Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Болашақ қуаты


Болашақ қуаты

                                 Болашақ қуаты                                            

Анкета Школа: им. Жалау Мынбаева Фамилия, имя, очество: Куанбекова Шугыла Ивановна  Преподаватель казахского языка: Толеуова Анар Домашный адрес, телефон: Мангистауская обл., Тупкараганский район, пос. Баутино, ул. Оразбаева №51 дом дом. тел:872938   24-4-21

Болашақ қуаты                                                                                                                                                 

       «Қазақстан жаңа ғасырға аяқ басты, ол энергия үнемдеу ғасыры».                                                                                                                                      Н.Ә. Назарбаев                  Жер бетінде алғашқы адамдар пайда болып, тіршілік қалыптаса бастаған кезден бері, міне, қанша заман өтті. Содан бері жер бетінде мыңдаған қырғандар мен соғыстар болып өтті. Әр халық ел болып қалыптасу үдерісінде көптеген қиыншылықты бастан кешті. Соңғы рет бүкіл төрткүл дүниежүзін елең еткізген сонау 1939 – 1945 жылдарғы      ІІ дүниежүзілік соғыс болатын. Соғыстан кейін әлем халықтары ес жиып өткенін саралап, ертеңін ойлай бастады. Осы кезеңде мемлекеттер шикізат көздерін өндіріп, ядролық сынақтар жүргізді. Адамзат баласы қолдағыны сарқылмастай көріп, аяусыз шашты. Келешекте не боларып болжамай, алдыңғы қатарда көрінуді көздеді. Қазіргі кезде осыған байланысты үлкен қауіп төніп отыр. Ол – энергия көзінің тапшылығы.                             Жұмыр жерді мекендейтін жеті миллиардтай  халықтың электр қуа­тынсыз күні қараң. Ақыл-ойдың арқасында таби­ғат­тың да, тіршілік атаулының да қожасына ай­нал­ған адамзат атаулының өмір өзегі энергияға тәуелді. Күн­де­лікті өмірде қазіргі заманғы технология жетістіктерін тұтынуға барынша машықтанған өркениет пен­де­лерінің күннен-күнге өсіп бара жатқан сұранысын қанағат­тан­дыруға енді Табиғат-Ана да тарлық ете бастаған секілді. Жаһанды энергетикалық тапш­ы­лық қаупі буып барады. Осыны анық сезінген саналы өркениет өкілдері ал­ғаш рет «Энерге­ти­ка­лық қауіпсіздік»  атты әлемдік проблеманы күн тәр­тібіне мақсатты түрде қойып отыр.                                                                 Төніп тұрған қауіп негізсіз емес. Бүгінгі күн­ге дейінгі барлық зерттелген болжамдар бойынша Жер-Ана қойнауында екі триллион баррель мұнай қоры бар. Алғашқы триллион баррель сарқылып бітті. Адамзат енді соңғы, екінші трил­лион­ға ауыз сала бастады. Соған қарамастан әлемде электр энергиясын тұтыну көлемі барған сайын артып барады. Халықаралық энер­гетикалық агенттіктің болжамы бойынша, 2015 жылы электр энергиясын тұтыну көлемі қазіргіден 1,55 есе артады. Алдағы 30 жылда әлемдік электр энергиясын тұ­тыну мөлшерін қамтамасыз ету үшін 16 триллион доллар қаржы көзі  қажет. Ақиқатында адамзат дәл қа­зір жаһандық энергетикалық апат алдында тұр.                           Жаһанға қатысты жа­н­ай­қайымызды жұмыр жердегі жалпы жұртқа жеткізе алмаспыз. «Егер біреуге бір нәрсеге үйреткің келсе, онда әуелі өзіңді түзе»  деген екен бұрын бір данышпан. Сондықтан осы ұстаныммен Қазақ­стан­ның энергетикалық ахуалына кө­шейік. Елімізде де таяу жылдарда электр қуатының тапшы­лығы үлкен проблемаға айналатын­ды­ғы жасырын емес. «КЕГОК» ұлт­тық компаниясының болжамы бойынша, 2020 жылға таман елдегі энергия тұтыну көлемі 2 есеге дейін артады. Ел эконо­ми­ка­сының бүгінгі қарқынды даму жағдайында электр энергиясына деген сұраныс күннен-күнге өршуде. Бүгіннің өзінде электр энергиясының өндіру көлемі оны тұты­ну мөлшерінен әлде­қай­да төмен. Мәселен, 2011 жыл­­дың қоры­тын­дысы бойынша, елімізде тұ­тастай алғанда 86,2 млрд. кВт/сағ. Электр энергиясы өндірілсе, жыл ішіндегі оны тұтыну көлемі 88,1 млрд. кВт/сағ. құраған. Әри­не, бұл 2010 жылмен салыс­тыр­ғанда тиісінше 104,7 және 105,4 пайызға артық. Елімізде өндірілген электр қуа­ты оны тұтыну мөлшерінен тапшы бола тұра, электр стан­ция­ларының және тарату желі­лері­нің ескіруіне байланысты ысырап болатын шығын көлемі де көп. Кезінде Қазақстанда қуаты 110 кВт болатын ұзындығы 370 мың шақырымға созылған электр қуатын тарату желісі салынған болатын. Бүгінде бұл тарату желілері өзінің нормативтік қызмет мерзімін толық өтеп, моральдық тұрғыдан әбден көнерді.                                                                                                                                            Дана халқымыздың «ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде» деп айтқанындай, қазіргі таңда еліміз жаңа кезеңге аяқ басып, адамзат атаулының тіршілік көзі саналатын электр қуатын үнемдеуге көшті. Осының аясында мемлекетіміздің энергетика сала­сын­дағы кешенді мәселелерді шешуі тек пайдаланыстағы активтерді  қалпына келтіріп, көмірсутегі шикізатына тәуелді жаңа энергетикалық қуаттарды ашып қана қоймай, еліміздің энергетикалық балансын баламалы қуат көздерімен толық­ты­руға да тікелей байланысты. Қа­зақ­стан­ның географиялық қо­ныс­тану аймағы жел, күн және су энергиясын молынан пай­да­ла­нуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге геотер­маль­­дық энергия көздері де жетерлік. Дүние жүзінде энергети­ка­лық қуат көздерінің балама түр­лерін пайдалануға деген бет­бұ­рыс әлдеқашан басталған. Ға­лым­дардың болжамы бойынша, ХХІ ғасырдың ортасына таман жаһандық энергетикалық ба­ланс­тағы баламалы қуат көз­дері­нің үлесі 30 пайызға дейін жетпек. Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың тікелей бастамасымен іс жү­зі­не асырыла бастаған үде­ме­лі ин­дустриялық-инновациялық даму бағ­дарламасында бұл кө­кей­кес­ті мә­­селеге ерекше маңыз берілді. Сондай-ақ, төрткүл дүниенің ынты­мақ­тас­­тық орталығына айналған Ас­тана қаласы болашақта халық­ара­лық ЕХРО-2017 мамандан­ды­рыл­ған көрмесін өткізу мәрте­бесін жеңіп алу жолында бәсекеге түскен болатын. Осы орайда ел Үкіметінің тапсырмасымен ЕХРО-2017 көр­месінің тақыры­бы­на «Болашақ энергиясы» атты мәселені шы­ғару жө­нін­де арнайы жұмыс тобы құрылып, қызметке кіріскен-ді. Жұмыс тобының бірқатар отырыстары өткізіліп, ЕХРО-2017 халықаралық көрме­сін Астана қа­ла­сында өткізу құ­қы­ғын жеңіп алу жолында шаралар кешені бекітілді. Міне, күні кеше 22 қараша күні 108 мемлекеттің құпия дауыс беру ақрылы өткен тартыста Қазақстанның «Болашақ энергиясы» атты бастамасын 103 мемлекет қолдап, дауыс берді. Әлемде 200-ден аса мемлекет болса, сол мемлекеттердің жартысының қолдауына ие болу зор мәртебе. Ал бұл Қазақстанның ізгі бастамасы игі қолдауға ие болды деген сөз.                      Болашақта Қазақстанда электр энергиясының жеткіліксіз бо­ла­тын­дығына байланысты еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін жә­не Қазақстанның біріккен энер­ге­тикалық жүйесінің сенімді жұ­мы­сын қамтамасыз ету үшін Үкі­мет 2007 жылы «Қазақстан Республикасында 2007-2015 жылдарда электр энегетикасы саласын дамыту жөніндегі шаралар жоспары» бағдарламасын қа­был­дап, ауқымды инновациялық жобалар белгіледі.         Жоғарыда айтылғандардан бөлек, энергия үнемдеуде елеулі істер атқарған «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы. Негізі уран өндірумен айналысатын бұл мекеме әлемді елең еткізіп отырған электр қуаты тапшылығын болдырмау жолында еңбектеніп жүр. Биыл 2012 жыл «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы үшін үлкен мереке. 1997 жылдың 14 шілдесінде Президент Н.Назарбаевтың Жарғысымен құрылған болатын. Міне, содан бері өткен 15 жыл – қол жеткен жетістіктер, жинақталған тәжірибе және асқақтаған абырой-бедел болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкiндiк беретін  салиқалы мерзім. Қуаныштысы сол, «Қаз­атомөнеркәсiп» осы мерзім ішінде әлемдiк аты бар әлеуеттi компанияға айналды. Лайым осы райдан таймай             «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы жаңа белестерден көріне бергей!                                                                           Осы орайда атақты Сервантестің мына сөзі есіме түсіп отыр: « Егер ауру оны қабылдаудан бас тартса, ең жақсы дәрі де оған көмектесе алмайды». «Ештен кеш жақсы» дейді, дегенмен де, тым кеш болмай тұрғанда келешекті ойлалық.                                                                                                                        

                                                                       Қуанбекова Шұғыла                                                                                                                                 Маңғыстау облысы                                                                                                                       Түпқараған ауданы                                                                                                                       Жалау Мыңбаев мектеп-гимназиясы                                                                                          10-сынып оқушысы     

        


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Токтың жұмысы мен қуаты Джоуль- Ленц заңы.
Болашақ қуаты (шығарма)
Отын энергетикалық кешен. Кешеннің ерекшелігі мен маңызы. Мұнай және газ өнеркәсібі
Көмір өнеркәсібі Электр қуаты
Физика және Қазақстан энергетикасы
Пәтердегі сантехникалық жұмыстарды жүргізу технологиясы
ЭХРО-2017 көрмесі, елдіктің ерен жеңісі
Электр тогы
«Энергиямен қамту көздері»
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль -Ленц заңы
Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 2257 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык