|
|
Қосжынысты және дара жынысты гүлдер
Сабақтың тақырыбы: Қосжынысты және дара жынысты гүлдер
Сабақтың мақсаты:
1. Қосжынысты, дара жынысты гүлдер құлқайыр, тұқымдастарының ерекшеліктерін түсінуге ықпал ету.
2. Гүлді өсімдіктердің ерекшеліктерін түсіну.
3. Табиғатты сүйе білуге, өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Гүл тұқымдастарының формулалары, кеппе шөптер, суреті
Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап,сызбамен жұмыстермин сөздермен жұмыс,талдау,ойын,тест
Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Сабақтың барысы:
І Кіріктірілген бөлім
Бағдарлау-мотивациялық кезең
Мұғалім: Бір гүлде аталық пен аналық болса қос жынысты.Аталық немесе аналық қана болса дара жынысты дейді. Тек аталығы бар болса аталық гүл,аналығы ғана болса аналық гүл дейді.Аталақ гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса – бір үйлі(жүгері, асқабақ).Аталық гүлдер бір өсімдікте,аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса – екі үйлі(қарасора,қалақай)болғаны.
- Бір үйлі өсімдіктер дегенімізді қалай түсінесің?
- Екі үйлі өсімдіктер дегенімізді қалай түсінесің?
ІІ. Сараланған бөлім:
Операциялық-орындаушылық кезең
Оқулықтан мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңдар
1 - тапсырма Сызбаны толықтырып жазыңдар
|
2 - тапсырма Биологиялық пошта ойыны
Тапсырма.Конвертке қосжынысты гүлдер
Екінші конвертке дара жынысты гүлдерді салыңдар
1.жүгері 2.қалақай 2.тал 1.асқабақ
2.терек 1.қайың 2.қара сора
1.орман жаңғағы
3 - тапсырма Қажет сөздерді жазыңдар
1)Аталығында ғана болса
_______ жынысты дейді
2) Аталық гүлдері мен аналық гүлдер
бір өсімдікте болса ______________
үйлі өсімдік деп аталады
3)Жыныссыз гүлдерде_______
мүшелері дамымайды
Оқулықтан тыс орындалатын танымдық тапсырмалар
4 - тапсырма Гүл формуласы қазақша әріптермен қалай таңбаланатынын жазыңдар
Т-тостағанша
К-
А-
Ж-
5 - тапсырма Мына ұғымдарға жеке-жеке талдау жасаңдар,
қандай өсімдіктерде болатын
кестеге жазыңдар
1.Бір үйлі өсімдіктер__
2.Екі үйлі өсімдіктер__
3.Жыныссыз гүлдер_
4.Аналық гүлдер__
Ой тұжырымдамасы:
|
Рефлексиялық – бағалау кезең
6 - тапсырма Тест сұрақтары
1. Екі үйлі өсімдік
а) асқабақ
ә) терек
б) жүгері
в)қайың
2 Бір үйлі өсімдік
а) тал
ә) қарасора
б) асқабақ
в)қалақай
3 Жеміс бермейтін өсімдік
а) күнбағыс
ә) алма
б) орман жаңғағы
в) алмұрт
4.Итмұрынның халықаралық
атауын тап
а) Са5 СО5А∞Ģ∞
ә) Са(5) СО3+(2) А(9)+ Ģ 1
б)Са (5) СО (5) А5 Ģ (2)
в)P5+5 А5+5 Ģ(5)
5.Қос жынысты деп
а) бір гүлде аталық және аналық болса
ә) тек аналық болса
б) аталық болса
в)аталықта аналықта болмаса
Тест жауаптары
1-ә 2-в 3-а 4-а
Тесттің жауаптары кодоскоп арқылы тексеріледі. Өзін-өзі бағалау жүйесі бойынша оқушылар өз жауаптарын жинаған ұпайлары арқылы мұғалімнің берген бағалау анықтамасына сүйене отырып, өзін-өзі бағалайды.
Өзін-өзі бағалау парағы:
р/с |
Тапсырмалар |
Мұғалімнің берген ұпайы |
Оқушының жинаған ұпайы |
Баға |
|
Сызбаны толтырыңдар |
3 |
|
|
2 |
Қажетті сөздерді табу |
3 |
|
|
3 |
Биологиялық ойын |
8 |
|
|
4 |
Тапсырма 4 |
5 |
|
|
5 |
Тапсырма 5 |
6 |
|
|
6 |
Тест тапсырмасы |
5 |
|
|
|
Барлығы |
30 |
|
|
Бағалау критерийі
25-30 ұпай «5» 18-24 ұпай «4» 1-17 ұпай «3»
Үйге тапсырма: Гүл бөліктерін қағаздан қию
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |