Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ньютонның үшінші заңы


Ньютонның үшінші заңы

Ньютонның үшінші заңы

Сабақтың тақырыбыНьютонның үшінші заңы

Сабақтың  мақсаты:

1) Білімділік: Ньютонның бірінші,екінші заңдарына,күш,масса, үдеу туралы білімдеріне сүйене отырып, динамиканың  іргелі заңы болып табылатын Ньютонның үшінші заңын түсініп білу.

2) Дамытушылық: Ньютон заңдарының табиғатта және техникада қолданысы туралы мәліметтер арқылы оқушылардың интелектісін дамыту, теорияны практикамен ұштастыра білу .

3) Тәрбиелік:  білімді өздігінен меңгеру  барысында іздене білуге, өз ой- пікірін айта отырып,ой қорыта алуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың  әдісі:  Қараевтың  саралап деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану,иллюстративті,зерттеу,сұрақ-жауап,практикалық.

Сабақтың көрнекілігі:  И.Ньютон портреті,тірек тапсырмалар мен деңгейлік тапсырмалар, арбашалар, екі дана динамометр, ұзындығы 200 мм жіп, таразы, суы бар стакан, қарындаш,флипчарт,плакат.

Сабақтың кезеңдері:

1) Ұйымдастыру

2) Үй тапсырмасын тексеру

3) Сабақ мақсатымен таныстыру

4) 1-кезең. Тірек тапсырмасы

5) 2-кезең. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру

6) Үйге тапсырма

7) 3-кезең. Деңгейлік тапсырмалар

8) Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Оқушылармен амандасу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Үйге берілген : 9-жаттығу ( 1-4), 10-жаттығу (1-4) есептердің шығарылуын тексеру

Интерактивті тақтада сәйкестендіру тестін орындау арқылы үй тапсырмасын бекіту:

Физикалық шама

Таңбалануы

Өлшем бірлігі

Анықталатын формуласы

1.Күш

2.Масса

3.Үдеу

4.Ауырлық күші

5.Үйкеліс күші

6.Серпімділік күші

m

F

Fa

a

Fсерп

Ғүйк

Н

Кг

м/с2

м/с

м

с

=F/a

=ma

=Δυ/Δt

=mg

=μmg

=κΧ

 

3.Сабақтың мақсаты:Ньютонның үшінші заңы      F1=-F2   болатындығына көз жеткізіп, осы заңның ерекшеліктерін білу.

Ұстаным: «Біле бер қанша білсең – тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле,біле»     Жүсіп Баласағұн

  1. 1-кезең. Тірек тапсырмалары.

Еске түсіріңдер!

a) Жер – тірек әсері , ә) Жер – жіп әсері,б) Жер – су әсері , в) Жер –ауа әсері,г) Жұлдыздан әрі

-υ= 0---υ=const

 тыныштықта -- түзусызықты қозғалыс

  1. 2-кезең. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.

1) Эксперимент  жасау арқылы Ньютонның  үшінші заңын тексеріп көріңдер.

Жұмыстың мақсаты:  Ньютонның үшінші заңын тексеру.

Құрал-жабдықтар:динамометр – 2 дана;  ұштары тұзақталып байланған ұзындығы  200 мм жіп.

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Динамометрлерді жіппен біріктіріңдер де, оны созып тартыңдар.

2. Мына сұрақтарға жауап беріңдер:

а) сол жақтағы динамометр жіпке қандай күшпен әрекет етеді?

ә) оң жақтағы динамометр жіпке қандай күшпен әрекет етеді?

Жасалған тәжірибеден қандай қорытынды шығаруға болады?

Сол жақтағы динамометрдің көрсетуі, Н

Оң жақтағы динамометрдің көрсетуі, Н

 

 

 

Көптеген бақылаулар мен тәжірибеден  қорытынды:

1) Екі дене алайық. Олар бір – бірімен әрекеттеседі.

2) Түсірілген күштердің бағыттары қарама – қарсы.

3) a1/a2= m2/m1;         a1m1= a2m2;           F1=- F2.

F1- әрекет етуші күш,    F2 – қарсы әрекет етуші күш деп атайды. Осыдан заңдылықты тұжырымдау керек. Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда,денелердің бір – біріне әрекет етуші күштер модулі бойынша өзара  тең  және бағыттары қарама - қарсы. 

Табиғаттағы және техникадағы күштер туралы плакаттағы суреттер арқылы Ньютонның үшінші заңының ерекшеліктері атап көрсету.

6. Бекіту тапсырмалары.

1. Егер екі адам  120 Н күшпен екі жаққа керіп тартса, 150 Н  кері күшке шыдайтын арқан үзіле ме?

2. Екі дене өзара әрекеттескен кезде пайда болатын күштер бірін –бірі теңгеруі мүмкін бе?

7. Үйге тапсырма:

§13.  11-жаттығу (1,2)

  1. 3-кезең. Деңгейлік тапсырмалар.

1-деңгей ( 5 балл)

1. Екі дене өзара әрекеттескен кезде күштердің табиғаты әртүрлі болуы мүмкін бе?

2. Ішінде суы бар стақан таразыға  қойылып теңгерілді. Егер суға қарындашты салып, стақанға тигізбей қолымен ұстап тұрса, таразының тепе – теңдігі бұзыла ма?

2-деңгей ( 10 балл)

1. Ішінде тарту күші  15 кН болатын трактор тіркемеге  0,5 м/с2 үдеу береді. Тарту күші  60 кН-ға жеткізетін трактор сол тіркемеге қанша үдеу береді?

  1. 120 Н күш денеге  6,4 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш  8 м/с2 үдеу бере алады?

3-деңгей ( 15 балл)

1. «Арқан тарту» ойынында жеңуші топ  ҒА  күшпен, ал жеңіліп жатқан топ  ҒВ күшпен тартады. Демек, бұл қандай күштердің қатынасына тең?

  1. 6 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы  2 т автокөлік  6000 Н күштің әрекетінен тежеледі. Автокөліктің үдеуі қандай?

9. Қорытындылау,бағалау.

Бірінші деңгейді барлық оқушы орындау арқылы  5 ұпай жинап,  мемлекеттік стандарттың минималды көлемін меңгереді, яғни  ,,3,, деген баға алады.

Екінші деңгейді орындаған оқушы  10 ұпай жинап,  ,,4,, деген баға алады.

Үшінші деңгейді орындаған оқушы  15 ұпай жинайды да ,,5,,  деген баға алады.

Күш туралы мақал – мәтелдер:

  • Қандай күш бірді жығады? Қандай күш мыңды жығады?
  • Қолды қол жуады.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Импульс. Импульстің сақталу заңы
Кинематика және динамика негіздерін қайталау
Қозғалыс заңдарын қорытындылау
Озық ойлы оқушы қорытынды қайталау сабағы
Архимед күші
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Күш
Архимед заңын тексеру
Архимед күші. Денелерінің жүзу шарты
Физика пәнінен формулалар жинағы
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 10182 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык