Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Объектілермен жұмыс


Объектілермен жұмыс

Объектілермен жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Объектілермен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға WINDOWS операциялық жүйесінде файл, қапшық, таңбаша құра білуге үйрету. Обьектілердің атын өзгерту командасын орындай білуге үйрету

Дамытушылық: Практикалық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Алға қойылған мақсатқа жете білуге тәрбиелеу

Сабақ түрі: дәстүрлі емес, жарыс сабағы     

Сабақтың типі: Білімді бекіту

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап               

Сабақ көрнекілігі: компьютер, кеспе қағаздар, слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақ мақсатымен таныстыру

ІІ. Жарыс кезеңдерін таныстырып өту (1 слайд)

Сәлем сөздің анасы.

1 кезең.   Таныстыру екі топ сәлемдесіп 1-2 минутта өз топтарының аты мен төсбелгісін таныстырып кетеді.   

2 кезең   «Менің қауіпсіздігім» Қауіпсіздік ережелерін қайталау 1-2 минутта қауіпсіздік ережелерін айтып кетеді.

3 кезең   Біз не білеміз?   Сұрақтар беріледі.

 1.WINDOWS қандай ұғымды білдіреді?  (терезе)

2. WINDOWS экранын не деп атаймыз? (жұмыс үстелі)

3. WINDOWS-тың негізгі обьектілерін атаңдар (қапшықтар, программалар, құжаттар, таңбашалар)

4. WINDOWS объектілері неше түрге бөлінеді? (Екі түрге, арнайы, шартты)    

5. Қапшық дегеніміз не? (Объектілер бірлестігі, файлдарды жүйеге келтіруге арналған)

6. Файл дегеніміз не?( Аты бар бірқатар байттар тізбегі)

7. Таңбаша дегеніміз не? (Тез іске қосуға арналған командалық файл)

8. Қапшықтар компьютерде қалай орналасады?. Оны не деп атаймыз?

(Белгілі бір тәртіппен, иерархия деп аталады)

9. Файл типтерін атаңдар (.doc, .txt, .bmp)

10. Жұмыс үстелінде қапшық құру командасы (Жанама мәзірді ашып, Создать командасын орындау, шыққан қапшыққа ат беру, ENTER пернесін басу)

11. Таңбаша белгісі  (таңбаша белгісінде иілген бағыттауыш белгісі тұрады)

12. Таңбаша өшірілгенде, таңбаша құрылған файл өшіріле ме? (жоқ )

4 кезең «Теориядан практикаға жол» кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде өзіміздің білетін теориялық білімімізді практикаға ұштастырамыз. Екі топқа бірдей тапсырма беріледі.

1 тапсырма

Жұмыс үстелінде әр топ мүшесі өз тобының атында қапшық құрады

2 тапсырма

Осы қапшық ішінде текстік файл құру. Файлдың атын өз аттарымен сақтау. Файлды ашып ішіне кез-келген мақал-мәтел жазу керек.

3 тапсырма

Құрылған файлға таңбаша құру.

4 тапсырма

Жұмыс үстеліндегі «Оқушы»  қапшығының атын «Оқытушы» атына өзгерту.

«Оқытушы» қапшығының ішіне «Оқушы» қапшығын құру.

5 тапсырма «Мои документы» қапшығын ашып, «7» қапшығын жою. Ол қапшықты себеттен көрсет.

5 кезең    «Ақиқат және жалған» кезеңі. Тапсырма топ басшыларына беріледі.

Кестеде сұрақтар және олардың жауаптары беріледі. Ол жауаптардың ақиқат жалған екендігін толтыру қажет.

 

Пікір

Ақиқат әлде жалған

1

WINDOWS қолданбалы программа

жалған

2

WINDOWS терезе деген ұғымды білдіреді

ақиқат

3

Қапшық тек қана жүйелік программаны жүйеге келтіруге арналған

жалған

4

Қапшық екіге бөлінеді

ақиқат

5

Таңбаша жойылғанда, таңбаша құрылған файл жойылмайды

aқиқат

6

. bmp текстік файл типі

жалған

7

Обьектілерді жойғанда, жойылған объектілер себетке орналасады

ақиқат

8

Объектілерге ат бергеннен кейін оның атын өзгертуге болмайды

жалған

9

Объектілерді өшіру кезінде delete пернесін пайдалануға болады

ақиқат

10

Жаңа қапшық құрғанда, оған ат бергеннен кейін caps lok пернесін пайдаланамыз

жалған

Бұл кезеңде әр сұраққа 1 ұпайдан беріледі. Жеңіс көп ұпай алған топ басшысында. Топ басшылары тапсырманы орындап жатқан кезде «Кубик» ойыны ойнатылады.

6 кезең «Сергіту сәті»

Ал балалар шаршаған шығарсыңдар,

Жаттығуды бастайық

Біраз сергіп алайық.

Саусақтарымызды қимылдатып, көз жаттығуларын жасайық 

7   кезең

«Құралдар сайысы»

Төмендегі батырмалардың атын атап, қызметін айту.

Әр табылған батырмаға 1 жетон.

Сабақты қорытындылау:  Қапшықтағы жетондарды санау. Қай топта жетон көп сол топ жеңіске жетеді. Оқушылардың білімін өз алдарындағы бағалау парағындағы мәліметтерді пайдаланып, бағалау.

Үйге тапсырма:


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Файлдар мен қапшықтар
Объектілермен жұмыс істеуді үйрену
Бумалармен белгішелерде құру. Атын өзгерту. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою
Файлдар мен қапшықтар
Windows операциялық жүйе
Файлдар мен қапшықтар. Қапшық құру. Таңбашалар
Windows типті ОЖ. Қапшық, файл, дискілермен жұмыс істеу бұйрықтары
Файлдар, қапшықтар және таңбашалар
Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаны жою. Корзинаны қалай тазалайды.
Файлдармен жұмыс
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 2659 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык