Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қызықты тапсырмалар ӨТШТ тапсырмалары бойынша


Қызықты тапсырмалар ӨТШТ тапсырмалары бойынша

Тақырыбы: Қызықты тапсырмалар   ӨТШТ тапсырмалары бойынша

Мақсаты: Қызықты тапсырмалар арқылы алған білімдерін тиянақтау. Олардың ой-өрісін, логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Берілген тапсырмаларды ұқыпты орындауға тәрбиелеу. 
Көрнекілік: слайд, сиқырлы сандық, ұсақ ойыншық, доп, шар, үйлестірмелі  материалдар, сандар, қарындаш, ақ парақ, маркер. 
Әдіс-тәсілдер: ойындар, сұрақ-жауап, тәжірибе, дидактикалық ойын.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің барысы:
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушып І. 1. Шаттық шеңбері: Музыка әуені қосылады.
 
Сәлем, сәлем, сәлем Алтын күн!
Сәлем, сәлем менің достарым!
Сәлем балабақшаға,
Сәлем барлық баршаға!
 
2. Дидактикалық ойын «Сиқырлы сандық».
-Бұл не болуы мүмкін?
 
-Жоқ, бұл өсімдік емес
 
-Ия, бұл жануар
 
-Ия, ол үй жануары
 
Ең соңында: - Ия оның төлі бұзау.
 
-Дұрыс, бұл сиыр деп жасырылған сиқырды сандықта алып шығамын.
ІІ 3.Тосын сый. Қонаққа Білгіш кіреді. Балалармен амандасып:
-Балалар, сендерде қандай оқу іс-әрекеті болып жатыр?
-Ал сендер математиканы жақсы көресіңдер ме?
-Онда менде слайдта қызықты тапсырмалар бар. Сол тапсырмаларды орындайсыңдар ма?
 
Шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталап айтады.
 
 
-Бұл өсімдік пе?
 
-Бұл жануар ма?
 
-Ол үй жануары ма?
 
-Оның төлі бұзау ма?
 
-Бұл сиыр.
 
 -Бізде математика болып жатыр.
-Ия, жақсы көреміз.
 
-Ия, орындаймыз.
 
Іздену ұйымдастырушы 4. Білгіштің тапсырмалары. Слайд қосылады:
1- тапсырма. «Қәне, санап ал».
-Қанша әтеш бар?
 
-Қанша тасбақа бар, санап ал
 
-Қанша көбелек бар?
 
-Бұл суретте не көп? Не аз?
 
2-тапрсырма. «Дұрыс таңдап ал».
-Мұнда қандай пішіндер?
 
-Мына үш бос торкөздерге пішіндер орналастыру керек. Бірақ 1-ші торқөзге қандай пішінді орналастырамыз? Неге?
 
3-тапсырма. «Бәйге».
1) Аспанда қанша күн бар?
 
2) Бағдаршамның неше көзі бар?
 
3) Машинада қанша доңғалақ бар?
 
4) Кемпірқосақта қанша түс бар?
 
    5)Бәйшешектер мен қызғалдақтар  жылдың қай мезгілінде гүлдейді?
    6) Аспанда қанша жұлдыз ба?
 
    7) Аптада неше күн бар?
 
    8)Дөңгелекте неше бұрыш бар?
 
    9)Шыршада неше бұрыш бар?
 
    10) Доп ауыр ма? Шар ауыр ма? Неге? 
Кәне, тәжірибе жасап тексерейік.
 
-Әтеш-7
 
-Тасбақа-6
 
-Көбелек-4
 
-Бұл суретте әтеш көп, көбелек аз.
-Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы.
 
-Бірінші торкөзге үшбұрышты орналастырамыз. Оның түсі көк.
 
-1күн бар
 
-3 көзі бар
 
-4доңғалақ
 
-7 түс бар
 
-Көктем мезгілінде
 
-Жұлдыз көп
 
-Аптада 7 күн бар
 
-Жоқ
 
-4 бұрыш бар
 
-Доп, шарды еденге соғады. Дос тез соғылады. Желдеткенде шар ұшып кетеді, ал доп орнында тұрады. Өйткені шар жеңіл , ал доп ауыр
4-тапсырма. Санамақтар.  
 
5-тапсырма. Қисын есептер.
а) Мен жүріп келе жатып, еменнің тасасынан 4 қоянның құлағын көріп қалдым. Сонда олар нешеу? Неге?
 
 
ә) Мен жүріп келе жатып, еменнің тасасынан 2 түлкінің құйрығын көріп қалдым. Сонда онда түлкі нешеу? Неге?
 
б) Жіптің бойымен бір түйін байланды. Осы түйін жіпті қанша бөлікке бөліп тұр?
 
Егер түйін екеу болса, ол жіпті қанша бөлікке бөледі?
 
6.Сергіту сәті. 
Оңға қарай бір адым,
Солға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Алға қарай бір адым,
Жоғары-төмен қарайық
Орнымызды тез табайық
7. Білгіш рахмет айтып, флешкасын алып кетеді.
 
Тәрбиеші:
-Балалар, мен де сендерге қызықты тапсырмалар дайындадым. Сол тапсырмаларды орындаймыз ба? 
 
-Онда үстел басына отырайық. Үйлестірме материалмен жұмыс жасаймыз. 
 
-Мен қандай сан көрсетсем (5,7), сен сонша кесе қой. (торсық) 
-Сен неше кесе (торсық) қойдың?
-Салыстырайық. Кеселерді торсықпен; торсықты кеселермен.
-Енді оларды теңестірейік
-екі кесені қалай қостың? (торсықты қалай алдың?)
-Жарайсыңдар.
-2-3 бала санамақ оқиды
 
-2 қоян тығылып тұр. Өйткені әр қоянда 2 құлақ бар. Суретке қарап, анықтайды.
 
-2 түлкі тығылып тұр. Өйткені 1 түлкіде 1 құйрық болады.
 
-Бір түйін жіпті 2 бөлікке бөледі
 
-Екі түйін жіпті 3 бөлікке бөледі
 
Білгіш қоштасады
 
-Ия, орындаймыз.
 
Тақтаға бір бала шығады.
 
-Мен 5 кесе қойдым. Өйткені сіз 5 санды көрсеттіңіз. (7 торсық)
-Кесе аз торсықтан. Торсық көп кеседен. 
 
-Қосумен теңестір
-Қостым бір-бірлеп
Рефлексивті коррекиялаушы -Келесі тапсырма. «Бұл не болуы мүмкін?» Дөңгелек, шаршы, төртбұрыш берілген.
Тексереміз. Тақтадағы балалар жауап береді.
 
-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?
 
-Несімен, не ұнады? 
Не қызықты болды?
 
-Әр балаға қарындаш, ақ парақ қағаз берілді.
-Қалғандары толықтырып отырады
 
-Ия, ұнады
 
Балалардың жауаптары.
 
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Заттарды санына қарай теңестіре біледі.
Түсінігі: Берілген тапсырмаларды түсініп орындайды.
Көрсете білуі: Үлестірме материалмен жұмыс жасау дағдысын көрсетеді

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сиқырлы жолдар.
«Заттың санын цифрмен сәйкестендіру»
«Ғажайып математика»
Сан құрамы
Геометриялық пішіндер
Пішіндер әлеміне саяхат
Қысқы табиғатқа саяхат Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
"Жануарлар әлемі"
Әртүрлі дөңгелектер
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 5676 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык