Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жер бедері


Жер бедері

Жер бедері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Жер бедері туралы оқушыларға түсінік беру. Оқушылардың тіл байлықтарын сөздік қорларын молайту.

 2. Дамытушылық: Дамытуға оқытуға негізделген    шығармашылық қиялын, жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету, білімді, ақылды, ізденімпаз етіп тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Оқулық, кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас  карта

Сабақтың жоспары:

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  сәлемдесіп, түгендеп, үй тапсырмасын сұрауға кірісемін.

Үй тапсырмасын сұрау:

Сұрақ: Жер қыртысы құрылымдық ерекшеліктеріне қарай неше топқа бөлінеді және оларды ата?

Жауап: Материктік және мұхиттық болып екіге бөлінеді

Сұрақ: Геологиялық жыл санау дегеніміз не?

Жауап: Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының уақыт тәртібімен түзілу реті, жасы туралы ілім

Сұрақ: Рифт дегеніміз не?

Жауап: Жер қыртысындағы неғұрлым терең жарылыстардың жиынтығы рифт деп аталады

Сұрақ: Плита дегеніміз не?

Жауап: Платформаларды әр түрлі шөгінді жыныстар жауып жатқан кішігірім бөлігін плита деп атайды.

Сұрақ: Жер қыртысының қозғалмалы белдеулерін не деп атайды?

Жауап: Геогсинклиналдар

Сұрақ: Қазіргі ірі геосинклиналдық белдеулерге жататындарын ата?

Жауап: Альпі-Гималай, Батыс және Шығыс Тынық мұхиттық белдеулер жатады.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Жер бедері барлық табиғат компоненттерінің (климат, ішкі сулар, топырақ-өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі) қалыптасуы мен орналасу заңдылықтарына айтарлықтай әсерін тигізеді.

Жер бедері ішкі және сыртқы күштердің қатар әсер етуі нәтижесінде өзгеріп отырады.

Ішкі күштер әсерінен болатын қозғалыстардың екі түрі белгілі: тік қозғалу (жанартаулық құбылыстар, күшті жер сілкінулер, қатпарлану, жарылыстардың пайда болуы және т.б) және өздеріңе белгілі литосфералық плиталардың ғасырлық тербелмелі қозғалыстары. Бұл қозғалыстар жер бедерінің ең ірі пішіндерін-материктерді және мұхит қазаншұңқырларын қалыптастырады. Олар жер бедерінің ғаламшарлық ауқымдағы аса ірі пішіндеріне жатады. Құрлық пен мұхит табанындағы жазықтар мен тау жүйелері жер бедерінің екінші қатардағы пішіндерін құрайды.

Ішкі күштердің әсерінен қалыптасқан ірі таулар мен жазықтар сыртқы күштердің әсерінен түрліше өзгерістерге ұшырайды.

Мұхит табанының ең басты ерекшелігі – тұтас су асты жоталары жүйесін құрайтындығы. Олардың жалпы ұзындығы 75 000км-ден астам, ені 2000 км-ге, орташа биіктігі 3000 -4 000м-ге жетеді. Жоталардың жан-жағын қоршай, теңдессіз өте үлкен алқапты қамтитын терең ойыстар-қазаншұңқырлар орналасқан. Литосфералық плиталардың жанасатын бөліктері мұхит табанындағы ең қозғалмалы аудандары болып табылыды.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Жер қыртысының құрылысы картасы мен физикалық картаны салыстыра отырып, материктер ме н мұхиттар табанындағы жер бедерін ата
  2. Жер қыртысының қандай құрылымдарына сәйкес келетінін нақты мысалдармен дәлелдеңдер
  3. Материктер мен мұхиттар пішіндерінің өзгеруін немен түсіндіруге болады?
  4. Мысал келтір (Жер белдеріне)

Қорытынды: Сонымен, бүгінгі сабақта жер бедерінің неғұрлым ірі пішіндері жер қыртысының белгілі бір құрылымдарына сәйкес келетінін және литосфералық плиталардың жанасатын бөліктері мұхит табанындағы ең қозғалмалы аудандары болып табылатынын білдік.

Үйге тапсырма: Жер бедері мәтінін мәнерлеп оқып мазмұндау. Кескін картаға жер бедерін түсіру. Тест сұрақтарын құрастырып, қосымша материалдар алып келу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Литосфера
Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар
Тірек – сызбаларын сабақта пайдалану
Павлодар облысының геологиялық құрылысы мен даму тарихы. Қазақстан жер бедерінің дамуы мен қалыптасуы
Жер қыртысының құрылымы
Литосфералық тақталардың айналуы мен қозғалысы
Еуразияның жер бедері
Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Материктер мен аралдар
Әлемдік география
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 9389 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык