Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2775 |
|
|
|
Сүйкімді арулар
Сүйкімді арулар
Аяулы аналар, апайлар, Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!
Көктемнің шуақты күндеріндей, сан-алуан гүлдеріндей
құлпырып жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық,
көңілдеріңізден, қуаныш арылмасын. Бүгін сіздерді мектепке
дейінгі шағын орталықтың қыздар арасындағы
«Сүйкімді арулар»
атты сайысты тамашалауға қош келдіңіздер.
Сайыс бағдарламасы бес бөлімнен тұрады:
1 Таныстыру
2 Қол өнері ( үйден дайындап келген қол өнері)
3 Өз өнері ( ән, би, тақпақ )
4 Ас адамның арқауы ( тағам үлгілері)
5 Сән үлгісі ( сән киім үлгісін көрсету)
Әділ қазылармен таныстыру:
І- кезең
Мың бұралған арулар аңдып басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған халқым менің
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Ортаға аруларымызды шақырамыз. Арулар сайысқа түсуге дайынсыздарма?
Кішкене арулар келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен, ізетпен танысуға.
Айшабибі: Армысыздар, мұғалімдер, оқушылар
Аруға лайық бүгін қызды сынар
Мен өзім сынға түсіп сұлулармен
Үмітім жеңіп шығу, сізге ұнар
Атым Нуржайна руым
Өнеріммен жауап берем дәстүрге сай
Шамамның келгенінше ат салысам
Өнеріме лайықты бағам болғай.
Медина: Бір үйдің кішкентай қызығы
Раушан гүлдің үзігі
Радик деген әкемнің
Медина деген қызымын
Дөңгеленіп билеймін
Шырқап әнді саламын
Әкем мен анамды
Таңдай тұған баламын.
Алуа: Бүр жарған бүршігіндей лала гүлдің
Жастайымнан жалындап жана білдім
Өнерменен білімге жаны құштар
Алмасбекқызы Алуа мен боламын
Құрбыммен бұл сайыста тең боламын
Бүгінгі арулар сайысынада
Деп ойлаймын жеңімпаз мен боламын
Асемгул: Қазақтың мен қызымын қара көзді
Айтатын жүрегіммен жалын сөзді
Алдында барша жұрттың тізе бүгіп
Беремін баршаңызға сәлемімді!
Әке- шешем мақтаған
Атым менің Асемгул
Тақпағым бар жаттаған
Осы күнге сақтаған
Жарыс десе жайнаймын,
Намысымды қайраймын
Тоты құстай құлпырып
Сандуғаштай сайраймын
Ән де айтамын, би де билей аламын,
Өзім жап жас болсамда,
Таудай үлкен талабым
Өнерімді көріңіздер
Көріп баға беріңіздер.
Данагул Армысыздар жиналған топ халайық
Алдыменен амандасып алайық
Мен боламын Данагул Жігерқызы
Сайысқа бар күшімді салайым
Қолымды көкке созған көктегі аймын
Қарсыласпен сайысуға сайма саймын
Мың бұралып билеймін Шарадайын
Жайықтың бір қызымын қарапайым.
Гүлхан: Армысыздар апайлар
Асыл жандар аналар
Бал бұл жанған жүздері
Балақайлар балалар
Әкесінің еркесі
Анасының көкесі
Бақ сынайтын сайыста
Алдарыңызда Гүлхан Серікқызы
Құтты болсын мереке
Лайым болсын береке
Шашу шашып өнермен
Шаттық сыйлайм көңілге
Сайыс бізге қызық
Болмаймыз біз бұзық
Аналарды қуанту
Біздерге зор ырзық
Қарақат: Сұрасаңыз атымды,
Қарақат сұлу мен болам
Толған айдай толықсып
Білім менен ақылды
Үш жүздің ішіндегі кіші жүзбін
Қазақтың ең аруы, сұлуымын!
Отбасының тұнғышымын
Халқымның сенім артқан үмітімін.
Назерке: Алғаш аштым мектеп есігін
Азаматқызы Назерке менің есімім
Туып өстім Атырауда
Алтын ұя бесігім
Көп айтып өз жайымды не қылайын
Өнерменен одан да таң қылайын
Кішіге үлгі үлкенге өнеге боп
Сахынаның төрінде сән құрайын
Асылай: Атым Асылай болады сұрасаңыз
Ысық екен кешегі бір атамыз
Әкем аты Бекежан асқар тауым
Пана болып біздерге жіз жасаңыз
Анашым Құралай
Жүзінен төгілетін күннің нұры
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі
Ұстазым Гулшара апай аяулы адам
Біздерден бар білгенін аямаған
Осындай ұстаздардың арқасында
Көпшіліктің көңілі тояр маған
Дария: Мен Бағытжан қызы Дария
Бір үйдің кішкентай гүлімін
Атамның аты Хабыштай
Әжем аты Зиба
Олар ұстаздың ұстазы
Әкем аты Бағытжан
Анамның аты Гулнар
Ал, руымды сұрасаң
Қосайдың Бегейі
Таудай менің талабым
Арайнұр: Туым – таз, мен – қазақ,
Аманғали немересі
Ән айтамын, би билеймін
Апайдың берген өнегесі
Алғаш аштым мектеп есігін
Әміржан Арайнұр менің есімім
Туған жерім Атырау
Алтын ұя бесігім
Келесі сайысқа қыздарымыз дайын болғанша кезекті ұлдарға береміз
Алтынбек: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
Мұхтасар: Құшағына кіргенде
Жылынамын бір демде
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күнненде
Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен
ән: « Ақ мамам».
1 Ел жатқанда жатпаған
Мендеп тыным таппаған
Бақыт үшін баланың
Аман сау жүр ақ мамам
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейрімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен
Өзің маған мият күн
Сендеп таңым жие атты
Ақ мамамның айқайы
Айналайын сияқты
Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
«Шеше көрсе тон пішер» деген рас
ІІ кезең Қол өнерлерімен таныстыру:
Ислам: Баланыңда тірегі
Дананыңда тірегі
Шаншымасын еш қашан
Аналардың жүрегі
Али : Жамандықтан сақтандырып
Жақсы ісімді мақтан қылып
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып
Қамбар: Көктем көктем көктемде
Құстар келіп жеткенде
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз
Мұрат: Балалар-ау, балалар
Шақырады далалар
Көктем келді гүл алып
Құстар келді жыр алып
ІІІ-кезең Өнердің нәр береді шапағаты
Әркімнің өнерге бар махабаты
Талпынып біреулерің шығыңдаршы
Халайық қошеметпен қол соғады.
Енді аруларымыз өз өнерлерін ортаға салады
Абылай: Мейрімді сымбатты
Қадірменді қымбатты
Ең жақын жан балаға
Кім десеңдер ол Ана!
Аслан: Өскенде мен енді
Аралаймын әлемді
Сыйлық әкеп әжеме
Таң қалдырам бар елді
Өте жақсы көремін
Өйткені мен әжемді
Бауыржан: Әжемді мейрамымен құттықтаймын
Айтатын ән беретін гүлім дайын
Әжетай сені жақсы көреміндеп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Ән. « Ақ әжем».
Менің әжем ақ әжем
Ұлмен қыздың бағы әжем
Ертегі айтып бер десем
Айтып берер тағы әжем
Әжем менің ақ әжем
Шуағы мол нұр әжем
Ақ таяққа сүйеніп
Аман есен жүр әжем
АбдрахманС: Теңдесі жоқ данасың
Арқа тұтар панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
І V-кезең: Шай құяды сызылып, сүтін қатып,
Ас адамның арқауы ішсең татып,
Арулардың қолынан дәм дайындап
Қалыңыздар ерекше сырға батып
Қыздарымыз өздері дайындаған тағамдарына ат қойып,
неден дайындалғанын айтып беру.
Абдрахман Ж: Ана дейміз бірімізде аңқылдап
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазақ алтын бақ
Сержан: Алтын анам ол менің
Мені жақсы көреді
Үйретеді өлеңін
Ертегі айтып береді.
V- кезең: Сән үлгісі
Қыздарға әсемді жарасады
Талғамы таң нұрымен таласады
Қыпша бел, сұңғақ бойлы қара көзге
Жан біткен таңдай қағып қарасады.
Қыздар « Киім сән үлгісін көрсетеді».
Ықылас: Анамызды құшақтап
Мейрамымен Құттықтап
Қуанышқа бөлейміз
Өздеріміз жасаған
Сый сауқатты береміз.
Ортаға шығып қыздар балалармен вальс бейлеу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |