Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шаршы. Есепті әртүрлі тәсілмен шығару


Шаршы. Есепті әртүрлі тәсілмен шығару

Сабақтың тақырыбы: Шаршы. Есепті әртүрлі тәсілмен шығару

Сабақтың мақсаты: шаршы салу тәсілмен оқушыларды таныстыру, оның периметрін табуға үйрету, оқушылардың алған білімдерін және есептеу дағдыларын тексеру,есепті әртүрлі тәсілмен шығаруға машықтандыру.
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге дағдыландыру, ой-өрісін дамыту, өз беттерімен жұмыс жасау дағдыланрын арттыру.
Ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, талдау, , ойын.
Көрнекілігі: геометриялық фигуралар,слайд.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
«Шаттық шеңбері» Балалар бір-біріне гүлді жалғастыру арқылы жақсы тілектер айтады.
Ой қозғау.
- 1 аптада неше күн бар?
- 1 жылда неше ай бар? 
- Неше жыл мезгілі бар? Ендеше біз бүгінгі сабағымызда жыл мезгілдеріне саяхатқа шығамыз.
1. Жаз мезгілі.
Жаз мезгілінде үш ай бар. Ыстық, демалыс, суға шомылу сияқты қызықтың бәрі осында. Біздер қазір үлкен «Білім» кемесімен ашық теңізде кетіп барамыз. Тоқтар жеріміз «Қызықты математика» сиқырлы әлемі.
ІІ. Үй жұмысы 
а) 73-бет, 6-мысал ауызша тексеріледі.
ә) «Гүлдер» тапсырмасы
12-6-6                12-4-8           12-9-3        12-7-5
б) «Кім жылдам?» ойыны 
14-6+7-5-6                     13-8+6+10-20               15-7+5-1-7
-Бұл ойында қандай фигуралар бар?
Тік төртбұрыштың қасиетін сұрау.
2. Күз мезгілі
Графикалық диктант
Дәптердің шетінен бастап 6 торкөз оңға, 6 торкөз төмен, 6 торкөз солға және 6 торкһз жоғары сыз. Бастапқы нүктемен қосылды ма?
Суретпен жқмыс
а) Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрышты тап Олар қандай сандармен белгіленген? Элементтерін атау.
Шаршының қасиетін атау, периметрін тапқызу.
«Бірігіп көтерген жүк жеңіл» Тақтамен жұмыс
№2 Есеп                                                           №3
Қыз-20                                                                   Түптеу к.-48 к.
Ұл-10                           ?                                        Түптелді – 20 және 10 к.
Келді -4                                                                  Қалды - ?
(20+10)+4                                                               48- (20+10)
(20+4)+10                                                                (48 – 20) -10
(10+4)+20                                                                (48-10)-20
Ж/ы: 34 оқушы                                                    Ж/ы: 18 кітап қалды
ІІІ. Қыс мезгілі 
Сергіту сәті
Бейнеролик.
«Қар лақтыру»
4-мысал
Қосындыларды салыстыр.Олардың мәндерін тап.
«Сыр сандық»
5-мысал
9+4=13                    13 -4=9
ІҮ. Көктем мезгілі
1. Сыналар сәт. Логикалық есеп.
а) 8 жұмыртқа 4 минутта піседі. 16 жұмыртқа неше минутта піседі?
ә) 3 аю қыста 3 ай ұйықтайды. Әр аю қанша уақыт ұйықтайды?
б) 2 стакан судың 1 стаканын  тәрелкеге құйсам, қай ыдыстағы су көп болады?
2. Ашық тест
- Шаршы дегеніміз не?
- Шаршының  неше бұрышы, неше төбесі, неше қабырғасы бар?
- Шаршының бұрыштары қандай?
-Қабырғасының ұзындығы 4 см-ге тең шаршының периметрін есепте.
Үйге тапсырма. № 7  61 – бет.             
Бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Дарабоз" танымдық сайысы
Өткенді қайталау
Геометриялық фигуралар. Көпбұрыштардың периметрі .
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдері. Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдері.
Шаршы
Тік төртбұрыштың ауданын табу
Қосындыны санға әр түрлі тәсілмен бөлу
9 санын қосу және азайту
Шаршы. Есепті әр түрлі тәсілмен шығару
Шаршы (квадрат)
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 6384 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык