Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Математика |
Көрсетілім: 5075 |
|
|
|
Арифметикалық прогрессия
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың арифметикалық прогрессия және туралы білім-білік дағдыларын , теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып қайталау, тиянақтау.
2.Дамытушылық: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру,өз бетінше жұмыс істей білуге баулу, ойлау қабілеттерін жетілдіру, білімдерін тереңдету.
3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, зейінділікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ;
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауаптар, топпен жұмыс;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар;
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушы дайындықтарын және үй тапсырмаларын тексеру;
б) сабақтың мақсатын айту;
ІІ.Қайталау сұрақтары:
1. Арифметикалық прогрессияның анықтамасы;
2. Арифметикалық прогрессиясының жалпы n-ші мүшесінің формулаларын еске түсіру;
ІІІ. Жаттығу жұмыстары: а) « Ойлан тап»
№1
арифметикалық прогрессия берілген.
1-нұсқа а_3+а_7
2-нұсқа а_4+а_6
3-нұсқа а_2+а_8
№2 Тізбектің бірінші мүшесі 5-ке тең, ал келесі әрбір мүшесі алдыңғы мүшесінен 4-ке кем. Тізбектің алғашқы сегіз мұшесін жазыңдар.
№3 Әрбір жарты сағат өткен сайын соғатын сағаттың бір тәулікте неше рет соғатынын анықтау. (1-ші сағат тілі 0 сағат, 2-ші сағат тілі 0 сағат 30 минут, 3-ші сағат тілі 1 сағат 00 минут )
б) Тесттік тапсырмалар. «Кім алғыр»
1. Тізбектердің қайсысы өспелі тізбек?
А) 10; 9; 8; 7; 6; В) 13; 13, 13; 13; ... с) 20; 23; 26; 29; ...; D) 4; -8; 16; -32; ...
2. Егер a6=5 және d=1,5 болса, онда а1-ді табыңдар.
А) 5; В) 2; с) -2,5; D) 2,5
3. бірінші мүшесі 5-ке, айырымы -4 –ке тең арифметикалық прогрессияның бесінші мүшесін табыңдар
А) -20; В) -11; с) 11; D) 21
4. a_n=2^n+3 формуласымен берілген тізбектің жетінші мүшесін табыңдар.
А) 219; В) 131; с) 67; D) 17
5. 56; 46; 36; ... арифметикалық прогрессияның алғашқы алты мүшесінің қосындысын табыңдар.
А) 271; В) 218; с) 216; D) 217
В) Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей:
3; 7; 11; ...арифметикалық прогрессия берілген. Прогрессияның отызыншы мүшесін табыңдар
Бірінші мүшесі 130-ға, айырымы -3 –ке тең. Прогрессияның төртінші және он бесінші мүшесін анықтаңдар.
Бірінші мүшесі 7-ге, он алтыншы мүшесі 67-ге тең арифметикалық прогрессияның айырымын табыңдар.
ІІ деңгей:
Сегізінші мүшесі -0,5-ке, оныншы мүшесі -3,5. Прогрессияның үшінші мүшесін табыңдар?
37 саны -44; -41; -38; ... арифметикалық прогрессияның мүшесі бола ма?
a_n=(-1)^n/(9n-10) формуласы берілген. Бірінші,екінші, үшінші мүшелерін анықтаңдар?
ІІІ деңгей:
Прогрессияның бңрңншң және екінші мүшелерінің қосындысы 12-ге , ал олардың көбейтіндісі 20-ға тең. Арифметикалық прогрессияның айырымын табыңдар?
1-ден 1000-ға дейінгі натурал сандардың қосындысын табыңдар
a_n=7+2nформуласымен арифметикалық прогрессия берілген.
S50-ді табыңдар?
IV. Сабақты қорыту.
V. Оқушылар білімін бағалау.
VІ. Үйге тапсырма
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |