Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ақшаны ақылмен жұмсайық


Ақшаны ақылмен жұмсайық

Ақшаны ақылмен жұмсайық

Сабақтың тақырыбы:  Ақшаны ақылмен жұмсайық                                                                

Сабақтың мақсаты:                                                                                                                    

 Білімділігі: Оқушыларға  ақша ,ақша қызметі, ақша айналымы  туралы түсінігін маңыздандыру  

 Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін логикалық  тапсырмалар арқылы  дамыту                                

Тәрбиелігі:   Еңбек сүйгіштікке,ұқыптылыққа  тәрбиелеу.                                                                 

Сабақтың түрі:   Пікір талқы  сабақ.                                                                                          

Сабақтың әдісі:Сұрақ –жауап, түсіндіру                                                                                    

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру.                                                                                                

II.Үй тапсырмасын сұрау.       

Валюта даген не? Ұлттық валюта деген не? Ақша деген не?

  Табыс деген не? Шығын деген не? Бюджет деген не?                                                                                                               

III. Үй тапсырмасын қорытындылау.   

Валюта –осы елде пайдаланылатын ресми мемлекеттік ұлттық ақша бірлігі.   Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі.   Құндылығы бойынша кез келген басқа тауармен салыстыруға, кез келген тауарға айырбастауға болатын әмбебап тауар – бұл   ақша                                                                                      

IV.Негізгі бөлім.   1 тапсырма.Ақша туралы қандай мақал –мәтел білесіңдер?

Ақшаның күші мен қасиетін білдіретін 7 ереже
1. Мал - баққанға, ақша – адалдан тапқанға бітеді.
2. Ақша туралы арам ой да - зиян.
3. Алаған қолым – береген. Үстемелеп берсеңіз, үстеме-леп аласыз.
4. Қайырымдылықпен айна-лыссаңыз, шығынның қайта-рымы мол болады.
5. Басы артық дүниеңізді бас- қаларға беріңіз. Алғысының күші ақша болып қайтады.
6. Жанашырлық жасағанды Жаратқан Ием жарылқайды. Біреуге міндетті түрде көмек-тесетін бол.
7. Фәнидегі басты парызың – қайырым, садақа. Оны ұмытсаң, өзің де ұмытыласың.
Оқулықпен жұмыс. 41 бет. Ақшаны ақылмен жұмсайық.                                                                      

Логикалық тапсырмалар:

Сатып алмас бұрын ,алдымен не керек?

Егер артық ақшаң көп болса не істер едің?

Ақшасыз сауда болуы мүмкін бе?  Болса қандай?Ақшаның қандай түрлері бар?

     Оқушылардың  пікірін тыңдау.

Біз қанша жерден «ақша қолдың кірі» дегенімізбен, ақ­ша – тіршілігіміздің бір бөлшегі. Адамдар ақша табу үшін жанталасады. Ақша табу үшін қызмет істейді. Ал сол ақшаны да адам өз игілігіне жұмсай білуі керек. Бі­рақ тапқан табыстың басым бөлігін ойын-сауыққа, ішіп-жеуге, арақ-шарапқа жұмсауға болмайды. Онда қал­таңыздағы қаржының берекесі кетеді;
Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.  Олардың экономикалық қызметтi жүзеге асыруда алатын орны өте зор.Өйткенi ақша экономикада ең маңызды категорияның бiрi. Оны мына теңдестiрулерден көруге болады: “ Ақша – жалпыға бiрдей эквивалент ” , “ Ақша – ерекше тауар ” , “ Ақша зат емес, ол қоғамдық қатынас ” , “ Ақша – еңбек өлшемi ” , “ Ақша бастапқы капитал ” деп аталуы тегiннен – тегiн болмаса керек.

1)Ақша – төлем құралы.

2)Ақша  көмегімен кез келген игілікке деген қажеттілік қанағаттандырылады.

Ақша – айналыс құралы.

3)Ақша –құн шамасы және өлшем бірлігі.

        4) Ақша –жинақтау құралы.
Қосымша оқу үшін. Ақшаның шығу тарихы
Алғашқыда түрлі тайпалар мен халықтарда ішкі және сыртқы сауда-саттықта оның басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шы-ғып, олар құн төлеуге пайда- ланылды. Яғни, ерте заманда гректерде, римдіктерде, славяндарда, монғолдарда, қыпшақтарда – мал, ертедегі Русьте, Скандинавияда – аң терісі, Қытайда – шай, Абиссинияда – тұз ақша рөлін атқарды. Кейін тауар өндірісі мен тауар айналымының дамуы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауысты. Біздің заманымыздан бұрынғы үшінші ғасырдағы хуннулар ақша орнына кү-міс пышақты пайдаланып, біздің заманымыздағы бірінші ғасырда салық есебіне алтын, күміс құймаларды алды. Дешті Қыпшақ елінде 6-8 ғасырларда билеуші рулардың таңбалары бейнеленген теңгелер құйыл-ды. 17 ғасырдың басында қазақ хандарының атымен өндірілген мыс ақшалар болды. Қазақ елінің ұлттық валютасы – теңге. ҚР Пре-зидентінің «Қазақстан Рес-публикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 жылғы 13 қарашадағы Жарлығымен осы жылдың 15 қарашасында теңге айналысқа шығарылып, ел аумағындағы бірден-бір заң-ды төлем құралына айналды. Содан бері 15-қараша – Теңге күні.
Ақшаның сезімталдығы Бірқатар болжамдар бойынша, ақша жансыз қағаз болып көрінгенімен, оның сезімталдық қасиеті бар. Әрине, бұл – қиял ғажайып ертегіге ұқсайды. Алайда бизнес сабақтарын жүр-гізуші көптеген мамандар ақшаның физикалық де-не еместігін дәлелдеп, оның бойында қызбалық, сезімталдық қасиеттердің барын айтады. Олар: «қағаз купьюр мен металл тиын-дар (ақшалар) өздерін қа-дірлеп, қастерлеп, аялаған-ды жақсы көреді. Әдемі де сәнді әмиянда салынған ақша сол жерден шыққысы келмейді. Қолыңызға ақша тұрақтамаса, өзгеден емес, ақшаны қадірлей алмаған өзіңізден көріңіз», - дейді. Өте қызық болжамдар.
Ақшаға байланысты мұн-дай болжамдарға сенсек, қалтаңызда ақшаны умаждап, жыртып, майыстырып ұстамаңыз. Онда қаржыдан тапшылық көресіз. Және де ақша өзін үнемдеп, ұқыпты түрде ұқсатқанды ұнататын көрінеді. Ал «ақша жоқ» деп жылай беретіндердің тиыны теңгені құрамай, қанша ақша тапса да құмға сіңген судай құри береді екен. Яғни, жоқ десең жоғала береді.

     V.Жаңа сабақты бекіту  Оқулық 41 бет. 2 тапсырма. Отбасы бюджеті деген не?   6 сынып оқушысының өз бюджеті болуы мүмкін бе?    Жеке бюджет деген не? Балансталған ,тапшылығы, артықшылығы бар бюджет     дегеніміз не?Тапқанын көп жұмсамас үшін адамдар не істейді? Сенің өз табысың неден құралады? Сен үнемдей аласың ба?Үнемдеудің қандай түрлерін білесің?                                                                                                                                                                                                                                                         

VI. Бағалау                                                                                                                                                                        

 VII. Үйге тапсырма:  41 бет.     «  Артық ақшаны қалай табуға болады?» эссе жазу.                                                               

VIII. Сабақты қорытындылау.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Терминал арқылы төлеу
Бюджет.Мемлекет бюджеті және отбасы бюджеті. Салық.
Шығарма "Ақша саған айтарым бар"
Ақша дегеніміз не?
Ақша қызметтері және түрлері
Теңге.
Ақша туралы ой
Ұлттық теңге – мақтанышымыз
нарықтық қатынастар және ақша
Әлеуметтік қатынастар
Бөлім: Уроки / Экономика | Көрсетілім: 2747 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык