазмұны

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы

«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №9 орта мектеп» ММ мұғалімі: Тлеубаева Гулзия Хамзаевна 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Мен соғысты жек көрем"
Жаз деген... сабақ жоспары қазақ тілі 7 сынып
Сапарғали Бегалиннің « Бала Шоқан» повесінен үзінді
«Өкініш» М.Қуанышбеков
Үш жігіт туралы хикая.
Шешендік сөздер өміршеңдігі
Ш. Айтматов: Атадан қалған тұяқ
Жыртық кітап жылады
«Мақал - мәтелдер» 5- сынып
Абай Құнанбайұлы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 5322 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык