Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру


Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру

Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру

Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру

Сабақтың мақсаты:

Тұрмыста және күнделікті өмірдегі үйкеліс күшінің маңызын анықтау

Үйкеліс күшінің табиғатын анықтау

Үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянын дәлелдеу

а)Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.

ә) Дамытушылық  сабақ барысында алған білімін пысықтау және қабылдаған ақпаратты салыстыруды үйрету.

б)Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың техникалық құралы:  Компьютер, документ камера,   интерактивтік тақта, экран.

Сабақтың көрнекілігі: Динамометр, білеуше, әртүрлі денелер, электрондық оқулық,  слайдтар  .

І.Ұйымдастыру   (оқушылармен амандасу, тексеру)

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру;

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау;

ІІІ.Жаңа сабақ;

IV.Бекіту;

V.Үйге тапсырма;

VI.Сабақты қорытындылау (бағалау).

ІІ.Үй тапсырмасын қайталау

Күш және ауырлық  күші тақырыптарын қайталау

а) Күш дегеніміз не ?

б )Күштің өлшеу бірлігі

в ) Ауырлық күші дегенімз не ?

г)Ауырлық күші қандай формуламен өрнектеледі

ІІІ.Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

Оқушылар  алдарына сабақ барысында шешетін сұрақтарды қою :

  • Үйкеліс күшінің физикалық табиғатын анықтау
  • Оның пайда болу себептерін
  • Үйкеліс күшін азайтатын және көбейтетін тәсілдер
  • Үйкеліс күштерінің түрлерін
  • Үйкеліс күшінің табиғатта байқалуы және практика жүзінде пайдалануы

      Оқушылар мұғалім көмегімен тіреу  конспект орындайды

Тең  күш  түскенде   F домаалау< F сырғанау

Пайда болу себептері жанасатын беттердің тегіс болмауы

Молекулалардың өз-ара тартылысы

Үйкеліс күштерін өзгерту  тәсілдері

Көбейту (жолдарға құм төсеу, доңғалақтарға шиптар орнату) Азайту (материалдары майлау, Подшипниктер пайдалану)        

IV Эксперименттік тапсырма       

Мұғалім : Эксперименттік тапсырманы зерттеу үшін келесі тапсырманы орындау керек :

  • Эксперименттік тапсырманы орындау
  • Сұрақтарға жауап беру
  • Қорытындысын дәптерге жазу    

а)  Кітапты қолыңмен басып стол бетімен сырғанат . Қандай күштің әсерімен кітап қозғалды?

Оқушы : Кітап және қол арасындағы үйкеліс күші әсерінен

Мұғалім:

ә) Білеушені көлбеу жазықтықтың үстіне қоямыз. Аз бұрышта білеуше орнында қалады. Неге ?

Оқушы: Көлбеу жазықтықта білеушені үйкеліс күші ұстап тұрады    

Мұғалім: Динамометр көмегімен білеушені қозғалтамыз ,тыныштықтағы үйкеліс күші сырғанау үйкеліс күшіне айналады және ол қозғалыс бағытына қарсы бағытталған.Үйкеліс күші неге тәуелді ?

Оқушы:

1.Жанасатын бетердің тегіс еместігіне.

2.Заттар материалының тегіне

Мұғалім : Білеушенің үстіне бір, екі ,үш жүк қойып үйкеліс күшін  өлшеңдер

(Оқушлардың үстелінде білеуше,динамометр,жүк, трибометр және кестесі бар бланктер)

Білеуше салмағы, Р (Н)

Сырғанау үйкеліс күші  Fүйк (H)

1

 

 

Тәжірибені орындағанан кейін оқушылар келесі қорытындыға келеді :

Дененің салмағы көбейген сайын , сырғанау үйкеліс күші көп болады.

V   БІЛІМДІ ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ ПЫСЫҚТАУ

Үйкеліс күші дегеніміз не ,ол қалай бағытталған ?

Үйкеліс күшінің табиғаты қандай?

Үйкеліс күшінің қандай түрлерін білесіңдер?

Үйкеліс күшін қандай аспаппен өлшеуге болады ?

VI РЕФЛЕКСИЯ

Мен сабақтан қандай жаңалық алдым .

Мен сабақтан нені үйрендім 

Сабақтан алған білімімді пайдалана алам

VII. Үйге тапсырма: §41,42 оқулық. 18-жаттығу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
9 сыныпқа ОЖСБ дайындық тесттер
Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру
Дененің ауырлық күші әсерінен қозғалысы
Механикадағы күштер
Күш. Күш түрлері
Жасанды серіктердің қозғалысы
Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформациялан денелердің потенциалдық энергиясы
Механикадағы күштер
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Күш
Физика пәнінен формулалар жинағы
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 4344 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык