Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Коучинг және тәлімгерлік


Коучинг және тәлімгерлік

Коучинг және тәлімгерлік

 

Коучинг

 

Сабақ тақырыбы

«Коучинг және тәлімгерлік»

 

Жалпы мақсаты

Мұғалімдердің құзыреттілігін жетілдіру және өз әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал ету үшін коучинг және тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру.  Мұғалімдерді шығармашылықпен жұмыс істеуге тарту. Коучинг және тәлімгерлік туралы мағұлымат беру, коучингтің жүргізілуімен таныстыру.

Күтілетін нәтиже

  Коучтер мен мұғалімдер «коучинг үдерісі дегеніміз не?» екенін түсінеді және коучинг отырыстарын жоспарлай алады. Коучинг сессиясынан соң, мұғалімдер коучингті  өткізуді үйренеді.  Мұғалімдер жақсы тәлімгерлер қалай жұмыс істейтінін анықтай алады және тәлімгерлік арқылы әріптестерінің жұмыс әдістерін жетілдіруге қалай көмектесуге болатынын біледі.

Әдебиет

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

Коучтің  әрекеті/ уақыты

Мұғалімдердің  әрекеті

Ресурстар

І. Ұйымдасыту:

ТОПҚА БӨЛУ . « Капитан» ойынымен ұжым топқа бөлемін.

1 капитандарша амандасу 1 адам

2. юнга 2 адамнан бірігіп кезекшілік атқару

3. құтқарушы топ 3 адам

4. лодка 4 адам

5, одеб 5-6 адам

Мақсаты: Мұғалімдер ойын ережесін орындау барысында бөлініп, өз тобына жайғаса отырады  - 5 мин

 

1.Ағымдағы мәселені зерттеу – 15 мин.

1) Мұғалімдер коучинг кезінде алған мағлұматты пайдалана отырып «Коучинг дегеніміз не?» тапсырмасын орындайды

- топпен;  - ұжыммен.

 

2) «Чем отличается коучинг от наставничества»  бейнежазбасын көрсету. Бейнежазбаны  көріп болған соң,  мұғалімдер  «Бейне жазбадан не  түсіндіңіздер? Пікірі  – 10 МИН

3).Теориялық  мағлұмат

 

Мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекетті талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг пен тәлімгерліктің барлық түрлерін біріктіруші фактор болып табылады.

Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады, оның барысында тәлімгер объективті тыңдаушы және бағыттаушы болады. Тәлімгер тәлімгерлік үдерісіне өзінің тәжірибесін үлес етіп қоса отырып, сондай-ақ бірқатар міндеттерді орындайды:

  • тәлім алушыларға мүмкіндіктер мен проблемаларды қарауға мүмкіндік береді;
  • стратегиялық деңгейде өзінің ноу-хауымен алмасады;
  • тәлім алушыға шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі.

Тәлімгерлік пен коучинг бойынша модельдердің көпшілігі ұқсас алғышарттарға негізделген, атап айтқанда тәлім алушы тұлға тиімділікпен және шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілетті, ал тәлімгердің немесе коучтің түйінді рөлі – тәлім алушыларға өз мүмкіндіктерін пайдалануға көмектесу деген ұстанымға негізделген

 

Коучинг – оқудың нәтижелілік дәрежесін арттыру арқылы оны жетілдіруге мүмкіндік беретін үдеріс. Табысқа жету үшін тренерлер үдерісті білуге және түсінуге, сондай-ақ коучинг жүзеге асырылатын мәнмәтінге сәйкес келетін стильді, дағдылар мен әдістемелерді меңгеруі керек.

Коучинг – (ағылш.coaching) сөзбе-сөз  аудармасы – тәлім  ету, дайындау, жаттықтыру.

    Бұл - әрістестердің (коуч пен әріптесі)  құпия,  белсенді және  жасампаз  өзара  әрекеттестік  үдерісі.

Коучинг –

  • қарым-қатынас ұзақтығы алдын  ала  белгіленеді;
  • Әдетте, құрылымдық  сипатта  болады; кездесулер  алдын  ала  жоспарланады;
  • Кездесулер қысқа  мерзімді  және  дамудың нақты  бағыттарына/мәселелеріне  бағытталған;
  • Коучинг білім   алушыларға  нақты  дағдыны қалыптастыруға  бағытталған;
  • Басты  назарда  әдетте  кәсіби/өндірістік   мәселелерді  шешу;
  • Кеңес  беру  мақсаты  нақты, қысқа   мерзімді мақсаттарға  қол жеткізуге  бағытталған;
  •  

Коучинг дағдылары

 

Коучинг дамудың  белгілі бір  бағыттарын  қарауға,  нақты  мәселлерді шешуге  бағытталған;

 

 

Мұғалімдер теориялық білім  алады;

 

Тыңдалым – бұл ақыл ой үдерісі, яғни естігеніңді түсіне білу

Үстірт тыңдалым

Әңгіме барысындағы тыңдалым

Белсенді немесе мұқият тыңдалым

Терең тыңдалым

Сұрақтар – бұл коучингідегі  коммуникация-ның негізі нысаны

Ашық сұрақ     Жабық сұрақ Түсіндерме сұрақ Жетекшң сұрақ  Өткір сұрақ  Шектеулі немесе күмән келтіретін сұрақ                   Күшті әсер етуші сұрақ

Коучингідегі қарым-  қатынастың басқа дағдлары – сұрақтарға қосымша ретінде кестеде коучингідегі пайдалы қарым қатынастың басқа нысандары келтірілген

Қайталау /көрсету  қысқаша қорыту       қайта тұжырымдау           топтау                                  ұсыныс жасау

-интерактивтік тақта;

-толық теориялық мағлұмат;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

 

 

 

 

 

 

Коучингте мынадай құндылықтар өте маңызды:

  • Құпиялылық  -  Шынайылық   -Сенімділік
  • Ашықтық -Айқындылық    - Шындық
  • Адалдық  -Теңдік  -  Сынамау/Айыптамау
  • Қам жеу/Қамқорлық көрсету

 

                                                     Бағдарлап

 

 

                                          Коуч                  қамқоршы

 

         Ынталандыру                                                                   Тәрбие

 

                                  Үйлестіруші             кеңесші

 

                                                  Бағдарсыз

 

Коучинг – мұғалімдерді белгілі бір дағдыларға үйрету

Коучинг – итермелеу

Коучинг – 90 минут жоспарланатын үдеріс

 

КОУЧИНГТІ жүргізетін адам КОУЧ

Коучтер – тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістердің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар. Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесетін болады.

Мұғалім өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылары мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік алу мақсатында коуч мұғалімге көмек көрсетеді. Бұл ретте мұғалімдерге мақсат етілген нәтижеге қол жеткізу үшін тәжірибесі аздау әріптестерімен жүргізілетін жұмысты болжау және жүргізу мақсатында, ол жұмысқа арқау болатын тақырыпты алдын-ала анықтай алу қабілетін дамытуға  көмектесуге басты назар аударылмақ.

ТӘЛІМГЕРЛІК

Тәлімгерлік – тәжірибесі аздау мұғалімнің білімін, ойлауын, практикалық қызметінің тиімділігін жетілдіру қарқынын арттыру мақсатында тәжірибелі мұғалім мен тәжірибесі аздау мұғалім арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас орнату үдерісі болып табылады.

Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы екі адам арасында оқу қатынасын құруға негізделген және түйінді дағдыларды: белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге; соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді: сенімділік, ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға дайын

Тәлімгерлік аяқталған соң тәлімгер мен тәлім алушының арасында орнаған қарым-қатынас біліктілігі төмендеу мұғалімнің өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік алып, проблемалардың шешуін өзінше табуға көмектеседі, себебі тәлімгерлік түзету қағидатына емес, даму қағидатына негізделген

Тәлімгерлік-

  • ұзақ уақыт бойы жалғасуы мүмкін жүйелі қарым-қатынас;
  • тәлім алушы үшін қажеттігіне қарай кездесу ұйымдастыру арқылы бейресми сипатта болуы мүмкін;
  • кеңестер, ұсынымдар мен қолдау ұзақ уақыт және көпаспектілік негізде көрсетіледі;
  • тәлімгер, әдетте, - тәжірибесі көбірек білікті мұғалім, негізінен – білім беру ұйымындағы ең үлкені, ол білімін, тәжірибесін беріп, тәлім алушыға бұған дейін қолжетімсіз болып келген мүмкіндіктерге «есік аша» алады;
  • тәлім алушының қызметкер ретінде және тұлға ретінде өсуіне басты назар аударылады;
  • кеңес алу мақсатын тәлімгер тарапынан келісу және бағыттау арқылы тәлім алушы адам белгілейді;
  • - Тәлімгерлік тәлім алушылардың кәсіби дамуына бағытталған. 

 

Бейнежазбаны тамашалайды

 

 

 

 

«Тәлімгерлік (аутизммен ауыратын бастауыш сынып оқушылары)» бейнежазбасы

 

 

Коучинг пен тәлімгерліктің тиімділігін қамтамасыз ету үдерісі үш негізгі құрамды қамтуы тиіс:

  1. Мәнмәтін. Бірден пайдаланылуы үшін коучинг тәжірибесі мәнмәтінде болуы керек.
  2. Өзектілік. Ақпарат пен ұсынымдар мұғалім үшін де және олар өткізетін оқу сабақтары үшін барынша өзекті болуы керек.
  3. Жүйелі тәлімгерлік. Тәлімгер күнде қолдау көрсетіп отыруы керек; жақында алған дағдыларын бейімдеуде мұғалімдерді қолдау керек және олардың табысқа ұмтылуын қамтамасыз ету қажет.

 

Мектептегі коучинг пен тәлімгерлік негізгі жеті ұстанымға негізделеді:

  1. Коучинг пен тәлімгерлік мұғалімдердің дамуы мен жетілуіне көмек көрсетудің айтарлықтай тиімді тәсілі болып табылады.
  2. Құзырлы тәлімгер оқыту мен оқудағы тәжірибесінің сапасын арттыруға ықпал етеді.
  3. Кәсібилігін жетілдіру мақсатында коуч пен тәлімгерге тренинг қажет.
  4. Коучті жаттықтыру – тренерлердің басты міндеті.
  5. Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі болмашы қадамдар мен өзгерістер сыныптағы жағдайды айтарлықтай өзгертуге қабілетті.
  6. Оқыту мен оқу тәжірибесі үшін ұсынылатын жекелеген тәсілдер мен әдістер, бір қарағанда, болмашы болып көрінуі мүмкін, бірақ жүйе ішінде жағымды өзгерістерге ықпал ететін қуатты қозғалыс күші бола алады.
  7. Коучингті іске асырудың бір ғана дұрыс жолы жоқ.

25 МИН

 

 

Интерактивті тақта;

Бейне ролик

 

Мұғалімдермен сергіту сәті;

 

4) сергіту сәті «Музыкалық сергіту сәті» -5 мин

 

 

 

 

Құндылықтарды «итермелеу», «тарту» проблема бойынша орналыстыр

 

 

-Мәтін қиындылары;

-Интерактивтік тақта;

 

 

Мәтінмен жұмыс жасайды,  болжайды;

 

Бағдарлап

Әңгіме

Нұсқаулық

Кеңес беру

Кеңес ұсыну

Кері байланыс ұсыну

Ұсыныс енгізу

Қысқаша қорыту

Қайта тұжырымдау

Рефлексия

Түсінуге үйрену

Бағдарсыз

«Итермелеу» -  проблемаларды шешуге басқа біреудің  араласуы

«Тарту» - өз проблемаларын өзі шешеді

Тәлім алушының білімін ашатын сұрақтар қою керек

 

 

 

10мин

 

Топтық  жұмыс: «ӨРМЕКШІНІҢ ТОР»  әдісі  арқылы

1. Топ ішінде коучингтен не үйренгенін айту

2.Сұрақтарына жауап береді, сессияны  қорытындылайды.

10

Рефлексия

« Қол»

Бас бармақ –өте жақсы

Сұқ саусақ – назар аудару керек

Ортанғы саусақ – мүлде ұнған жоқ

Аты жоқ саусақ – психологиялық ахуал қалай болды

Шынашақ – не түсініксіз:

 

Мұғалімдер теориялық білім  алады;

 

 

Әр топ жұмыстарын қорғайды

 

- өз топтарын табады;

 

 

 

-Интерактивтік тақта;

-толық  теориялық  мәліметтің  электрондық  нұсқасы;

 

 

-постер;

- 4 түсті  маркерлер     (әр топқа)

 

 

 

         

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
КОУЧИНГ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК – МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІМДЕРІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ.
«Ақпараттық –коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» коучинг сабағы жайында рефлексивті есебі.
ІІ-деңгей сертификатталушы-коучер Жайықбаева Жібек Сырғабайқызының «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбындағы коучинг сабағының
кәсіби шыңдалу-ұстаз міндеті
Тәлімгерлік жоспары
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы
Тәлімгерлік ету жоспары
Мектепті дамыту жоспар
Сындарлы оқуды іске асыруда тарих пәні мұғалімдеріне кәсіби қолдау көр
Бөлім: Уроки / Коучинг | Көрсетілім: 18247 | Қосты: Смағұлова Айнур | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык