Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жер қыртысының құрылымы


Жер қыртысының құрылымы

Жер қыртысының құрылымы

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Жер қыртысының ішкі құрылысы зерттеліп отырған құбылысын, фактінің, заңның айқын, нақты түсінігін беру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау ойға сақтау қабілеттерін арттыру, дамыту.

3. Тәрбиелік: Жақсы қасиеттерге үйрету. Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Оқулық, кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас  карта, глобус

Сабақтың жоспары:

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен  сәлемдесіп, үй тапсырмасын сұрауға кірісемін.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Жердің қатты қабығы болып саналатын литосфера жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігін қамтиды. Жер қыртысы құрылымдық ерекшеліктеріне қарай материктік және мұхиттық болып бөлінеді.

Геологиялық жыл санау-Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының уақыт тәртібімен түзілу реті, жасы туралы ілім. Жердің геологиялық жасы литосфераның қалыптасқан уақытынан бастап есептеледі.

Жер қыртысы мен тіршілік дүниесінің неғұрлым ірі өзгерістерін көрсететін геологиялық уақыт аралығы эра деп аталады. Жердің даму тарихы 5 эраға жіктеледі. Әр эра неғұрлым қысқа уақыт аралықтарына-дәірлерге бөлінеді. Дәуірлердің аттары көбінесе сол кезеңге сәйкес келетін тау жыныстары табылған жерлердің атымен аталады. Мысалы, кембрий, пермь, юра. Геохронологиялық кестеде Жер тарихындағы басты оқиғалар – тау жасалу кезеңдері, климаттық өзгерістер, тіршіліктің дамуы және т.б көрсетіледі.

Литосфералық плиталар теориясы бойынша, жер қыртысы және мантияның жоғарғы бөлігі жекелеген плиталардан тұрады. Қазіргі кезде 7 ірі платформа мен ондаған кіші плиталар анықталған. Олар құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты материктік және мұхиттық плиталарға ажыратылады. Ірі литосфералық плиталардың көпшілігі материк пен оларға жалғасып жатқан мұхит табандарын қоса қамтиды. Аса ірі плиталар қатарына Еуразиялық, Солтүстік Америкалық, Оңтүстік Америкалық, Африкалық, Үнді-Аустралиялық, Антарктикалық, Тынық мұхиттық плиталар жатады. Ал Тынық мұхиттық плита мұхиттық плита болып табылады. Мұхиттық плиталарда гранит қабаты болмайтындықтан олар салыстырмалы түрде жұқа және қозғалмалы болып келеді.

Әрбір материктің негізін жер қыртысының тегістелген, салыстырмалы түрде тұрақты бөліктерін-платформалар құрайды.

Жер қыртысының қозғалмалы белдеулері геосинклиналдар деп аталады.

Қазіргі ірі геосинклиналдық белдеулерге Альпі-ГималайБатыс және Шығыс Тынық мұхиттық белдеулер жатады.

Жер шарында 800-ден астам сөнбеген жанартау бар, олардың басым көпшілігі мұхит табанында шоғырланған.

Жаңа сабақты бекіту:  Геохронологиялық кесте

Эралар

Дәуірлер

Қатпарлықтар

Тіршіліктің дамуы

 

Кайнозой

Kz

67

 

Төрттік немесе антропогендік 1,8 млн жыл Неогендік, 23,2 млн жыл, Палеогендік, 42 млн жыл

Альпі қатпарлығы

 

Сүт қоректілер мен құстардың қарқынды дамуы. Адамның пайда болуы. Жабдық тұқымды өсімдіктертердің қаулап өсуі.

 

Мезозой

Mz

165

 

Бор, 70 млн жыл

Юра, 55-58 млн жыл

Триас, 40-45 млн жыл

Мезозой

 қатпарлығы

 

Құстардың пада болуы. Алып бауырымен жорғалаушылардың кең таралуы. Ашық тұқымды өсімдіктердің қаулап өсуі.

 

Палеозой

Pz

330

 

Пермь, 45 млн жыл

Карбон, 65-70 млн жыл

Девон, 55-60 млн жыл

Силур, 35 млн жыл

Ордовик, 60-70 млн жыл

 

Кембрий, 70-80 млн жыл

Герцин қатпарлығы

 

Теңіз маржандары, трилобиттер, ірі қос мекенділердің кең таралуы.

 

 

Өсімдіктердің құрлыққа шығуы

 

Папоротниктер мен плаундардың қаулап өсуі.

 

Каледон

қатпарлығы

 

Протерозой, 2,1 млрд жыл

Байкал

 қатпарлығы

 

Көк-жасыл балдырлардың кең таралуы. Алғашқы қарапайым теңіз ағзаларының пайда болуы.

 

Бактериялардың пайда болуы.

 

Архей, 1 млрд жыл

Қорытынды:  Бүгінгі сабақта, жалпы жер құрылымымен  оның ішінде, материктік және мұхит табандарының жер қыртысын, геологиялық жыл санауды, литосфералық плиталар және олардың қозғалыстарымен таныстық, үйрендік, білдік.

Үйге тапсырма: Жер қыртысының құрылымын оқу, мазмұндау. Кескін картаға жер бедерін салу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Литосфера
Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы. Қазақстан аумағының геологиялық құрылысы
Жер бедері
Литосфералық тақталардың айналуы мен қозғалысы
Еуразияның жер бедері
Тынық мұхиты
Жер қыртысының қозғалысы. Жел сілкіну
Литосфера Қайталау сабағы
Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы
Материктер мен аралдар
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 8377 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык