Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өзіме сын.


Өзіме сын.

    Өзіме сын.

Үлкен белес, үлкен асу, үлкен жол.

Әр адамда қиындық бар бекем бол.

Бақыт барда, қиындық бар  сынақта,

Берілме сен  ешқашанда бірақта.

******************

Таудай шіркін ата-анамның үміті,

Жүремін,ақтаймын -деп сол зор үмітті.

Жарқын  болар болашағым  сенемін,

Өлең-жырым болар маған таудай  сын.

  2.   Жігер

Өмір деген тоқтамайтын жарыста,

Әрбір бала тырысады намысқа.

Барыңды сал,арыңды сал аянба,

Жеңем десең, жетем десең табысқа.

******************

Жігер  беріп, жетелейтін бір өзің.

«Мен жастарға сенемін» деген бір сөзің.

Әрдайым қайрат беріп, бағыттайтын.

Рухың шығар , осы бізді қолдайтын.

****

3. Мен қазақтың қызымын.

 

Мен қазақтың қызымын, еркесімін.

Арманы асқақ далада өскен қырмызымын.

Салт-дәстүрін бұрынғы жалғастырар ,

Ар – намысы ұлтымның , нұр жүзімін.

******************

Кең пейілді қазақтың бір қызымын.

Көңіліне қарайтын сан кісінің.

Ата сөзін жоқтатпай ардақтайтын,

Арлы ұлдардың аялу құрбысымын.

******************

Қазақ деген халықтың бір қызымын.

Шолпандайын таңдағы жұлдызымын.

Өлең-жырды жанына жолдас еткен,

Ұлы Мағжан ағамның нұрлы ізімін.

******************

4.Қазағым.

Қара қазақ мал бағып, қонақ күткен,

Осылай өзгерерін кім білген?

Бір кездегі ескі салтын,ескі заңын

Танымастай өзгертерін кім көрген

******************

Танымайды қазір қазақ бірін -бірі ,

Туысқандар,жақындар жаулар енді...

Заман дейді өзгерген,заман дейді...

Заман емес, олар  әлі  білмейді.

******************

Пенде біздер мына елді өзгерткен ,

Өзіміз ғой тілімізді сорлы еткен .

Екі қазақ бір бірімен орыс тілде сөйлейді,

Қадірін ана тілдің таптап жүргенін білмейді.

******************

Қазір қыздар ұзын көйлек ұмытты ,

Бұрымдарын шолақтатып  қиыпты .

Қара көзі мөлдіреген  көп  әпке ,

Кірпігіне қара сия төгіпті .

******************

Танып-біліп өз еліңде  әліппеңді ,

Кейін іздеп шетелден біліміңді,

Бастайықшы, қазірден болашақты ,

Жүрмейікші Отан деп  басқа жақты .

******************

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өз елімнің өркендеуі үшін не істер едім?
Салтым – асыл қазынам!
Болашаққа жол ашар Ол-сүйікті Әліппе!
Ұлы ақынға
Менің Отаным – Қазақстан
Хат
Сүйкімді арулар
Қош бол, құтты Әліппе!
Мұқағали Мақатаевқа
Алаштың арлы ұлы еді
Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 1509 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык