Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы


Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің формуласы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: жаңа сабақты түсіндіру арқылы оқушыларды арифметикалық прогрессия, оның n-ші мүшесін табу, айырымын табу формулаларымен таныстыру.
Дамытушылығы: тақырып бойынша алған білімдерін есептер шығаруда тиімді пайдалануға үйрете отырып, есеп шығару дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: адамгершілікке, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: психологиямен, өмірмен және әдебиет пәнімен.
Көрнекілігі: мультимедиялық тақта, кеспе қағаздар.

Сабақ барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сынып тазалығы мен оқушылардың оқу құралдарына назар аудару).

2) Үй тапсырмасын тексеру: оқулық бойынша: №160,163,12.2 (ауызша).

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол» жолдауына тоқталып өту.

3) Үй тапсырмасын қорытындылау.
Сұрақтар: 1. Сандар тізбегі дегеніміз не?
2. Тізбектің мүшелері дегеніміз не?
3. Тізбектің неше түрі бар?
4. Тізбектің түрлерін ата.
5. Баяндау тәсілі дегеніміз не?
6. Аналитикалық тәсіл дегеніміз не?
7. Рекуренттік тәсіл дегеніміз не?
8. Графиктік тәсіл дегеніміз не?
9. 1; 4; 9;16;... тізбегінің жалпы мүшесінің формуласы қандай?
10. 3;3;3;... тізбегінің түрін ата.
11. -5;-7;-9;... тізбегінің келесі мүшесін ата.

Жасырылған сөз «Темперамент». Сабақтың осы сөзбен байланыстырылатынын айтып өту.

4) Жаңа сабаққа көшу: Арифметикалыкалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.

Анықтама. Екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне қандай да бір тұрақты санды қосқанда шығатын сандар тізбегін арифметикалық прогрессия деп атаймыз. Қосылатын тұрақты сан кез келген көршілес екі мүшенің айырымының мәніне тең екенін байқауға болады. Бұл санды арифметикалық прогрессияның айырымы деп атап, d әрпімен белгілейді.


Арифметикалық прогрессияның әрбір мүшесін оның бірінші мүшесі және айырымы арқылы өрнектеуге болады.




Мысалы:
1)Арифметикалық прогрессияның екінші және сегізінші мүшелерінің қосындысы 10-ға тең, ал үшінші және он төртінші мүшелерінің қосындысы 31-ге тең. Бірінші мүшесін және айырмасын тап.

Бер: - ариф. прог.


Т/к: ,
Ш: (2)-(1)



Ж: ,

2)Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 1-ге, айырымы 5-ке тең. Жиырмасыншы мүшесін тап.
Бер: - ариф. прог.


Т/к:
Ш:


Ж:

Есептер шығармас бұрын психологпен алдын ала жүргізілген тест қорытындысы бойынша оқушылардың темпераменттің қай типіне жататыны айтылып өтіледі және берілген тапсырмаларға оқушылар темпераментіне қарай тақтаға шығып орындайды. Тапсырманы аяқтағанда болашақта таңдаған мамандықтарының өз жан дүниесіне лайық па, жоқ па біледі.

Холерик Флегматик
Сангвиник Меланхолик

• Холериктер – шапшаң, белсенді, тез қозғалғыш болып келетіндіктен алғашқы тапсырманы жылдам, әрі тез орындау үшін осы типтегі оқушылар орындайды.
№166.

• Флегматиктер - баяу, байсалды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізе алады.
№165. 3;7;11;... арифметикалық прогрессияның а) алтыншы, ә)отызыншы мүшесін табыңдар.
Бер: - ариф. прог.

Т/к:
Ш:



Ж:

№168.

• Сангвиник - ақкөңіл, ренжігенде тез қайтатын, сонымен қатар қабілетті болып келеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, қысылып қымтырылмайды, тез тіл табыса біледі.
№172.

Сергіту сәті.

• Меланхолик - сезімтал, іс-әрекеттерді жақсы орындай алатын, реніштерін іште сақтайтын тұйық жандар.
№173, №174.

Тест есептері:
№19н-21(2014ж.)
Арифметикалық прогрессияның бірінші мен төртінші мүшелерінің қосындысы 14-ке тең, ал оның екінші мүшесі бесінші мүшесінен 6-ға кем. Үшінші мен бесінші мүшелерінің қосындысын табыңыз.
a)19
в)20
с)21
d)22
e)23
№20н-21(2014ж.)
Өспелі арифметикалық прогрессияда алғашқы сегіз мүшелерінің қосындысы 88-ге, ал үшінші және бесінші мүшелерінің қосындысы 18-ге тең. Прогрессияның жетінші мүшесін табыңыз.
a)18
в)30
с)27
d)24
e)21

Қосымша есептер:
1) Тізбек сn =2n2 -5n+1 формуласымен берілген мына сан осы тізбекке жата ма? а)-2, б)26
2) Арифметикалық прогрессияның екінші мүшесі 2-ге, төртінші мүшесі 6-ға тең болса, алтыншы мүшесін тап.
3) а8 –а5 =-21,3 болатын арифметикалық прогрессияның айырмасын тап.

5) Сабақты қорытындылау: биылғы 2014 жылдың даталы күндеріне шолу жасап өтіп, сабақты қорытындылау.

6) Үйге тапсырма: №178,179(а)
7) Бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы.
Арифметикалық және геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы
Үшбұрыштарды шешу
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар тақырыбын қайталау
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессиялар
Арифметикалық прогрессия тақырыбына есептер шығару.
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессия
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 7135 | Қосты: Қосаева Айгүл Абдулқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык