Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері


Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері

Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік. «Тотығу дәрежесі»туралы мағлұмат беру, тотығу -тотықсыздану ұғымдарын түсіндіру,  тотығу-тотықсыздану реакциясын электрон- баланс  әдісімен теңестіру дағдысын қалыптастыру.

ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,  анализ жасау, салыстыру,  қорытынды жасау, алгоритммен жұмыс жасау дағдысын дамыту, пәнге қызығушылығын қалыптастыру.

б) тәрбиелік. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, еңбек ету дағдысын жетілдіру, оларды логикалық ойлауға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақты ұйымдастыру формалары: Жеке,  жалпылама.

Сабақты өту әдісі: СТО әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, тірек-хабарлар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: Физика,математика.

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасы. «Қызығушылықты ояту»

3.Жаңа сабақ. «Мағынаны тану»

4.Бекіту. «Толғаныс»

5.Оқушыларды бағалау.

6.Үйге тапсырма.

 Үй тапсырмасы “Қызығушылықты ояту”

1. Сутек элементіне жалпы сипаттама.

 2. Сутектің табиғатта таралуы.

 3. Ашылу тарихы.

 4. Физикалық қасиеті.

 5. Химиялық қасиеттері.

 6. Алыну жолдары.

 7. Қолданылуы.          

Жаңа сабақ.  «Мағынаны тану»

1.Электртерістілік дегеніміз не.

2.Химиялық байланыс түрлері.

3.Валенттілік.      

Электрондар беру процесі – тотығу, ал қосып алу процесі тотықсыздану деп аталады.    Электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар тотықтырғыш, ал беретіндері тотықсыздандырғыш болады. Реакция теңдеулерін жазып тотығу-тотықсыздану процесін түсіндіру.

Тотығу – тотықсыздану реакциясын танып білу Реакция теңдеуіндегі  барлық  элементтердің  тотығу  дәрежесінің  мәнін  жазу Элемент  атомының  тотығу  дәрежесі  өзгеріске  ұшырауын  анықтаймыз.

+2  -2   +1 -1    +2 -1      +  -2

 PbO + 2HCl → PbCl2 + H2O

Тотығу  дәрежесі  өзгермесе => реакция тотығу  - тотықсыздану  реакциясы болмайды

+4  -2     +1  -1     +2   -1     0    +1    -2  

PbO2 + 2HCl → PbCl2 + Cl2 + 2H2O

Тотығу  дәрежесі  өзгеретін болса > реакция  тотығу  - тотықсыздану реакциясы болып  табылады болады

Ең маңызды тотықтырғыштар: күштілері – F2, O2, O3, H2O2, Cl2 (әсіресе сулы ерітіндісі), HClO, HClO3, H2SO(тек концентрлісі), патша арағы (концентрлі HNOжәне HCl қоспасы), HNO2, NO2, KMnO4 (әсіресе қышқыл ерітіндіде), MnO2, K2Cr2O2, CrO3, PbO2 және т.б.; әлсіздері – I2, бром суы (Br2+H2O), SO2, Fe3+ және т.б.

Маңызды тотықсыздандырғыштар: күштілері – сілтілік және сілтілік жер металдар, (әсіресе бөлінген күйінде), HI және иодидтер, H2S және сульфидтер, NH3, PH3, H3PO3, C, CO, Fe2+, Cr2+ және т.б.; әлсіздері – активтілігі төмен металдар (Pb, Cu, Ag,Hg), HCl және хлоридтер, SO2, HNO2 және т.б.

ТТР-сы теңдеулерін теңестіру реті төмендегідей:
1. Химиялық реакция  теңдеулерін  жазу.

Al+H2SO®Al2(SO4)3+H2­

2. Теңдеулердің оң  және сол  бөлігіндегі барлық  әлементтердің тотығу  дәрежелерін тауып, таңбасының  үстіне  жазу

  0   +1+ 6   +3 +6 -2      0

Al+H2SO4®Al2(SO4)3+H2­

3. Реакция  нәтижесінде тотығу  дәрежесі өзгерген  элементтердің астын сызу.

 0  +1+6-2    +3  +6  -2        0 
  Al+H2SO4®Al2(SO4)3+H2­

4. Электрондық  баланс  теңдеуін құру. (ағылшынша balance- теңдестіру, тепе-теңдік):

Al°  -    3ē ®AL +3           3   2
 2H+1 + 2ē =   H20            2   3

5. Таңдалған  коэффиценттерді реакция теңдеуіне  жазу.

 2Al°+3H2+1S+6O4-2=Al2+3(S+6O4-2)3+3H2°­

6. Оттек атомдарының санын  есептеу арқылы  коэффиценттердің  дұрыс  екендігін тексеру.

 2Al°+3H2+1S+6O4-2=Al2+3(S+6O4-2)3+3H2°­

ТТР теңдеулері күрделірек болғанда мына реттілікті қолдану.

 1 Тотығу дәрежесі өзгергендерінің астын сызу

 K+1Mn+7O4-2+ H+1Cl-1 → K+1Cl-1 + Mn+2Cl2 + Cl20 + H2+1O-2

2 Тотығу дәрежесі өзгерген атомдарды немесе иондарды бөліп жазу.

  Mn+7    →  Mn+2

 Cl-1  →   Cl0

Атомдар немесе иондар қанша электрон беріп, не қосып алатын санмен көрсетіп жазу.

Mn+7     +5ē = Mn+2

Cl-1         -ē   = Cl0

 Мұнда, Cl атомдарының молекула түзетінің ескеру керек.

   2Cl-1 -2ē = Cl20

Тотығу  дәрежесі

Жай  заттардың  құрамына  кіретін  элемент  атомының  тотығу  дәрежесі нөльге тең. Mgº, Cl2º, O2º

 Сутектің тотығу дәрежесі  гидридтерден  басқа қосылыстарда +1  тең.  

 +1       +1               -1

 HCl,    H2O  ,     NaH

Қосылыстың құрамындағы барлық атомдардың тотығу дәрежесінің қосындысының жиынтығы  нөльге тең.+6 -2

SO4   6+4(-2)=-2

Бекіту. «Толғаныс»

Ойлан  тап!    (Химиялық  терминдермен жұмыс)

Тотығу –

Тотықсыздану –

Тотықтырғыш –

 Тотықсыздандырғыш –

Баланс –

«Кім жылдам?»

 1. Тотығу дәрежесі +4 ке тең

     а) CO2      ә) K2O      б) HF        в) H2O

2. Қай қосылыста элементтің тотығу дәрежесі нольге тең ?

     а) FeS        ә) F2          б) CaF2      в) Ca3(PO4)2

3. Қосылыстардағы хлордың +7 тотығу дәрежесін анықта

     а) KClO3     ә) HClO4     б) HCl    в) Cl2       

  4. Қосылыстағы металл атомдарының тотығу дәрежесі

     а) үнемі оң                      б) бірде оң, бірде теріс

     ә) үнемі теріс                  в) нольге тең

5. Күкірттің төменгі тотығу дәрежесі неге тең?

    а) -6      ә) -4      б) -2        в) 0

«Кім алғыр»

№1 Мына қосылыстарды қай элементтің тотығу дәрежесі нольге тең және басқалары қандай тотығу дәрежесін көрсетеді ?

H2S, N2, HJ,H2, NaF, Cl2, CaF2

№2 K2Cr2O7  қосылысындағы хромның тотығу дәрежесін есептеп шығар.

“Кім  тапқыр!”

Төмендегі  теңдеуде  қандай  элемент топтарының тотығу  дәрежелері  өзгереді
KMno4+Na2SO3+KOH®K2MnO+Na2SO4+ H2O

      а)  Na, S        ә)   K, Mn            б)  Mn, S        в)    Na, K.

2. Тек тотықтырғыш болатын зат?

     a) NH3             ә) Br2                  б) KClO3           в) HNO3

3. Тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болады:

         a) SO2             ә) Na                   б) Fe               в) K2Cr2O7

4. Тек тотықсыздандырғыш болатын зат:

         a) H2S             ә) KMnO4          б) SO2                   в) HNO3

 5. Al+H2SO4 =Al2(SO4)3+H2↑ теңдеуіндегі тотықтырғыш алдындағы коэффициент:

         a) 2             ә) 3             б) 1          в) 6

Тапсырма:

а) Алюминийдің оттекпен;

б) Темірдің хлормен;

в) Литийдің күкіртпен тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін жазыңдар

Жауабы:

4Al0+3O2→2Al2+3O3-2

         Al- 3e →Al+3    4   тотығады тотықсыздандырғыш

      O20+4e →2O-2       3   тотықсызданады   тотықтырғыш

б) 2Fe0 +3Cl20 →2Fe+3Cl3-1

      Fe0 -3e →Fe+3        2  тотығады тотықсыздандырғыш

      Cl20 +2ē →2Cl-1      3  тотықсызданады   тотықтырғыш

в) 2Li0 +S0 →Li2+1S-2

       Li0 -1ē →Li+1         2  тотығады тотықсыздандырғыш

       S0+2e →S-2        1  тотықсызданады   тотықтырғыш

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма. Тотығу –тотықсыздану реакцияларының маңызы.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Азот оксидтері. Азот қышқылы. Нитраттар.
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері
d-элементтерге жалпы сипаттама. Мыс.
Натрий, қасиеттері, алынуы, қолданылуы
Хлордың табиғатта таралуы және қасиеттері
Азот қышқылы
Алғырлар, тапқырлар, білгірлер
Оксидтердің химиялық қасиеттері. Қолданылуы
шойын мен болат
Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері презентация
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 36841 | Қосты: Жадыра Нурмаганбетова Жаксылыковна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык