Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ақша қызметтері және түрлері


Ақша қызметтері және түрлері

Сабақтың

тақырыбы

Ақша қызметтері және түрлері

Сабақтың мақсаты

Жаңа сабақ тақырыбын ашуда бейнеролик қолдана отырып оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту;

ақша түрлерімен таныстыра отырып танымдық қабілеттерін дамыту; 

Әртүрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың пәнге, сабаққа деген белсенділіктері мен қызығушылықтырын арттыру;

Білім берудегі жаңа жеті модуль тәсілдерін қолдану;

Сілтеме

Экономика негіздері 8-сынып;

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» экономика негіздері оқулығы;

Интернеттен алынған  ақша тақырыбы (google.kz)

Әр елдің ақшаларының суреттері;

ҚР-ның ұлттық валютасының суреттері;

Сабаққа қажет материалдар (кеспеқағаз, плакат, маркерлер т.б)

Оқыту

Нәтижесі

Ақша туралы толық мағлұмат алады;

Ақша түрлерімен, қызметтерімен танысады;

Әр елдің валюта бағамдары туралы біледі;

Топпен жұмыс жасауды үйренеді;

Ақшаны үнемді жұмсауды үйренеді;

Негізгі

Идеялар

Ақша, ақша қызметтері, ақша түрлері, валюта, валюта бағамы туралы түсініктерін кеңейтеді;

тапсырмалар

Ұйымдастыру кезеңі (4 мин)

1-тапсырма. Ақша туралы бейнероликті көрсетіп, топ арасына сұрақ тастау;(4 мин)

2-тапсырма.Ақша дегеніміз не сұрағына постер арқылы жауап

беру; (8 мин)

3-тапсырма. Ақша жасау;(5 мин)

Сергіту сәті (2 мин)

4-тапсырма. Ақша қызметтерін талдау;(3 мин)

5-тапсырма.  «Кім жылдам?» тапсырмасын орындау;(3мин)

Тест жұмысы (3 мин)

Бағалау (3 мин)

міндеттері

Ақша туралы түсініктерін кеңейтеді,

Қажеттілікті жүзеге асырады,

Валюта бағамдарымен танысады,

Әр елдің ақшалары туралы біледі.

Кейінгі

тапсырмалар

Валюта бағамдарын жазып келу;Еңбек ресурстары тақырыбына үйден қосымша материалдармен, интернеттен алған жұмыстарымен  дайындалу және де «Адам еңбекпен шыңдалады» тақырыбына шығармашылық жұмыс дайындап келу;

Кері байланыс

Берілген тапсырмаларды орындату арқылы және бағалау түрлері арқылы байланыс жасау;

бағалау

Критерий бойынша, білім ағашымен, топтық, өзін-өзі бағалау түрлерін қолдану;

                                Мұғалімнің жазбалары

Тренер жазбасы

   Оқушылар амандасып болғасын,сынып ішінде ынтымақтастық атмосферасын құрдым, яғни топ ережесін қайталап, еске салып өттік. Топқа бөлу барысында суретті төртке бөліп қиындыларын оқушыларға тараттым, оқушылар қиындыларды құрастыру арқылы топқа бөлінді.Жаңа сабақты бастамас бұрын, топтарға жетон бойынша бағалауларды және білім ағашы бойынша бағалау парақшаларын таратып қойдым. Жаңа сабақтың тақырыбын ашуда  интертақтадан ақша туралы бейнероликті көрсету (fingramota.kz)

Бейнеролик көрсетіліп болғасын, оқушылар өз ойларын айтып жатты. Жұбаныш деген оқушы теңгенің бұрынғы түрлерін көрдік,

Бірақ та қолыма ұстап көрмегесін қызық екен деп өз пікірін жеткізді.

2-тапсырманы орындай отырып, әр топ өз идеяларын постер бетіне сурет қылып салды.3-ші топтың оқушылары өз ойларын анық жеткізе білді, Сымбат деген оқушы ақша-адам қажеттіліктерін қанағаттандыруда өте мақызды болып табылады, адамдар өзіне қажет заттардың барлығын ақша арқылы сатып алады, мысалы: тамақ, киім, тұрмыстық заттар т.б. деп жауап берді. Ал, 2-ші топтағы Бағдат деген оқушы адамдар ақшаны жұмыс жасап, еңбек ету арқылы табады деп, өз ойларын сауда жасап жатқан адамның суретін салу арқылы жеткізе білді.

 3-тапсырманы берілген уақыт ішінде орындай отырып, өз топтарының теңгелерінің суретін салды. Олар былай деп жауап берді.Егер де бізге теңге жасау ұсынысы түссе, біз былай жасар едік деп, әр топ та өз теңгелерінің үлгілерін көрсетті.

  Берілген тапсырмалар орындалып болғасын соң сергіту сәті жасалды. Әртүрлі жаттығулар жасау арқылы оқушылар бойларын жазып, демалып алды.

  4-тапсырма ақша қызметтерін талдай отырып, топ арасында дискуссия туды. 1-топ Ақша – құн өлшемі және төлем құралы ретінде қызмет атқарады. Сол туралы өз пікірлерін айтып талқылау жасады.2-топ Ақша – айырбас құралы. Сауда-саттық айналысында ақша айырбас құралы ретінде қолданылатын айтып дәлелдеді.Егер де ақша айналыстан шығап қалса, онда экономика дамуында дағдарыс болады деді.3-топ оқушылары Ақша – қор жинау құралы қызметін атқаратынын айтып өз ойларын толық жеткізді. 4-топ оқушылары Ақша – дүниежүзілік ақша қызметін атқаратынын айтып ойларын тиянақты жеткізе білді.Айдар деген оқушы мысал-дар келтірді. Доллармен дүние жүзінің кез – келген елдерінде сауда жасауға болатынын, долларға айналдырып, жинақтауға болатынын айтып дәлелдеді.

  5-тапсырманы орындау нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру болды. «Кім жылдам?» деген тапсырманы орындау барысында оқушылар өздері білетін ақша атауларын жазды. Ең көп ақша атауын жазған 4 – ші топ оқушылары болды.

Қазақстан-теңге

Ресей-рубль

Түркменстан-манат

Қырғызстан-сом

Өзбекстан-сум

Қытай-юань

АҚШ-доллар

Англия-фунт-стерлинг

Индия-рупия

Жапония-иена

Монгалия-тугрик

Италия-реал

Арабия-динар  т.б.

   Барлық тапсырмалар орындалып болғасын, оқушылардың бүгінгі сабақта алған білімдерін тиянақтау үшін тест орындалды.Тест сұрақтары интертақтадан көрсетіліп, дұрыс жауаптары сол бойда интертақтадан шығып тұрды.

  Сабақ соңында әр топ бір-бірін бағалау жетондарымен бағалап және әр оқушы білім ағашымен өз деңгейлерін бағалап отырды. Оқушылардың қойған бағаларының қорытындысын шығарып,өзім қойған формативті бағаларды қорыта отырып, журнал бетіне жиынтық бағаларды қойдым.

 

     

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлттық валюта- төл теңге
Ақшаны ақылмен жұмсайық
Шығарма "Ақша саған айтарым бар"
Банк жүйесі
Ақша дегеніміз не?
Жарнама
Теңге.
Ақша туралы ой
Ұлттық теңге – мақтанышымыз
нарықтық қатынастар және ақша
Бөлім: Уроки / Экономика | Көрсетілім: 2225 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык